Тақырып Информатиканың іргелі негіздері Информатиканың пайда болуы және дамуы Есептеу техникасының даму тарихы


 Информатиканың пайда болуы және дамуы



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата09.06.2020
өлшемі382,12 Kb.
#72775
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
LK1 TOU

 

1. Информатиканың пайда болуы және дамуы 

 

Информатика  термині  60  жылдары  Францияда  электрондық  есептеу  машинасы 



көмегімен ақпаратты автоматты түрде өңдеумен айналысатын саланы атау негізінде 

пайда  болды.  Іnformatіgue  (информатика)  француз  термині  іnformatіon  (ақпарат)  және 

automatіgue (автоматика) екі сөздің бірігуінен пайда болған және "ақпараттық автоматика 

немесе  ақпаратты  автоматты  өңдеу"  дегенді  білдіреді.  Ағылшын  тілді  елдерде  оның 

синонимі computer scіence (компьютерлік техника туралы ғылым) сәйкес келеді. 

Информатика ақпаратты сақтау мен түрлендіруге бағдарланған арнайы құрылымдар - 

компьютерлер шыққанда және оларды адамның өндірістік және қоғамдық өмірінде кеңінен 

колдана бастаған кезде, яғни өткен ғасырдың ортасында дами бастады. 

Информатиканың  адам  қызметінің  жеке  саласы  болып  бөлінуі  ең  алдымен  есептеу 

техникасының  дамуына  байланысты.  Бұған  негізгі  еңбек  сіңірген  микропроцессорлық 

техника  болды.  Оның  70-жылдардың  ортасында  пайда  болуы  екінші  электрондық 

революция болып табылды. Осы уақыттан бастап есептеу машинасының элементтік базасы 

интегралдық  схема  және  микропроцессор  болды,  ал  компьютерді  құру  және  қолдануға 

байланысты сала тез қарқынмен дамуда. «Информатика» термині жаңа мағынаға ие болды 

және  ол  тек  компьютерлік  техниканың  жетістіктерін  бейнелеу  үшін  ғана  емес,  сонымен 

қатар ақпараттарды жіберу және өңдеу процестерімен де байланысты. 

Қазіргі кезде информатика - ақпаратты алудың, сақтаудың, түрлендірудің, таратудың, 

пайдаланудың  барлық  аспектілерін  зерттейтін,  адамның  практикалык  іс-әрекетінің 

ақпараттық  технологияларды  пайдалануымен  байланысты  күшті  қарқынмен  дамып  келе 

жатқан және үнемі толықтырылып, кеңейіп отыратын ғылым. 

Информатика  іс-әрекеттің  негізгі  сегіз  бағыттарын  қамтитын  ғылыми-техникалық 

пәндердің кешені (Cурет 1.1). 



Есептеуіш техника – есептеуіш жүйелерді құрудың жалпы қағидалары талданатын 

бөлім. Мұнда мәселе техникалық бөлшектер немесе электрондық схемалар жайында емес, 

есептеуіш  (компьютерлік)  жүйелердің  архитектурасы  тұрғысынан  алғандағы  олардың 

принциптік шешімі туралы болады. Мұндай классикалық шешім мысалы ретінде – алғашқы 

компьютерлердің  неймандық  архитектурасын,  үлкен  кезеңге  жататын  ЭЕМ-дердің 

шиналық архитектурасын айтуға болады. 



Бағдарламалау  –  программалық  қамту  жүйелерін  талдауға  байланысты  іс-әрекет. 

Мұнда  қазіргі  программалаудың  негізгі  бөлімдерін  атап  өтуге  болады:  жүйелік 

программалық  қамтуды  құру  және  қолданбалы  программалық  қамтуды  құру.  Жүйелік 



 

 

программалар  арасында  –  жаңа  программалау  тілдерін  талдау,  интерфейстік  жүйе  құру. 



Жалпы мақсаттағы қолданбалы программалар арасында ең танымалы – текстілерді өңдеу 

жүйелері, электронды кестелер және берілгендер базасын басқару жүйелері.   



Ақпараттық жүйелер - әр түрлі күрделі жүйелердегі ақпарат ағынын талдау, оларды 

тиімділеу, құрылымдау, сақтау принциптері мен ақпарат іздеуге байланысты сұрақтарды 

шешуге бағытталған информатика бөлімі. Ақпараттық-анықтамалық жүйелер, ақпараттық-

іздеу  жүйелері,  қазіргі  заманғы  аса  үлкен  ақпаратты  сақтау  мен  іздеу  жүйелері  (Іnternet 

жүйесімен қоса), соңғы  уақытта көпшілік назарын аудартуда. Солардың ішінде ең үлкен 

жүйе қатарына – WWW гипертекстік іздеу жүйесі, ал төменгі деңгейде – 09 нөмірі арқылы 

қолданылатын қарапайым анықтамалық жүйені жатқызуға болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Сурет 1.1. Информатиканың бағыттары 

 

Жасанды  интеллект  –  психология,  физиология,  лингвистика  т.б.  ғылымдар 

тоғысында  тұрған  күрделі  мәселелерді  шешуге  мүмкіндік  беретін  информатика  саласы. 

Компьютерді  адам  сияқты  ойлануға  үйрете  аламыз  ба?  Бірақ  біз  адамның  өзі  де  қалай 

ойланатынын  жете  білмегендіктен,  жасанды  интеллект  бойынша  жасалған  тұжырымдар 

жарты ғасырлық уақыт өтсе де, көптеген қиын мәселелерді әлі де болса шеше алмауда. Бұл 

облысқа  тиесілі  талдаулардың  негізгі  бағыттары  -  пікірлерді  моделдеу,  компьютерлік 

лингвистика,  машиналық  аударма,  эксперттік  жүйелерді  құру,  бейнелерді  тану  және  т.б. 

Адам  мен  компьютер  арасындағы  интеллектуалды  интерфейстік  жүйе  құру  сияқты 

маңызды  қолданбалы  мәселе  де  осы  жасанды  интеллект  саласындағы  жұмыстардың 

жетістігіне байланысты. 



Кибернетика,  көбінесе  табиғаттың  әр  түрлі  объектілерін  басқарудың  жалпы 

ұстанымдарымен айналысады. Яғни, кибернетика қолданбалы информатика ретінде жеке 

объектілерді  басқарудан  бастап  (станоктар,  кәсіпорындық  құрылымдар,  автомобильдер, 

т.б.)  өте  күрделі  бүтін  өндіріс  салаларын,  банк  жүйелерін,  байланыс  жүйелерін,  әуелі 

адамдар  қоғамдастығын  басқару  жүйелеріне  дейін  автоматтық  немесе  күрделігі  әр  түрлі 

Теориялық информатика 

Информатика 

Ақпараттық жүйе 

Бағдарламалау 

Кибернетика 

Жасанды 

интеллект 

Қоғамдағы 

информатика 

Есептеуіш 

техника 


Табиғаттағы 

информатика 




 

 

дәрежедегі  автоматтандырылған  басқару  жүйесін  жасау  және  қолдану  саласында 



қарастырылуы мүмкін.  

Кибернетикаға  қаланған  Н.Винердің  негізгі  концепциясы  адам  қызметінің  әр  түрлі 

саласындағы  күрделі  динамикалық  жүйелерді  басқару  теориясын  құруға  байланысты. 

Кибернетика компьютердің бар, жоқтығына тәуелсіз болады. 

Кибернетика - әр түрлі: техникалық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. жүйелердегі 

басқарудың жалпы ұстанымдары туралы ғылым. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет