Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (ҚК 193 б.)



бет74/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (ҚК 193 б.).
Қорқытып алу (ҚК 194 б.).
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК 195 б.).
Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу (ҚК 196 б.).
Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу (ҚК 197 б.).
Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу ((ҚК 198 б.).
Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (ҚК 199 б.).
Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚК 200 б.).
Жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК 201 б.).
Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК 202 б.).
Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК 203 б.).
Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (ҚК 204 б.).

Лекция № 8
МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІНЕ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Мемлекетке опасыздық жасау (ҚР ҚК 175 б.).
Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтіп кетуі, сол сияқты тыңшылық жасауы, мемлекеттік құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдік ұйымға не олардың өкілдеріне беруі, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуі мемлекетке опасыздық жасау деп танылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекетке опасыздық жасау ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде танылады.
Мемлекетке опасыздық жасау сатқындық актісі болып табылады, яғни бұл әрқашан, барлық жағдайда Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының сыртқы қарсыластарымен (республикаға қарсы барлау-бүлдіру әрекеттерін жүргізетін шетел мемлекеті, шетелдік ұйым) бірігіп өзінің мемлекетіне қарсы жүргізетін дұшпандық әрекеттері болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының азаматының және шетелдік мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасының сыртқы қаупсіздігіне және егемендігіне қарсы бағытталған қылмыстарға бірігіп қатысуларының өзіндік нысаны. Бұл жағдайда негізгі қауіп сырттан шетелдік мемлекеттен төнеді, ал Қазақстан Республикасының азаматы сыртқы жаулардың Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекеттеріне көмектесе отырып, өзінің мемлекетіне опасыздық жасайды, оны мүдделерін сатады.
Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі және егемендігі мемлекетке опасыздық жасаудың объектісі болып табылады. Жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйін қауіпсіздік деп түсінеміз. Жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет, оның конституциялық құрылысы, қорғаныс қабілеттілігі мен аумақтық тұтастығы қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне жатады. Олай болса, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының, қорғаныс қабілеттілігінің және аумақтық тұтастығының сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйін Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі деп түсінуіміз қажет.
Конституциялық құрылыс бұл – өнегелік және конституциялық талаптарға шартсыз бағындырылған, қоғамдық тәжірибеде және құқықтық санада адам, азаматтық қоғам және мемлекет арасындағы тұрақты, ізгілікті және құқықтық байланыстардың нығаюына жәрдем ететін негізгі реттегіштердің жиынтығына негізделген әлеуметтік-құқықтық қатынастардың және институттардың тұтастай жүйесі.
Конституциялық құрылыс түсінігі конституциялық құрылыстың негіздері айқындалған Қазақстан Республикасы Конституциясының бірінші тарауының мазмұнынан бастау алады.
Қорғаныс қабілеттілігі – мемлекеттің егемендігіне және оның аумақтық қолсұғылмаушылығына сырттан шабуыл жасаудан қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті экономикалық, әскери, әлеуметтік-өнегелік әлеуеттіліктің жай-күйі.
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, басқаға берілмейтіндігі және құрлықтағы, судағы және әуедегі мемлекеттік шекараларының мызғымастығы оның аумағына қолсұғылмаушылық болып табылады.
Егемендік бұл – мемлекеттік биліктің ел ішіндегі үстемдігі және оның сыртқы саясат өрісіндегі тәуелсіздігі деп түсіну қажет. Егемендік мемлекеттік биліктің, сондай-ақ тұтастай алғандағы мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігінің аса маңызды белгісі ретінде қарастырылады.
Біз қарастырып отырған бапта мемлекетке опасыздық жасау құрамын құрайтын іс-әрекеттердің толық тізбесі берілген: 1) соғыс немесе қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтіп кету; 2) тыңшылық жасау; 3) мемлекеттік құпияларды беру; 4) шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекеттерді жүргізуге өзгедей көмек көрсету. Осындай әрекеттерді мемлекетке опасыздықтың нысандары деп атау қалыптасқан.
Қазақстан Республикасы азаматының соғыс немесе қарулы қақтығыс уақытында әскери қарсыласқа көмек көрсетуін қарулы қақтығыс немесе соғыс уақытында жау жағына өтіп кету деп түсіну қажет. Мемлекеттік опасыздықтың берілген нысанының объективтік жағының міндетті белгілерінің қатарына мыналар жатады: 1) жау жағына өтіп кетудің ерекше жағдайы – соғыс немесе қарулы қақтығыс жағдайы; 2) Қазақстан Республикасы азаматының әскери қарсыласпен байланысқа түсуі; 3) байланыстың мақсаты – әскери қарсыласқа көмек көрсету.
Ұрыс қимылдарының нақты басталған және олардың нақты аяқталған уақытының арасындағы мерзімді соғыс уақыты деп түсіну қажет. Қарсыласпен ұрыс жүріп жатқан, мысалы, мемлекеттік шекарадағы қарулы қақтығыс жағдайы ұрыс жағдайы деп саналады.
Әскери қарсыластың және Қазақстан Республикасы азаматының дұшпандық әрекеттерін үйлестіріп, келісімді түрде жүргізуін байланыс орнату деп түсіну қажет. Байланысқа түсу екіжақты байланысты қарастырады.

  1. Мемлекетке опасыздық жасау, яғни Қазақстан Республикасы азаматының қарулы қақтығыс уақытында жау жағына өтiп кетуінен, сол сияқты тыңшылық жасауынан, мемлекеттiк құпияларды шет мемлекетке, халықаралық немесе шетелдiк ұйымға не олардың өкiлдерiне беруінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қарсы бағытталған әрекетті жүргізуге оның өзге де көмек көрсетуінен көрінген қасақана іс-әрекеттері –

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, соғыс уақытында жасалған іс-әрекеттер –

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.
Ескерту. Осы бапта, сондай-ақ осы Кодекстiң 176 (Ссылки на внешний сайт.) және 179-баптарында (Ссылки на внешний сайт.) көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi түрде және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне нұқсан келтiрудi болдырмауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет