Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету (143 б.)



бет64/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

7 Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге әкету (143 б.)

Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету ҚР ҚК-нің 143-бабында көзделген қылмыстың құрамын құрайды.
ҚР ҚК-нің 143-бабында бекітілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі осыдай іс-әрекеттің барысында кәмелетке толмаған адамдар «зат», «тауар» ретінде қарастырылады, бұл барып тұрған арсыз, жалпы адамзаттық құндылықтарды өрескел бұзатын құбылыс болып табылатындығынан көрініс табады.
Кәмелетке толмаған адамның жеке басының бостандығын қылмыстың объектісі ретінде қарастырамыз. Баланы тәрбиелеудегі ата-аналарының және жақын туысқандарының мүддделері қылмыстың қосымша объектісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы өз көрінісін кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкетуден табады.
Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы алып өтуді немесе оны шекара сыртында заңсыз ұстауды білдіреді.
Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығару саудаға салынған баланы мысалы, жалған құжаттарды пайдаланып жасырын шығару жолымен, сондай-ақ заңда бекітілген тәртіппен баланы асырап алуды жасақтау жолымен де жүзеге асырылуы да мүмкін.
Конструкциясы бойынша қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкеткен сәттен қылмыс аяқталған деп саналады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасқаналықпен жасалады, яғни кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкететінін біледі және осындай іс-әрекетті жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстық ниет қылмысты саралауға ықпал етпейді, алайда оны анықтау жазаны дербестеу үшін қажет болады.
Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға.
Пайдакүнемдік немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекеттер ҚР ҚК 143-бабының 2-бөлігімен сараланады. Пайдакүнемдік ниеттің материалдық сипаттағы сыйақы алуға ұмтылудан көрініс табатындығын біз осыған дейін де атап өткен болатынбыз. Қоғамның өнегелік құндылықтармен үйлеспейтін кек алу, қызғаныш, көре алмаушылық тәрізді ниеттерді ұждансыз, жаман ниеттер деп бағалау қажет.
ҚР ҚК 31-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған болып табылады (ҚР ҚК 143 б. 2 б.), егер аталған іс-әрекеттерді оны бірлесіп жасауға күні бұрын уәделескен адамдар қатысатын болса.
Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету фактісін анықтаудың өзі жеткілікті болады.
ҚР ҚК 143-бабының 1, 2 бөліктерінде көзделген іс-әрекеттердің қылмыстық топпен жасалуы қылмыстың ерекше ауырлатылған құрамының белгісі болып табылады және ол аталған баптың 3-бөлігімен жауапқа тартылады.
ҚР ҚК 3-бабы 24 п. сәйкес қылмыстық топ дегеніміз ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, заңсыз әскерилендірілген құралым секілді криминалды құрылымдар болып табылады.
ҚР ҚК 143-бабының 1, 2 бөліктерінде көзделген қылмыстар онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмысқа жатқызылатын болса, ҚК 143-бабының 3-бөлігінде қарастырылған әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіреді.
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет