Тақырып Информатиканың іргелі негіздері Информатиканың пайда болуы және дамуы Есептеу техникасының даму тарихы


  Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата09.06.2020
өлшемі382,12 Kb.
#72775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LK1 TOU

 

4.  Информатиканың ғылымдар жүйесіндегі орны 

 

Информатиканың  дәстүрлі  ғылымдар  жүйесіндегі  (техникалық,  жаратылыстану, 

гуманитарлық  және  т.б.)  орнын  қарастырайық.  Бұл  информатиканың  жалпы  білім  беру 

курсының басқа да оқу пәндерінің арасында алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді.  




 

 

А.П.Ершов  бойынша,  информатика  –  “фундаментальды  жаратылыстану  ғылымы”. 



Академик  Б.Н.Наумов  информатиканы  “ақпараттың  жалпы  қасиеттерін,  оны  өңдеудің 

(жинақтау, сақтау, түрлендіру, орын ауыстыру, беру) процестерін, әдістері мен құралдарын 

зерттейтін жаратылыстану ғылымы”  ретінде анықтайды. 

Фундаменталды  және  жаратылыстану  ғылымдары  арасындағы  айырмашылыққа 

тоқталайық. Негізгі ұғымдары жалпы ғылымдық  сипатта болатын, басқа да ғылымдар мен 

іс-әрекет  түрлерінде  қолданылатын  ғылымдар  фундаменталды  ғылымдарға  жатады. 

Мысалы, математика және философия ғылымдарының осы топқа жататынына ешкім дау 

айтпайды.  Осы  қатарға  информатиканы  да қоюға  болады,  өйткені  “ақпарат”,  “ақпаратты 

өңдеу процесі” т.б. ұғымдар жалпы ғылымдық сипатқа ие.  

Жаратылыстану  ғылымдары  –  физика,  химия,  биология  және  т.б.  -  әлемнің  біздің 

санамызға  тәуелсіз  объективті  болмысымен  байланысты.  Олардың  қатарына 

информатиканы  жатқызу  –  табиғи,  биологиялық  және  қоғамдық  ғылымдар  жүйесіндегі 

ақпаратты өңдеу заңдарының бірлігін көрсетеді.   

Алайда,  көптеген  ғалымдар  информатиканың  басқа  да  ғылымдар  тобымен  - 

техникалық және гуманитарлық (немесе қоғамдық) ғылымдармен байланысты екенін атап 

өтуде. 


Ақпаратты  өңдеудің  машиналық  жүйелерін  құру  және  қызмет  етуі  информатикаға 

техникалық сипат береді. Айталық, академик А.А.Дородницын информатиканың құрамын 

“үш  бөлінбейтін  және  байланысқан  бөліктер:  техникалық,  программалық,  алгоритмдік 

құралдар”  түрінде  анықтайды.  “Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері”  пәнінің 

бастапқы  атауы  қазір  “Информатика”  болып  өзгертілді.  Ол  техникалық,  программалық 

және  алгоритмдік  құралдарды  оқытуға  байланысты  бөлімдерді  қамтиды.  Информатика 

ғылымына    гуманитарлық  (қоғамдық)  ғылымдар  сипаты  да  тән.  Бұл  информатика 

ғылымының  әлеуметтік  ортаның  дамуына  қосқан  үлесімен  түсіндіріледі.  Сонымен, 

информатика – ғылыми білімнің кешендік, пәнаралық саласы болып табылады.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет