Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау



бет61/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау

(140 б.)
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу, мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы ҚР ҚК-нің 140-бабында көзделген қылмыс құрамын құрайды.
Балаларына қамқор болу және оларды тәрбиелеу ата-аналарының конституциялық құқығы және міндеті болып табылады. Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі бала тәрбиелеушi ата-аналарды және бала тәрбиесі жүктелген өзге де адамдарды баланың дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету жауаптылығын жүктейді.
Сонымен қатар, заңнамада бекітілгендей, ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы болып табылмайды. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс. ҚР ҚК-нің 140-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігі берілген баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттерді жасау баланың денсаулығының нашарлауына, оның қалыпты психикалық дамуының және оның тұлға ретінде қалыптасуының бұзылуына әкеп соқтыруынан көрініс табады.
Қылмыстық теріс қылықтың объектісі  кәмелетке толмаған баланың дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекетпен бекітілген қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық теріс қылықтың объективтік жағы әрекет арқылы да, сондай-ақ әрекетсіздікпен де көрініс табады және кәмелетке толмаған адамды тәрбилеу бойынша міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу, мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің орындамауы немесе талапқа сай орындамауы арқылы жүзеге асады.
Осы айтылғандардың салдарынан кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соғуы қылмыстық теріс қылықтың құрамын құрайды.
Міндеттерін орындамау тек екі белгінің болуының барысында ғана орын алуы мүмкін: объективтік – тұлға әрекет етуге міндетті; субъективтік – тұлға әрекет ете алатын еді. Балаға тәрбие беруге ең алдымен ата-анасы (олардың қатарында асырап алған ата-аналары да) міндетті, олар болмаған жағдайда немесе олар өз міндеттерін орындауға қабілетсіз болғанда (субъективтік белгі) өзге туысқандары, қамқоршылары, қорғаншылары жүзеге асыруы тиіс.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оларды бақылау бойынша міндеттер педагогтарға немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу, мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекемелердің жұмыскерлеріне жүктеледі.
1959 БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Бала құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады, ол өз кезегінде 1989 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтарын қорғайтын басты құжат – Бала құқықтары бойынша конвенцияның қабылдануына құқықтық база табылды. 1984 ж. Бейжің (Пекин) қаласында өткен БҰҰ 11 конгрессі негізгі нормалар – Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігін жүзеге асыру ережелерінің минималды стандарттарын қабылдады.
2011 ж. 26 желтоқсанда қабылданған ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 68-74 бб., бала тәрбиесіне қатысты ата-аналардың құқықтарын және міндеттерін бекіткен. Осы аталған ҚР кодексіне сәйкес ата-аналар өз балаларының тәрбиесі және дамуы үшін жауапты болады.
ҚР Конституциясы бойынша балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. ҚР Қылмыстық кодексі және 2002 ж. 8 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заң конституциялық міндеттердің орындалуының құқықтық кепілдігі болып табылады.
Заң арқылы, соның ішінде заңға сәйкес ведмоствалық нормативтік актілермен, ал мекемелер немесе оқу орындарында ішкі тәртіп ережелерімен жүктелген кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе талапқа сай орындамау оларды орындамаудан немесе өзінің міндеттерін орындауға салғырт қараумен сипатталады. Аталған міндеттерді орындамау берілген тұлғалар өз міндеттерін орындауға нақты мүмкіндіктері бола тұрып, толық әрекетсіздікке жол бергенде орын алады.
Балаларды және жасөспірімдерді отбасында тәрбиелеу аса маңызды үрдіс екендігін атап көрсету қажет, себебі ата-ананың жауапсыздығы, балаларға деген мейірім мен қамқорлықтың жетіспеушілігі жас балалардың санасында өшігу, кекшілдік, жек көрушілік сезімдерінің қалыптасып, дамуына түрткі болады. Берекетсіз отбасыларындағы үздіксіз маскүнемдіктер материалдық шығындарға ұшыратады, отбасы мүшелерінің, соның ішінде балалардың да, құнды заттарға ие болуларын айтпағанда дұрыс киініп, толыққанды тамақтану мүмкіндігінен айырады. Тәрбиесіздік және өз қатарынан кем болмауға тырысу кәмелетке толмағандарды қылмыстық жолға итереді: «Өзім қалаған нәрсенің бәрін кез келген жолмен, яғни заңға қайшы жолмен де аламын»-деген ұстанымды басшылыққа алу.
Қылмыстық теріс қылықтың құрамы формальдық. Қылмыстық теріс қылық түсінік беріліп отырған баптың 1 және 2 бөліктерінде көрсетілген әрекеттерге немесе әрекетсіздіктерге жол берген сәттен аяқталған деп танылады.
Берілген қылмыстық теріс қылықтың субъективтік жағы кінәнің абайсыздық және қасақаналық нысандарының біріктірілуінен көрініс табатын өзінің құрылымдық ерекшелігімен сипатталады. Міндеттерін орындауға деген қатынас – салғырттық, немқұрайдылықпен сипатталады.
Қылмыстық теріс қылық субъектісі арнайы. Олар тек түсінік беріліп отырған баптың диспозициясында көрсетілген ақыл есі дұрыс (ата-анасы немесе асырап алғандар, кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу бойынша міндеттер жүктелген өзге адамдар, сол сияқты педагог немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу, мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскер) тұлғалар.
Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтің немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу, мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге мекеменің басқа да жұмыскерінің кәмелетке толмаған адамға қатігездік танытумен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы кінәлі адамды ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартудың міндетті негізі болып табылады.
Кәмелетке толмаған адамға қатігездік таныту оны ерекше азаптау, қинау, ұрып-соғу, сазайын тартқызамын қорқыту, өз қалауынша жүріп-тұруға мүмкіндік бермеу, тамақ, киім бермей қою сияқты әрекеттермен сипатталады. Осының барысында ата-аналарының және заңда көрсетілген өзге тұлғалардың тарапынан кәмелетке толмаған адамға қатігездік таныту күш қолданудың үштүрлі түрін кірістіруі тиіс: тәндік, сексуальдық және психологиялық. Ең бастысы қатігездік фактілері сырт адам үшін белгілі болуы тиіс. Бұл баланың жүдеп-жадаған, аурушаң түрі, оның жалпы арып-ашуы, ұрып-соғулардың іздері, жасқаншақтығы, күйгелектігі арқылы көрініс беруі мүмкін.
ҚР ҚК 140-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер қылмыстық теріс қылық деп бағаланады.
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет