Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет75/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Тыңшылық (ҚР ҚК 176 б.).
Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, жымқыру немесе сақтау, сондай-ақ шетелдiк барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы пайдалану үшiн беру немесе жинау, егер бұл іс-әрекеттердi шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса, –
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық (ҚР ҚК 177 б.).
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің –Елбасының өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсызон бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қол сұғушылық (ҚР ҚК 178 б.).
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қолсұғушылық – Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту (ҚР ҚК 179 б.).

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын (Ссылки на внешний сайт.)бұзып, билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты осындай мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –

бір мыңнан бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бірлестік лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер – бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (Ссылки на внешний сайт.)бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  3. Шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым өкілдерінің Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы – үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет