Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру (ҚР ҚК 183 б.)



бет77/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру (ҚР ҚК 183 б.).
Диверсия (ҚР ҚК 184 б.).
Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға немесе бүлдіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсаттарда жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату –
мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (Ссылки на внешний сайт.) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (Ссылки на внешний сайт.) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету (ҚР ҚК 185 б.).

  1. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынған, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату, мемлекетке опасыздық жасау немесе тыңшылық белгiлерi болмаған кезде –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Адамның өзiне қызмет, жұмыс бабымен не Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де негіздер бойынша сенiп тапсырылған немесе мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық жасау белгiлерi болмаған кезде –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар iрi залал келтiруге немесе өзге де ауыр зардаптардың туындауына әкеп соқса, –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет