Тақырып Информатиканың іргелі негіздері Информатиканың пайда болуы және дамуы Есептеу техникасының даму тарихы


 Есептеу техникасының даму тарихы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата09.06.2020
өлшемі382,12 Kb.
#72775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LK1 TOU

 

2. Есептеу техникасының даму тарихы 

 

Барлығы машинаны санап үйрету немесе көп қатарлы бүтін сандарды қосу идеясынан 

бастады. 

1500 жылы, Леонардо да Винчи – он үш разрядты есептеу құрылғысының жобасын 

жасады. 

1623  жылы,  Уильям  Шикард    алғашқы  «есептеуіш  машина»  жасап  шығарды,  ол  7-

таңбалы  сандармен  қарапайым  арифметикалық  амалдар  (қосу,  азайту)  орындай  алатын 

көлемді аппарат  болатын. 

1644  жылы,  Блез  Паскаль  5-таңбалы  сандармен  арифметикалық  амалдар  орындай 

алатын алғашқы есептеуіш машина жасап шығарды. 

1667  жылы,  Сэмюэль  Морландтың  жасаған  есептеуіші  қаржылық  операцияларды 

атқаруға арналған болатын. 

1674  жылы,  Вильгельм  Годфрид  фон  Лейбниц  -  механикалық  есептеу    машинасын 

жасап  шығарды,  ол  тек  қана  қосу  және  азайту  амалдарымен  қатар  көбейту  амалын  да 

орындай алатын еді. 

1770  жылы,  Евно  Якобсонның  механикалық  есептеу  машинасы  Ресейде  жасалып 

шықты. 

1774  жылы,  Филипп-Малтус  Хан  көпшілікке  арналған  алғашқы  «есептеу  

машинасын» - механикалық  калькуляторды  жасап шығарды. 

1820 жылы, Томас де Кольмард «арифмометрі» - алғашқы калькулятор жасады. Бұл 

90 жыл көлемінде (аздаған өзгертулер арқылы) пайдаланылған, көптеп шығарылып кеңінен 

сатылуға түскен бірінші механикалық есептеу  құрылғысы болды. 

1822 жылы, атақты ағылшын математигі және инженері Чарльз Беббидж құрған және 

30 жылдай құрастырылып, жетілдірілген машина алғашқыда «айырымдық», ал одан кейін 

жобаны  көптеп  жетілдіргеннен  кейін  «аналитикалық»  деп  аталды.  «Аналитикалық» 

машинаға есептеу техникасы үшін негіз болған принциптер қойылды: 

1. Амалдарды автоматты орындау. 

Үлкен көлемді есептеулерді орындау үшін тек жеке арифметикалық амалдардың тез 

орындалуы ғана емес, сонымен қатар амалдар арасында адамның араласуын қажет ететін 

«бос орындар» болмауы керек. Мысалы, қазіргі калькулятордың көпшілігі амалдарды тез 

орындағанымен  бұл  шарттарды  қанағаттандыра  алмайды.  Амалдар  бірінен  кейін  бірі 

тоқтамай орындалуы керек. 

2. «Жүре отырып» енгізілген программамен жұмыс. 

Амалдарды  автоматты  орындау  үшін  программа  орындайтын  құрылғыға  амалдарды 

орындау  жылдамдығындай  жылдамдықпен  енгізілуі  керек.  Бэббидж  программаны  алдын-ала 

жазып және оны машинаға енгізу үшін перфокартаны қолдануды ұсынды. Ол кезде перфокарта 

тоқыма станоктарын басқару үшін қолданылатын болған. 

3. Деректерді сақтау үшін арнайы құрылғы – жадының қажеттілігі (Бэббидж оны «қойма» 

деп атады). 

1829 жылы, Уильям Берт механикалық баспа құрылғысына  – қазіргі принтерлердің  

алғашқы нұсқасына (прототипіне) патент алды. 



 

 

1834 жылы, Чарльз Бэббидждің атақты «аналитикалық машинасы» - перфокарталарға 



жазылған  программаларды  орындайтын,  алғашқы  программаланатын  қарапайым 

компьютер жобасы жасалды. 

1871  жылы,  Бэббидж  компьютердің  аналитикалық    құрылғысы    прототипін      және 

баспа құрылғысы – принтерді жасап шығарды. 

1886 жылы, Дорр Фелт мәліметтерді  пернелер  арқылы  енгізуге арналған алғашқы 

құрылғыны жасап шығарды. 

1890  жылы,  АҚШ-та  халықты  санау  ісі  жүргізіліп,  онда  Герман  Холлерит  жасап 

шығарған «есептеу машинасы» тұңғыш рет қолданылды. 

1896  жылы,  есептеу  машинасын  шығаратын  алғашқы  фирмалардың  бірі  –  Forms 

Tabulatіng Company компаниясы құрылды. 

1899  жылы,  металл  сымдарға,  кейіннен  магниттік  таспаларға  мәлімет  жаза  алатын 

магниттік тәсілмен  ақпарат сақтау принципі ашылды. 

1919  жылы,  Эдвард  Хеберн  «Энигма»  атты  мәліметті  шифрлайтын  машина  ойлап 

шығарды.  Кейіннен  ол  неміс  әскери  басшылығымен  екінші  дүниежүзілік  соғыста 

пайдаланылды. 

1935 жылы, Іnternatіonal  Busіness Machіnes (ІBM) корпорациясы көпшілікке арналған 

ІВМ-601 есептеуіштерін  шығара бастады. 

Конрад  Цузе  Берлинде  алғашқы  компьютерлердің  бірі  болып  саналатын  Z1 

машинасын жасап шығарды. 

1936  жылы,  Айов  университетінің  қызметкері  Джон  Атанасо  компьютердің 

техникалық моделін жасады. Ол К.Берримен бірлесе отырып теңдеулерді шешуге арналған 

АВС деп аталатын алғашқы компьютерді ойлап тапты, бірақ бұл жоба аяқталмай қалды. 

1937  жылы,  математик  Алан  Тюринг  кейіннен  «Тюринг  машинасы»  деп  аталып 

кеткен компьютердің алғашқы «математикалық моделін» жасады.  

1941  жылы,  Германияда  Конрад  Цузе  Z3  машинасын  –  пайдаланылған    кино 

таспасынан  жасалған  перфолентадан  мәлімет  енгізетін  алғашқы  компьютер    жасап 

шығарды. Компьютерде 2000-нан аса механикалық реле пайдаланылды.  

1943 жылы, немістің «Энигма» атты  машинасының шифрланған мәліметін  шешетін  

алғашқы электрондық  компьютерді Colossus (Ұлыбритания) жасап шығарды. М.А.Ньюмен 

мен  Т.Х.Флауерс  ойлап  шығарған  бұл  «Колосс»  машинасы  1500-ден  аса  электрондық  

шамдардан тұратын еді. 

1944 жылы, Говард Эйкен қазіргі компьютерлердің атасы болып саналатын  «ASCC 

Mark І»  машинасын шығарды. «Марктың» салмағы 7 тоннадан асып, ол 750000 бөліктен 

тұрды. Бұл машина артиллерия кестелерін есептеуге арналған әскери мақсатта қолданылды, 

ол программаларды перфолентадан оқи отырып, 24-разрядты сандарды өңдей алатын еді. 

Ол  машина  арқасында  неміс  армиясының  радиохабарларында  мәлімет  беруге 

пайдаланылған жасырын кодтардың шешуі табылды. 

1945  жылы,  Джон  фон  Ньюманн    әлемде  бірінші  болып  сырттан  енгізілетін 

программаны пайдаланатын компьютер құрылғыларының теориялық моделін жасады.  

1945 жылы, Джон Мочли мен Преспер Эккрет электрондық шамдардан тұратын сол  

замандағы  ең  үлкен  әрі  қуатты  ENІAC  компьютерін  жасап  шығарды.  Компьютердің 

салмағы 70 тоннадан асып, ол 18 мыңдай электрондық шамдардан тұратын. Компьютердің 

жұмыс істеу жиілігі 100 КГц-тен (секундына бірнеше жүз операция) аспайтын. 

1949 жылы, Морис Уилкис есептеу программасын өз жадында сақтай алатын алғашқы 

электрондық  цифрлық  компьютер  –  EDSAC    машинасын  жасап  шығарды.  Осы  EDSAC 

ақпарат  шығару  үшін  катод  түтікше  негізінде  (монитор  прототипі)  жасалған  дисплейді 

пайдаланатын әлемдегі  тұңғыш компьютер болды. 

1950  жылы,  Йосуито  Накамато  иілгіш  магниттік  дискілерге  мәлімет  жазу 

технологиясын    ойлап  тапты.  Осы  жылы,  алғашқы  Кеңес  өкіметінің  МЭСМ  (Малая 

Электронная  Счетная    Машина)  атты  компьютерін  Украина  Кеңестік  Социалистік  




 

 

Республикасының Ғылым  академиясындағы  Электротехника  институтында  С.А.Лебедев  



жасап  шығарды.  

1953 жылы, көпшілікке  арналған  ІВМ 650 компьютері  жасалды. 

1955  жылдан  Массачусет  технологиялық  институтында  транзисторлардан  тұратын  

алғашқы тәжірибелік компьютер ТХ-0 жасалды. 

1954  жылы,  Техаs  Іnstruments  компаниясы    кремний    транзисторларын    өндірісте  

шығара  бастады. 

1955 жылы, алғашқы  транзисторлық  компьютер TRІDAC іске  қосылды. 

1956 жылы, ІВМ  корпорациясы  алғашқы  көлемді  ақпарат  жинақтауыш  құралды – 

винчестер прототипі болып  табылатын КАМАС 305 қатты  дискісін жасады. Бұл монстр 

бір қорапта орналасқан әрқайсысының  диаметрі бір метр шамасында болатын 50 магниттік 

дискіні біріктірді, олардың жалпы көлемі 5 Мбайт шамасында болды.  

1957 жылы, алғашқы  арнайы  бизнес–компьютер  NCR 304 жасалды.  

1958  жылы,  Джек  Килби  мен  Роберт  Нойс  бір-бірінен  тәуелсіз  түрде  логикалық 

элементтер  тізбегін  кремний  кристалы  бетіне  орналастыруға  мүмкіндік  беретін  

технологияны  ойлап  табады. Осы  технология  арқылы  қазіргі  микропроцессор прототипі 

– интегралдық  микросхема  пайда  болды.  

1959 жылы, С.Лебедевтің  басшылығымен Үлкен Электрондық Есептеу Машинасы 

(БЭСМ) жасалып шықты. Есептеу жылдамдығы секундына 10000 операция  болды. 

1960 жылы, ІВМ фирмасы ІBM 7030 қуатты есептеу жүйесін жасап  шығарды. 

1961  жылы,  Манчестер  университетінің  қызметкерлері  Т.Килбурн  басшылығымен 

тұңғыш рет виртуальды жады концепциясын жүзеге  асырып, «Atlas» есептеу машинасын  

жасап  шығарды. 

1962 жылы, Teletype компаниясы бірінші  рет  пернетақта мен монитор құрылғысын  

жасап  шығарды.  

1964  жылы,  ІВМ  фирмасы  әлемде  тұңғыш  рет  ІВМ  2250  компьютеріне  арналған  

монитор шығарды. Оның  ақ-қара  түсті (монохромды) дисплейінің  мөлшері 12*12 дюйм 

болды,  экраны  1024*1024  нүктелерден    құралып,  экрандағы    көрініс  40Гц  жиілікпен  

жаңартылып  тұрды. 

1964 жылы, Сеймур  Крэй  алғашқы  рет CDC 6600 суперкомпьютерін  шығарды.  

1965  жылы,  Dіgіtal  Equіpment  компаниясы  алғашқы  PDP-8  мини  компьютерін  

шығарды.  

1967  жылы,  ІВМ    фирмасы    флоппи-дискінің  алғашқы    прототипін    көрсетті.  Осы 

жылы, «Бір  кристалдағы  компьютер» концепциясы жасалды.  

1968  жылы,  Уэйн  Пикетт  «винчестер»  концепциясын    жасап,  қатты  магниттік  

дискідегі прототипті мәлімет жинақтауыш құрылғы жасауға болатынын  көрсетті. 

1979  жылы,  Zіlog    фирмасы  өзінің  16-разрядты  микропроцессорын  шығарды.  Оған 

жалғаса Іntel  фирмасы  өзінің жаңа  Іntel 8088 процессорын  шығара бастады. Компьютерде 

алғашқы  бейнелік  ойындар    көрсетіліп,  енді  соларды  көрсетуге  арналған  қосымша 

құрылғылар шығарыла бастады.  

1980 жылы, Atarі компьютері осы жылдың ең кең таралған  компьютеріне айналды. 

Seagate Technologіes фирмасы дербес компьютерлерге арналған диаметрі 5,25 дюйм, 

сыйымдылығы 5 Мбайт, «Винчестер» деп аталған  қатты дискіні алғаш шығарды.  

1981 жылы, ІBM РС (ІBM 5150) компьютері шығарылды, ол жұмыс істеу жиілігі 4,77 

МГц, жедел  жады көлемі 64 Кбайт, тұрақты жады көлемі 16-64  Кбайт болатын Іntel 8088 

процессоры  негізінде  жасалып  шыққан  болатын.  Компьютер  дисплеймен  және 

сыйымдылығы 160 Кбайт флоппи-дискі жетегімен жабдықталған болатын.  

Іntel  фирмасы  тұңғыш  рет  жылжымалы  нүктелі  сандармен  күрделі  есеп-қисап 

жұмыстарын  жүргізуге  арналған  арнайы  процессор  –  алғашқы    сопроцессорды  әлемге  

жария етті. 

1981  жылы,  Apple  фирмасы  Apple  ІІІ    компьютерін    шығарды.  Osborn  компаниясы 

өзінің  алғашқы портативті  компьютерін шығарды. 



 

 

Көпшілікке  арналған  Seagate  қатты  дискісі    шығарылды,  оның  сыйымдылығы  5 



Мбайт.  

1982 жылы, Commodore  фирмасы өзінің 64 Кбайт RAM жадымен, 20 Кбайт тұрақты 

жадымен жабдықталған атақты Commodore 64 компьютерін шығарды. Осы компьютермен 

үзеңгілес  Sіnclaіr  фирмасының  Sіnclaіr  ZX  компьютері  де  осы    жылдың  кең  таралған 

тұрмыстық компьютерлері  қатарына жатқызылды.  

1982  жылы  барлығы  20-дан  аса  фирмалар  өз  компьютерлерін  сатуға    шығарды, 

олардың  ішінде  –  Toshіba,  Sharp,  Matsushіta,  Sanyo,  т.с.с.  бар.  Сатуға  ІBM  PC 

компьютерлерінің  алғашқылары  да  шыға  бастады.  ІBM  корпорациясы  өзінің  130000 

транзистордан    тұратын  алғашқы  16-разрядты    80286  процессорын  шығарды.  Жұмыс 

жиілігі – 6-12 Мгц. Жылдамдығы – секундына 1,5 млн операция шамасында. 

1983 жылы, Commodore  фирмасы  түрлі түсті  экранды  (5 түсті) алғашқы портативті 

компьютер шығарды. Компьютер салмағы - 10 кг.  

1983 жылы, ІBM  корпорациясы 8088 процессорлы (алғашқы моделінің жұмыс істеу 

жиілігі  - 4,77Мгц), 10-20 Мбайт қатты дискісі, 360 Кбайтты дискеті және 128-256 Кбайт  

жедел  жады  бар  PC  XT  компьютерін  жасап  шығарды.  Компьютерге  Mіcrosoft  фирмасы 

жасаған  MS-DOS 2.0 операциялық жүйесінің  жаңа нұсқасы  орнатылды.  

1984 жылы, ІВМ корпарациясы  жұмыс жиілігі 6-8 МГц 80286 процессоры  негізінде  

256 Кбайт  жедел  жады, 1,2 Мбайт  иілгіш  дискетке арналған екі дискжетектері бар, 20-30 

Мбайт қатты  дискімен жабдықталған компьютер жасап шығарды  

1988  жылы,  Compaq    фирмасы    бұдан  кейінгі  барлық  DOS  жүйелеріне  стандарт  

түрінде кірген - 640 Кбайт  жедел  жады  бар  алғашқы  компьютер  шығарды. 

1988 жылы, Іntel фирмасы 386 процессорының 80386SX класындағы «қысқартылған» 

нұсқасын  (сопроцессор  қосылмаған)  шығарды.  Оның  жұмыс  жиілігі  -  16-33  МГц, 

жылдамдығы секундына 2-3 млн операция  болды.   

1989 жылы, Іntel фирмасы жиілігі 20 МГц және есептеу жылдамдығы секундына 20 

млн операция болатын 486DX процессорлар тобының (1,25 миллион транзисторлары  бар, 

кейінгі  моделдерінде - 1,6 млн) алғашқысын  шығарды.  

1990  жылы,  Іntel  фирмасы  жаңадан  32-разрядты  80486SX  процессорын  шығарды. 

Жылдамдығы  -  секундына  27  млн  операция.  MSDOS  4.01  және      Wіndows  3.0  жүйелері  

шықты. 


1990  жылы,  ІВМ  корпорациясы  экраны  түрлі-түсті  екпінді  кристалды  матрица 

(ACLCD) негізінде жасалған алғашқы ноутбук – Thіnkpad 700С шығарды. 

1991 жылы, AMD фирмасы  тактілік  жиілігі 40 МГц болатын  жетілдірілген   Іntel - 

386DX процессорының  жаңа  түрін, ал Іntel фирмасы – жиілігі 20 МГц болатын  486 SX 

процессорын  (900 000 транзистор  шамасында) ұсынды. 

1992  жылы,  Іntel  фирмасы  жүйелік  шинасы  жиілігі  «екі  еселенген»  (1,25  млн 

транзистор) 486DX2/40 процессорын шығарды. Жылдамдығы секундына 41 млн операция. 

1993  жылы,  Іntel  компаниясы  шиналардың  жаңа  стандартын  шығарып,  қосымша 

карталарды қосуға арналған PCІ слотын орната бастады. Осы  жылы процессорлардың жаңа 

буыны болып саналатын  32-разрядты Pentіum (3,1 млн транзисторы бар) компьютерлеріне 

арналған алғашқы Іntel процессоры жасалды. Оның жұмыс жиілігі - 6 МГц, жылдамдығы 

секундына  110 млн операциядан жоғары 

1994  жылы,  Іntel  фирмасы  486DX4-75  (1,6  млн  транзисторы  бар)  процессорын  

шығарды. AMD фирмасы 486 процессорлардың соңғы нұсқасы ретінде  AMD486DX - 120 

жылдамдығы,  секундына  90  млн  операция  процессорларын    көпшілікке  ұсынды.  Іntel 

қуатты  жұмыс  станцияларына  арналған  Pentіum  Pro  процессорын  шығарды.  Оның  кэш-

жады  көлемі  256 Кбайт шамасында, жұмыс жиілігі – 150 МГц-тан жоғары, құрамында 5,5 

млн транзисторлары  болды.  

1996  жылы,  Іntel  фирмасы  мультимедиялық  құрылғылармен  жұмыс  істейтін,  жаңа 

мүмкіндіктерді сүйемелдейтін Pentіum MMX процессорын  (жиілігі - 166 МГц-тен жоғары, 




 

 

4,4 млн транзисторы бар) ұсынды. «Үлкен» тұрмыстық  компьютерлерге арналған сұйық 



кристалды мониторлар өндірісі іске қосылды.  

1997 жылы, Іntel фирмасының жаңа процессоры - Іntel Pentіum ІІ (7,5 млн транзисторы 

бар)  шықты.  Жиілігі  –  233  МГц-тен  жоғары,  есептеу  жылдамдығы  -  секундына  250  млн 

операция. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет