Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар



бет70/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Қарақшылық (ҚК 192 б.).
Қарақшылық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе осындай күш қолдану қатерін төндірумен ұласқан шабуыл.
Қарақшылық қос объектілі қылмыс болып табылады; ол бір мезгілде меншік қатынастарына және адамның денсаулығына тікелей қол сұғады. Көрсетілген объектілердің әрқайсысы (меншік және адамның денсаулығы) берілген қылмыс құрамының шеңберінде дербес санатқа ие болады. Бұл туралы кейде былай деп жазады: қарақшылық – талан тараждың барынша қауіпті нысаны, бұл қылмыс екі объектіге қол сұғады: меншікке және тұлғаның жеке басына (жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы). Ең бастысы бұл жерде мынаған назар аударылуы тиіс, адамның жеке басын бірінші кезекте қорғау үшін қылмыстың аталған түрі үшін тіпті қылмыстық заңнаманы ізгілендіру барысында да барынша қатал санкциялардың бекітілуі негізінде қарастырылуы керек.
Сонымен қатар қарақшылықты криминологиялық тұрғыдан талдау барысында басты маңызға ие болатын физикалық және психикалық күш қолданудың бөтеннің мүлкін талан таржға салудың құралы болып табылатындығына назар аударудың маңызы өте жоғары.
Алайда бұл жерде бір ерекшілік бар: тонау ретінде соның ішінде күш қолданып тонау ретінде де басталған іс әрекет белгілі бір себептерге байланысты кінәлі адамның өзінің күш қолдану әрекеттерінің қарқындылығы мен сипатын өзгертуіне байланысты оны қарақшылық үшін сипатты болып табылатын деңгейге дейін жеткізетін жағдай практикада жиі кездеседі. Бұл жердегі басты нәрсе күш қолданудың сипаты, дәрежесі.
Қарақшылықпен шабуыл жасау әдетте жәбірленушіге қарсы кенеттен күш қолдану болып табылады. Ол жәбірленушіге қарсы ашық немесе жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін (ұйықтап жатқан адамға шабуыл жасау, тасадан оқ ату сияқты). Қарақшылықтың барысында күш қолдану меншік иесіне немесе мүлікті иеленушіге не мүлік оның қорғауында тұрған тұлғаға қарсы орын алады.
Күш қолданудың ерекше қауіптілігі сол қарақшылық мүлікке ие болу мақсатында күш қолдану жүзеге асырылған сәттен бастап аяқталған қылмыс ретінде бағаланады. Бұл жерде әңгіме «бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасау» туралы болып отыр, ал қалған басқа белгілері бойынша қарақшылық талан-тарждың жалпы белгілеріне сәйкес келеді.
Әрекет етуші қылмыстық заңама бойынша қарақшылық және күш қолдану арқылы тонау меншікке қарсы қылмыстардың арасында өзінің пиғылы және әрекетті жасау тәсілі бойынша ерекшеленеді. Алайда талан тараждың нысанының бірі ретінде танылатын қарақшылық құрамының ерекше құрылысы ол туралы белгілі бір ескертпелерді жасауға мәжбүр етеді: қарақшылық – бұл мүлікті иелену құқығын бұзумен біріктірілмейтін тек ғана бөтеннің мүлкін талан таражға салуды көздейтін талан тараждың ерекше нысаны болып табылады. Бұл қарақшылықтың және күш қолданумен тонаудың да пиғылымен байланысты.
Әрекет етуші қылмыстық заңнамада талан-тарждың әртүрлі нысандары аталып көрсетілген және олардың әрқайсысына өзіндік ерекшеліктер тән болады. Іс әрекеттің пиғылы мен тәсілі басты рөл атқаратын пайдакүнемдік-күш қолданушылық қылмыстар болып табылатын тонау және қарақшылық барынша айқын ерекшеліктерге ие. Сонымен бірге бұл қылмыстар тұтастай алғандағы криминалды күш қолданудың жүйесінде де ерекше орын алады. Осы аталған жүйенің белгілері қорқытып алушылықта қарастырылады.
Қарақшылықтың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объективтік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Шабуыл жасау деп кінәлі адамның жәбірленушіге кенеттен, оның қарсылығын тойтару мақсатында өте үрдіс түрде күш қолдануды айтады. Шабуылға ашық түрде жасалған зорлық әрекеттерінен бөтен жәбірленушіні ту сыртынан ұру, тасада тұрып оқ ату, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына қауіп келтіретін жағдайда оған қатты әсер ететін, уландыратын немесе жындандыратын нәрселер беру арқылы есенгірететін жағдайға келтіру сияқты әрекеттер жатады.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету, жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру (106-бап), орташа ауырлықтағы зиян келтіру, (107-бап) немесе денсаулықтың қысқа уақытша бұзылуының немесе еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеліп соққан зиян келтіру (108-бап), сондай-ақ жәбірленушінің өміріне тікелей қауіп тудырған басқадай күш қолданулар жатады.
Өмірге, денсаулыққа қауіпті күш қолдануға адамның тыныс жолдарын бітеу, биіктен жерге тастап жіберу, жүріп бара жатқан немесе тұрған көліктен итеріп жіберу немесе жәбірленушіні уландыратын немесе оның нерв жүйесіне қатты әсер ететін нәрселер қолдану жатады. Күш қолданудың осы түрлерін қолданудың өзі жәбірленушінің денсаулығына ешқандай зиян келтірмегеніне қарамастан қарақшылық әрекеті ретінде сараланады.
Қарақшылықтың құрамын күш қолданумен бірге адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан әрекеттер құрайды. Мұндай ретте қорқыту шын мәнінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті болуы және қарсыласқан жағдайда ол қорқытудың нақты іс жүзіне асатынына жәбірленушінің ешбір күмәні болмауы тиіс.
Қарақшылықта күш қолдану бөтеннің мүлкіне иелік етудің құралы болып табылады. Сондықтан да күш қолдану иелік етуден бұрын жүзеге асырылады. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлауды жүзеге асыру барысында меншік иесінің немесе өзге де адамдардың қарсылығына тап болып күш қолданса, онда оның әрекеті қарақшылық ретінде сараланады. Егер кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, бірақ қылмысты істеген жерде көзге түсіп қалып, қашып құтылу мақсатымен жәбірленушіге күш қолданса, онда оның әрекеті қарақшылық емес, ұрлық және жеке адамға қарсы қылмыс ретінде сараланады.
Қарақшылық шабуыл жасаған уақыттан бастап, оның бөтеннің мүлкіне иелік жасағанына немесе жасамағанына қарамастан аяқталды деп саналады. Сондықтан да қарақшылық құрамы заңда келте құрам ретігнде қарастырылған.
Бір қарағанда, қарақшылық үшін жауаптылықты енгізе отырып, заң шығарушы мүлікті емес, меншік иесінің жеке басының қауіпсіздігін қорғауға алғандай әсер қалады.
Дегенмен, қарақшылықтың Ерекше бөлім жүйесіндегі орны оның меншік қатынастарына қарсы бағытталуымен анықталады, яғни қылмыскердің басым мақсаты қалай болғанда да мүлікті талан-таражға салуға бағытталады, ал жеке тұлғаға қол сұғушылық тек осы мақсатқа қол жеткізудің құралы, амалы қызметін атқарады.
Сонымен қатар, қарақшылықтың меншікке қарсы қылмыстар туралы тарауға орналастырылуы тұлғаның жеке басын қылмыстық құқықтық қорғаудың маңызын ешқандай да төмендете алмайды. Қарақшылықтың ауыр қылмыстар санатына жатқызылуы және қарақшылықты меншікке қарсы қылмыстардың басқа түріне қатысты алғандағыдай мүлікті иеленіп алып, оны өз қалауынша пайдалану немесе оған билік ету мүмкіндігін пайда болуы сәтінен емес, шабуыл жасалған сәттен бастап аяқталған қылмыс деп танылуын осының айқын дәлелдері деп бағалауға болады.
Криминалдық күш қолданушылық дегеніміз – қылмыстық жазаланушылыққа жататын іс-әрекеттерді жасау барысында қылмыскерлермен қолданылатын күш қолдану болып табылады. Жалпы негізде алғанда күш қолдану ретінде заңсыз күш қолдану, мәжбүрлі, яғни өзге тұлғаның еркіне қарсы оған ықпал ету саналады.
Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет;
3) тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кіріп;
4) қаруды немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып;
5) денсаулыққа ауыр зиян келтіріп жасалған қарақшылық (ҚК 192 б.2 б.)
Мынадай:
1) денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан;
2) ірі мөлшердегі мүлікті жымқыру мақсатында жасалған қарақшылық (192 б. 3 б.).
Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) аса ірі мөлшерде жасалса бұл белгілер қарақшылықтың ауыр немесе аса ауыр құрамының белгілері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет