Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық



бет72/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық
Қарақшылықтың келесі саралаушы белгісі бұл – тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға заңсыз кірумен жолымен жасалған қарақшылық болып табылады (ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі «3» тармағы). Қылмыскерлердің осындай әрекеттері олармен жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін айтарлықтай арттырады. Осы тақылеттес әрекеттерді жасау барысында кінәлі адамдар тұрғын үйдегі (тұрғын үйде азаматтардың барынша құнды заттары сақталатындығы белгілі) немесе өзгедей арнайы жабдықталған қоймалардағы мүлікке ие болуы үшін қосымша, айтарлықтай күш жұмсайды және кедергілерді жою үшін небір айла-тәсілдерді ойластырып, жүзеге асырады. Осының барысында қарақшылар есіктерді, құлыптарды, қақпаларды сындырады, қабырғаларды, едендерді, ғимараттардың шатырын тесіп құлатады, терезенің торларын, рамаларын жұлып алады, вагондарды, контейнерлерді бүлдіреді және т.б. сол арқылы материалдық объектілерге және меншікке айтарлықтай залал келтіреді. Банктерге, олардың бөлімшелеріне, кәсіпорындар мен ұйымдарға ақша қаражаттарын алу мақсатында қарақшылық шабуыл жасау да үлкен қоғамдық қауіп тудырады.
Заңсыз кіру – бұл тұрғын үйге, бөлмеге немесе басқалай қоймаға қарақшылық мақсатымен басып кіру болып табылады. Ол жасырын немесе ашық түрде кедергілерді жою жолымен немесе адамдардың соның ішінде күзет қызметкерлерінің қарсылығын тойтара отырып немесе ешқандай кедергісіз, сондай-ақ ұрыларға ғимаратттың ішіне енбей-ақ оның ішіндегі мүлікті ұрлауға мүмкіндік беретін әртүрлі құралдардың көмегімен (қармақ, магнит, қысқыштар және т.б.) жүзеге асырылуы мүмкін. Пәтерлерге ұрылар белгіленген жерге қойып кеткен кілттерді алып, сондай-ақ құлыптарға кілтті тауып салу арқылы да енулері мүмкін.
Тұрғын үйге немесе басқадай мекен-жайға басып кіру арқылы жасалған қарақшылық шабуылдың қоғамдық қауіптілігі, қылмыс жасау үшін кінәлі адам кедергілерді жойып мүлікті алу үшін белгілі бір, кей кездері айтарлықтай күш жұмсайды: есіктің құлыптары мен күршіктерін сындыру немесе өзге де тәсілдерді қолдану. Қарқшылық шабуылды жүзеге асыру барысында қылмыскерлер жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын күш қолданады. Басқаша айтқанда, әлдеқандай мүлік сақталған орынға қарақшылық шабуыл жасау үшін қылмыскер қосымша күш-жігер жұмсап, өзіндік амал-тәсілдерді қолдануы тиіс және осының бәрін ол қылмыстық мақсатта мекен-жайға немесе қоймаға ену үшін жасайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылдың 11-шілдесіндегі №8 «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативтік қаулысында тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайға не қоймаға заңсыз «кіру» - дегеніміз бұл үй-жайға немесе өзге де сақтау орындарына ұрлық, тонау немесе қарақшылық жасау мақсатында ашық немесе жасырын кіру болып табылады.
Аталған саралаушы белгі бөтен мүлікті талан-таражға салу туралы ниет жасырын немесе ашық түрде енгенге дейін пайда болған жағдайда орын алуы мүмкін.
«Үй-жай» - бұл адамдарды немесе материалдық құндылықтарды орналастыруға арналған ғимарат болып табылады. Ол орнықты, қозғалмалы, тұрақты және уақытша болуы мүмкін. Сонымен қатар өндірістік, әкімшілік, қойма мақсатында пайдаланылатын үй-жайларды бөліп көрсетуге болады. Үй-жай ретінде салынған құрылыстың және ғимараттың мүліктер қойылатын ішкі бөлігін – зауытты, цех, мұражай, оқу орны, мешіт, шіркеу және тағы басқаларды түсінуге болады. «Қойма» дегеніміз – бұл жинақталған мүлікті, тауарлық-материалдық құндылықтарды талан-тараждан, бүлінуден және құртылудан, табиғи зіл-залалардан тұрақты немесе уақытқа қорғауға арналған ерекше құрылым немесе орын болып табылады, алайда оны үй-жайға жатқызбаймыз. Бұлар - әртүрлі мүлікті – тауарларды, ақшаны, қымбат бағалы заттарды сақтау немесе қорғау үшін арнайы жабдықталған (сейфтер, контейнерлер, тоңазатқыш камералары, жүк вагондары және т.б.) барлық құрылығылар болып табылады. «Өзге қоймаларға» материалдық құндылықтарды уақытша сақтау мақсатында жабдықталған аумақтар, участкелерді жатқызуға болады. Осындай ерекшеленген және күзетке алынған (күзету ретінде қоршап қою, техникалық құралдар, қарауыл қою және т.б.) аумақтарға темір жол станцияларының, аэропорттардың тауар аулалары, мал үшін қоршауға алынған зоналарды жатқызамыз. Қоршалмаған және күзетке алынбаған тауарларды жинап қою үшін пайдаланылатын алаңдар «өзге де қоймалар» қатарына жатқызылмайды. Сонымен бірге кез келген қорғауға алынған территория да (мысалы, зауыт территориясы) «өзге қоймалар» ретінде таныла алмайды, тек материалдық құндылықтарды сақтау мақсатында бөлінгендерін ғана солардың қатарына жатқызамыз.
Сондықтан комбайндардың бункерлері, автомашиналардың ашық астаулары, платформалар және ашық вагондар егер олар күзетілмесе немесе оларға кіруге кедергі келтіретін құрылығылармен жабдықталмаса «өзге қоймалар» санатына жатқызыла алмайды.
Құқық қолдану практикасында кей кездерде екі жақты немесе екі ұдай ену фактілері кездесіп жатады: алдымен үй-жайға ену, содан кейін осы үй-жайдың ішінде орналасқан және әлдеқандай қорғау құралдарымен жабдықталған өзге қоймаға кіру.
«Қойма» ұғымы барынша икемді ұғым екендігін атап көрсеткеніміз дұрыс. Бір мақсатқа арналған ғимарат, құрылыс, ыдыс өмірдің сан қырлы жағдайларында өзінің тағайынын өзгертіп, бастапқы қалпынан жаңа мазмұнға ие болуы мүмкін, сондықтан белгілі бір ыдысты қойма ретінде бағалау үшін қылмыстың жасалған уақытында оның нақты тағайынының қандай болғандығын анықтаудың маңызы зор.
Тұрғын үйге (үй-жайға, қоймаға) кірмеген, алайда қылмыс жасау барысындағы рөлдер бөлісу жөніндегі келісімге сәйкес есікті сындыруға қатысқан немесе ұрлықты жасау процесінде өзге тұлғаның үй-жайға енуімен байланысты өзгедей әрекеттерді жүзеге асырған немесе мүлікті үй-жайдан алып шығумен байланысты әрекеттерді жасаған кінәлі тұлғаның әрекеттері қылмысты бірігіп орындау ретінде саралануы тиіс. Тұрғын үйге кіріп қарақшылық шабуыл жасауға ақыл-кеңестер, құралдар беру үй-жайға тікелей кіру немесе ол жерден мүліктерді алып шығуды есептемегенде қылмыстың ізін жасыруға көмектесуге күні бүрын уәде беру қылмысқа көмектесуші ретінде қатысу деп саралануы тиіс.
Кіру дегеніміз заңсыз, қасақана жәбір көрген ұйымның өкілінің немесе өзге де азаматтардың еркіне қарсы кінәлі адамның қарақшылық шабуылды жүзеге асыруы барысында басып кіруі деп тұжырым жасауға болады.
Кіру немесе басып кіру өзіне бөтенннің мүлкін заңсыз иеленіп алуға бағытталған нақты әрекеттерді кірістіретін қарақшылықтың объективтік жағының элементі болып табылады. Сондықтан жеке түрінде алған кіру дайындалу болып табылады.
Объективтік көрсеткіштері бойынша ену немесе басып кіру өзара байланысты екі сәтпен сипатталады: ол заңға қайшы және жәбір көрген ұйымның өкілінің немесе азаматтардың еркіне қарсы жүзеге асырылады.
Субъективтік көрсеткіштері бойынша заңсыз кіру әрқашан қасақана жасалған әрекет болып саналады: қылмыскер өзінің әрекеттерінің құқыққа қайшылығын түсінеді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Кіру алдын ала ойластырылған, тонау нысанында жүзеге асырылатын талан-таражды жасаудың арнайы мақсатымен шартты болуы тиіс. Тек осы жағдайлардың тоғысуының барысында ол талан-тараждың аталған нысанының саралаушы белгісі бола алады.
Тұлға үй-жайда немесе қоймада тиісті органдардың рұқсаты бойынша немесе осындай рұқсат болмаса да, бірақ өндірістік, қоғамдық қызметпен байланысты өзінің кәсіби функцияларын орындау үшін енген жағдайларда кіру болып санала алмайды. Қоймада жүрген кезде оның қылмыс жасауға деген пиғылы пайда болып ол оны жүзеге асырады. Бұл жағдайда талан-тараж егер өзгедей саралаушы белгілері болмайтын болса, қарапайым түріндегі қарақшылық ретінде бағалануы тиіс.
Егер кінәлі адам рұқсат қағазын пайдалана отырып (мысалы, рұқсат қағазың пайдалана отырып, қоймаға кіру) мекен-жайға кірсе, бірақ осының барысында бөтеннің мүлкіне қарақшылық шабуыл жасау ниетін басшылыққа алған болса, бұл мекен-жайға кіру деп саралануы тиіс. Өзінің бағытталуы бойынша осындай кіру қылмыстық болып табылады. Ол тек сырттай ғана құқыққа сай нысанмен бүркемеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет