8 Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту (144 б.)
Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту ҚР ҚК-нің 144-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрайды.
ҚР ҚК-нің 144-бабында көзделген қылмыстық теріс қылықтың орын алуының барысында кәмелетке толмаған адамдардың әлі толық қалыптасып болмаған психикасына азғындатушы ықпал етуі, олардың рухани-өнегелік дамуының қалыпты үдерісінің бұзылуы, оларға бұрмаланған құндылықты бағдарлардың берілуі қылмыстық теріс қылықтың қоғамдық қауіптілігінің көрінісі болып табылады.
Балалардың өнегелік және рухани тұрғыдан алғандағы салауаттылығын қамтамасыз етудің белгіленген тәртібін берілген қылмыстық теріс қылықтың объектісі ретінде қарастыру қажет.
Эротикалық сипаттағы құралдар мен материалдар, басылым өнімдері, кино немесе бейне материалдар, эротикалық мазмұнға ие болатын бейнелеу туындылары мен құралдары берілген қылмыстық теріс қылықтың заты болып танылады. Өздерінің қасиеттері бойынша қоғамдық имандылыққа және кәмелетке толмағандардың қалыпты түрде тәндік, рухани тұрғыдан алғандағы дамуы мен моральдық салауаттылығына жағымсыз әсер етуі мүмкін заттарды жатқызу қажет.
Қылмыстық теріс қылықтың объективтік жағы кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарнамалауға және сатуға тартудан көрініс табады.
Эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту кәмелетке толмаған адамды сендіру, қорқыту, сатып алу, алдау, кек алу, қызғаныш сезімдерін қоздыруды қарастырады, сондай-ақ осындай сипаттағы өнімдерді жасауға тарту мақсатында кәмелетке толмаған адамның сексуальдық өрістегі қызығушылықтары да жиі пайдаланылады.
Конструкциясы бойынша берілген қылмыстық теріс қылықтың құрамы формальдық болып табылады. Кәмелетке толмаған адамды ҚР ҚК 144-бабының диспозициясында көзделген әрекеттердің біріне тартқан сәттен іс-әрекет аяқталған деп танылады.