Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Лекция: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет66/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Лекция: Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

  1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2-бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық заңның қорғау объектілерінің қатарында меншіктің де аталып көрсетілуі тегін емес. Меншік қатынастары қоғам өміріндегі аса маңызды қатынастардың бірі болып табылады.
Біз талдағалы отырған қылмыстардың қатарында меншік қатынастары олардың негізгі тікелей объектісі болып табылатындығын біз осыған дейін де атап өткен болатынбыз. Сонымен қатар, мемншікке қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері көп объектілі қылмыстар қатарына жататындығын, яғни олардың жасалуы барысында адамның өміріне, денсаулығына зиян келу қаупінің туатындығы айту қажет. Олардың қатарына тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, көлік құралық заңсыз иемдену сияқты қылмыс түрлерін жатқазамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың құрамының басым көпшілігі заңшығарушымен материалдық құрам арқылы жасақталған. Олардың объективтік жағы міндетті үш элементтен құрылады: іс-әркет, салдар және іс-әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс. Тек қылмыстың қарақшылық және қорқытып алушылық сияқты екі түрінде формалдық құрам бекітілген. Оларда объективтік жақтың міндетті элементі ретінде тек қылмыстық іс-әрекет қарастырылған. Қылмыстық салдар қылмыс құрамынан тысқары қалдырылған. Меншікке қарсы қылмыстардың басым көпшілігінде іс-әрекет нақты әрекет түрінде көрініс табады. Тек алдау немесе сенімге қиянат жасау жолмен мүліктік залал келтіру әркетсіздік арқылы жасалуы мүмкін. Сонымен бірге бөтеннің мүмлкін абайсызда жою немесе бүлдіру қылмысының құрамында әрекетсіздік орын алуы мүмкін. Қылмыстың салдары әрдайым материалдық сипатқа ие және мүліктік зиян келтіруден көрініс табады.
Көптеген жағдайларда қылмыстың салдары меншік иесіне немесе мүлікті заңды негізде басқалай иеленушіге нақты зиян келтіруді білдіреді тек алдау немесе сенімге қиянат жасау жолмен мүліктік залал келтірудің барысында келтірілген зиян жоғалтқан пайда нысанында көрініс табуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінде қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті элементі – қылмысты жасау тәсілі орын алады (күш қолдану арқылы немесе күш қолданбай, жасырын немесе ашық жасау).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстардың қатарына тек бір қылмыс кінәнің абайсыздық нысаны арқылы жасалуы мүмкін ол осыған дейін де аталып өтілген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру болып табылады. Қалған қылмыстар қасақаналықпен жүзеге асырылады. Тек бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы қасақаналықтың жанама нысаны арқылы жүзеге асырылуы мүмкін болса, қалған қылмыстар тек тікелей қасақаналық арқылы жасалады.
Меншікке қарсы қылмыстарды (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық) зерттей отырып криминология ең алдымен қылмыстылықтың екі түрін өзара тығыз байланыстылықта қарастырады: пайдакүнемдік (ұрлықтың және алаяқтықтың жиынтығы) және пайдакүнемдік-күш қолданушылық (тонаудың, қарақшылықтың және қорқытып алушылықтың жиынтығы). Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие, алайда оларды өзара байланыстылықта зерттеу криминологиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктеріне ие бір объектісінде қылмыстылықтың көрсетілген түрлері үшін сипатты болып табылатын күш қолданушылық, пайдакүнемдік және меншік (мүлік) сияқты белгілерді біріктіруге мүмкіндік береді. Басқалай айтқанда нақты қылмыстардан меншікке қол сұғушылықпен тікелей байланыстырылған пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-күш қолданушылық қылмыстылық құралады. Осыдан оның өзіндік ерекшеліктері де айқындалады. Ең алдымен жалпы мәселелерді қарастырған біздің ойымызша дұрыс болатын сияқты.
Талан-тараждың объективтік жағы меншік қатынастарына қол сұғудан көрініс табады. Қылмыстық құқық қылмыстың жасалу тәсіліне тәуелді түрде талан-тараж үшін жауаптылықты барынша айқын бөліп көрсетіп Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде талан-тараждың төмендегідей нысандарын бекіткен: ұрлық, алаяқтық, иеленіп алу және ысырап ету, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық. Көрсетілген іс-әрекеттерді жасай отырып қылмыскер бөтеннің мүлкін талан-таражға салады. Талан-тараждың міндетті объективті белгісі бөтеннің мүлкін қайтарымсыз қылмыскердің өзінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына жаратуы болып табылады.
Өзгенің мүлкін талан-таражға салу қылмыстың материалдық құрамы болып табылады, яғни қоғамдық қауіпті салдар қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Олар қылмыстық құқықтық қорғау объектісі меншіктік қоғамдық қатынастарды бұзудан көрініс табады. Талан-тараждың барысындағы қылмыстық нәтиже ретінде меншік иесіне келтірілген қылмыскердің иеленіп алған затының бағасымен анықталатын нақты материалдық шығын саналады. Бұл әрбір нақты жағдайда ерекше мәніске ие болады.
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері іс әрекеттің пиғылы және жасау тәсілдері бойынша айырмашылықтарға ие болады. Пайдакүнемдік қылмыстар өз кезегінде екі топқа бөлінеді: олардың біріншісі талан-тараж және меншікке қарсы өзге де пайдакүнемдік қылмыстар (талан-таражға ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, алаяқтық, иемденіп алу немесе ысырап ету, сондай-ақ ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылатындығын айта кету керек) олар әртүрлі нысанда жасалуы мүмкін; екінші топқа автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену, сонымен бірге алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қасақана немесе абайсызда жою немесе бүлдіру жатқызылады. Криминологиялық көзқарас тұрғысынан кейбір басқа да пайдакүнемдік және пайдакүнемдік емес қылмыстар туралы да айтуға болады. Оларды зерттеу дербес мәселе болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің субъектісі болып 14 жасқа толған тұлға табылады. Алаяқтық және сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алғаны немесе ысырап еткені үшін қылмыстық жауаптылық 16 жастан бастап туындайды әрине барлық жағдайда да әңгіме тек есі дұрыс тұлғалар туралы болып отыр.
Өзінің қатарына ұрлықты, алаяқтықты, тонауды, қарақшылықты және қорқытып алушылықты кіргізетін меншікке қарсы қылмыстар иелену құқығын бұзумен немесе басқа да тәсілдермен меншік иесіне мүліктік залал келтірумен не осындай залалды келтіру қаупін туғызумен ұштасқан іс әрекеттер болып табылады. Бұл жерде аталған қылмыстардың топтық объектісі туралы (экономиканың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың тобы) және түрлік объекті туралы (кез келген меншік иесінің өз мүліктерін иелену, пайдалану және оларға билік жүргізу құқықтарын кірістіретін тұтастай алғандағы меншік қатынастары) да айтуға болады.
Берілген қылмыстар тобының тікелей объектісі – бұл мүліктің тиістілігімен айқындалатын меншіктің нақты нысаны болады, яғни жеке, мемлекеттік, коммуналдық меншіктер, қоғамдық бірлестіктердің немесе өзгелей меншіктер табылады. Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып азаматтық заңнамаға сәйкес меншік құқығының объектісі бола алатын кез келген мүлік табыла алады. Бұл қылмыстар кінәлі адамның белсенді әрекеттерімен сипатталады, алайда бұл іс әрекеттердің әрқайсысы үшін өзіндік ерекшелік сипатты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет