Тақырып. Жантану ғылымынын оќыту пәні, міндеттері мен маңызы


Бақылапушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын – ала болжап, ол адамға қатысты өз іс әрекетін белгілейді



бет6/17
Дата30.10.2019
өлшемі1,58 Mb.
#50784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
жалпы пс
жалпы пс

Бақылапушы бақылаушының сыртқы түріне қарай оның психологиялық қасиеттерін таразылап, одан не күтуге болатынын алдын – ала болжап, ол адамға қатысты өз іс әрекетін белгілейді.

Әлеуметтік перцепция құрылымы - адамның сыртқы келбетін қабылдау арқылы оның тұлғалық, психологиялық ерекшеліктерін бағалау, таңдау және оған орай өз эмоциялық қатынасын анықтау, соның негізінде бақыланушының іс -әрекетін болжау. Назар алатын жәйт: Сыртқы бейнесіне қарап біз бақыланушының ішкі дүниесін “оқып”, түсінгендей боламыз, оған байланысты өзіміздің сезімдеріміз арқылы іс- әрекетімізді анықтаймыз. Жалпы айтқанда, әлеуметтік перцепция барысында өзгеге эмоциялық баға беріледі де, оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырысамыз, тәртібін алдын – ала жоспарлаймыз, өз тәртібіміздің бағытын белгілейміз.


Әлеуметтік перцепцияның қызметтері:

 өз - өзін тану.

 ортақтасу серігін тану.

 түсіну негізінде өзара іс - әрекет ұйымдастыру.

 эмоциялық қатынас орнату.
Әлеуметтік перцепцияның барысын зерттегенде екі аспекткөзге түседі. Біріншісі қабылдау субъектісінің психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерімен байланыста болса, екіншісі тұлғааралық механизмін талдаумен байланысты.

Адамдар бірін – бірі қабылдағанда, бағалағанда олардың жасына, жынысына, ұлтына, мамандығына, жеке мінездемесіне орай өзгешеліктер байқалады. Мысалы, жасына қарай. Балалар алдымен адамның бет қимылдарына қарап бағалайды. Ересектермен салыстырғанда, балалар көбіне сыртқы белгілерге (киім, көзәйнек, шаш) бейімделген.

Ортақтасу психологиясы қабылдау объектісінің де психологиялық қасиеттерін зерттейді. “Анасына қарап қызын ал” мақалы әлеуметтік перцепцияның бір көрінісі.

Әлеуметтік перцепция механизмдері

Ортақтасу барысында өзін - өзі, өзгені білу және тану механизмдеріне идентификация, эмпатия, аттракция, рефлекция жатады.



Идентификация - өзгенің орнына өзін қойып, оның ішкі дүниесін түсіну, өзгені тану тәсілі, өзін өзгеге ұқсату. Идентификациялану барысында өзгенің құндылықтары, мінез құлықтары, әдеттері өз бойына сіңіріледі. Идентификация, әсіресі, жасөспірімдерге тән құбылыс. Өздері идеал, кумир ретінде таңдаған кісі ( олардың ой бойынша) не істесе, бұлар да өз іс - әрекетін соған ұқсатуға тырысады. “Оның орнында болсам, мен не істер едім?” сұрағына жауап іздейді. Кішкентай қыз ойнағанда өзін мамасына теңестіреді, анасы қалай сөйлесе, сондай дауыс ырғағымен бұл да қуыршағымен сөйлеседі. “Болмасаңда ұқсап бақ” деген мақал соның дәлелі болар.

Эмпатия – эмоциялық түсіну, өзгенің ішкі жағдайын өз сезімдері арқылы қабылдап білу. Эмпатияның негізінде жатқан жәйт - өзгенің ішінде не болып жатқанын, ол не сезіп тұрғанын, дүниені қалай бағалайтынын дұрыс елестетіп білу. Эмпатиясы жоғары дамыған адамның айырмашылығы – бір оқиғаны әр адам әртүрлі қабылдайтынын, солай қабылдауға мүмкіндігі, құқығы бар екенін мойындауында. Эмпатия, отақтасу серігімен эмпатиялық қарым – қатынас құру – психологтардың, психологтардың, әлемметтік қызметкерлердің маңызды кәсіби қасиеттерінің бірі. Эмпатиялық қабілеттерді дамыту адами ортақтасуымен тікелей шұғылданатын мамандардың басты міндеті болып табылады. Мұндай қабілеттер психологиялық машықтар арқылы шынығады.

Аттракция - өзгені танып білудің ерекше түрі, ол өзгеге қатысты тұрақты жылы сезім қалыптастыруға негізделген. Ортақтасу серігін жақсы түсінуге, оған қарай достық не сүйіспеншілік сезімдеріне негнізделген қарым – қатынас себеп болуы даусыз.

Әлеуметтік рефлекция - ортақтасу барысында өзін - өзі тану механизмі. Ортақтасу серігі мен танып – білуі туралы білім, өзге адам мені қалай қабылдайтынын (“сен мені қалай білетініңді мен білемін”) елестету қабілеті әлеуметтік рефлекция деп аталады. Басқа адамдармен байланысы неғұрлым көп болса, басқалар туралы елес мол болса, өзіне басқалар қалай қарайтынын талдай алса, соғұрлым адам өзін терең танып біледі. Өзгелерге өзін аша білу - өзіндік танудың шарты. Ортақтасу барысында басқаларға өзіміздің ішкі дүниемізді аймара ашқан кезде өзіміз де өз жанымыздың байлығына сүңгиміз. Сондықтан, “өзіңді білу үшін өзгеге ашыл” ережесін пайдалануға болады.


Әр адамның өзгелердің іс- әрекеттерінің себебін түсіндіретін әдеттенген тәсілдері болады.

Тұлғалық атрибуция - Әр оқиғаның себепшісін әр жағдайға нақты кінәлі адамды іздеп табатындардың тәсілі.

Жағдайлық атрибуция – Нақты адамды емес, жағдайды кінәлайтындардың тәсілі

Стимулдық атрибуция- Адамның өзін, заттың өзін кінәлайтындардың тәсілі.
Бірін – бірі көптен білетін адамдардың қарым – қатынастарын сызбалау қиынға түседі, ал алғашқы кездесу кезіндегі әсерлерді бір сызбаға келтіруге әбден мүмкін. Адамдар бір – бірімен танысуының басында өзгенің қылықтары мен сезімдерін қабылдағанда, өздерінің өткен өмірде қалыптасқан стереотиптерінің рөлі үлкен.
Артықшылық факторы әлеуметтік қабылдаушының механізмі ретінде ортақтасу серіктері тең болмаған жағдайларға тән.
Ұнамдылық факторы қабылдаушы қабылданушының сыртқы сұлулығын басқа тұлғалық қасиеттеріне де таратуымен байланысты. Әдетте адамдар келбетті әдемі, беті сұлу адамның ішкі дүниесі де әсем, керемет деп санайды. Бойы ұзын, иығы кең жігіттерді, батыл, сенімді, жеңімпаз деп қыздар ұнатып тұрады. Керісінше, бет - әлпеті келіспеген адамды ұнатпау кең тараған.

Бақылаушыға қатынас факторының қайнар көзі - басқалардың оған деген қарым – қатынасының сипаты. Бізбен жақсы қатынас орнатқан кісінің ақылын, ісін жоғары, ал бізді менсінбейтін, не жек көретін адамның іс - әрекетін де , мінезін де төмен бағалаймыз. Үшінші сызбаның қателігі - өзін жақсы көретін адамды жоғары бағалау. Мысалы, “біздің ауылымыздың адамдары сұлу”, “мені сүйгенді сүйемін”, “маған қарсы шыққандар - жаман адамдар”.

Сонымен, алғашқы танысудың механизмі: бейтаныс адамды басына белгілі топтың өкілі ретінде, содан кейін жеке тұлға ретінде қабылдау. Алғашқыда топаралық қатынастар басымырақ болады, кейін тұлғалық арақатынастар іске асады.


Әлеуметтік стереотип туралы түсінік.

Өзге адам туралы алғашқы әсер қалыптасуы әлеуметтік стереотипке негізделген. Әлеуметтік стереотип – белгілі әлеуметтік топтардың мүшелеріне тән кейбір құбылыстар мен адамдар туралы қалыптасқан тұрақты бейнелері мен пікірлері, әдеттегі жорамалдар. Әртүрлі әлеуметтік топтар (ұлттық,кәсіби, діни) белгілі факттерге тұрақты түсініктеме береді, заттарды әдеттегіше талдайды.

Кең таралған стереотиптердің қатарына ұлттық, этникалық стереотиптер кіреді. Белгілі ұлттың типтік өкілдерінің сыртқы бейнесі және мінез ерекшеліктері өзгелерге танымал болады. Мысалы, француздардың жеңілтектігі, американдықтардың іскерлігі, ағылшындардың кербездігі басқа ұлттарға танымал. Сонымен, әлеуметтік стереотип құбылыстар мен заттарды әдеттегідей түсініп жору.

Педагогтық стереотиптер және олардың тәлім – тәрбиедегі рөлі туралы әңгіме қозғайық. Стереотиптеу нәтижесінде мұғалімнің санасында мұратты (идеал) оқушының бейнесі қалыптасады. Мұндай шәкірт ұстазының еңбегін жемісті және жеңіл етеді: жақсы оқиды, тәртіп бұзбайды, сөзді екі етпейді, құлақ салады. Осындай оқушыларды мұғалім сүйкімді адам ретінде де жоғары бағалайды.

Ұстаз өзі ғана өз стереотипінің құрбаны болып қоймай, балаға да кесірін тигізеді. Мұғалімнің сөзіне қарап оқушы өзін - өзі де дәл солай қабылдай бастайды. Әу бастан “нашар”, “әлсіз”, “қабілетсіз”, атағына ие болған бала өзін өзі төмен бағалап, кейде жек көруге дейін жетеді. Керісінше, жылы сезім, жақсы сөз , мақтау мен мадақты жиі еститін бала өз күшіне сеніп, үлкендердің үмітін ақтауға тырысады.

Жақсы оқушыға мұғалім өзі байқамай көбірек жәрдем береді. Бірақ “жаман” шәкіртті сүйрелеумен әлекпін деп санайды.

Стереотипке байланысты жаман оқушыны жиі синап таразыласа, жақсы оқушыны жиі мақтайды. Үлгерімі нашарға “тағы да білмей тұрсың” , “сен үнемі ... ” жалпылама сөздер дайн тұрады.

Мысалы, әлсіз оқушыға мұғалім үлкен үміт артса, “Күту стереотипі ” жақсы нәтижеге де альп келеді.

Әлеуметтік тану процесінің маңызды функциясы – бірлескен іс - әрекеттерді ұйымдастырудың психологиялық негізі ретінде өзара түсінушілікті құру.



15-тақырып:
ОРТАҚТАСУДЫҢ ИНТЕРАКЦИЯЛЫҚ ЖАҒЫНЫҢ

СИПАТТАМАСЫ

(ортақтасу барысында өзара әрекет ұйымдастыру)
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Ортақтасудың интеракциялық жағы.

  2. Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттамасы.

  3. Тұлғааралық өзара әрекеттің құрылымы.

  1. Дау дамайдың психологиялық құрылымы.

  2. Дау-дамай шешілуінің сипаттамасы.

  3. Дау-дамайдың қызметтері

  4. Дау-дамайдың алдын алу.



Ортақтасудың интеракциялық жағы - бүл адамдардын қарым-катынасынын белсенді жағын білдіретін шартты үғым.

Ортақтасу барысында адамдар ақпарат алмасып кана, озара түсінісіп қана қоймайды, олар іс-әрекеттерін жоспарлайды, бір-бірімен әрекет, кимыл алмасады, өзара әрекеттің түрі мен нормаларын аныктайды. Бұ әрекетке бір сәтте көп адамдардың қатынасуы әркім озінің үлесін косуын талап етеді. Бірлескен әрекетте білім және идеялармен алмасу жеткіліксіз, жалпы әрекетті үйымдастыру, оны жоспарлау да аса маңызды. Уйымдастыру мен жоспарлауда жеке адам басында пісіп жетілген ойлардың басқаларды әрекетке жұмылдырудағы рөлі зор.



Ендеше, сөз болатын жайт - ортақтасу серіктерінін ішкі мақсаттары, ортақтасуға қай мотивпен катысатыны, әрекеттің турлерін таңдағанда қандай мотивті қолданатыны.

Тұлғааралық өзара әрекет стратегияларының сипаттмасы

Өзара әрекет жасағанда адамдар әртүрлі мотивтерді мақсат түтады. Солардың ішіндегі маңыздылары:

  • кооперация, жалпы үтысты көбейту,

  • индивидуализм, өз үтысын көбейту,

  • конкуренция, салыстырмалы үтысты көбейту.

  • альтруизм, өзгенің үтысын көбейту,

  • агрессия, өзгенін үтысын азайту,

  • тепетендік, үтыстардың айырмашылықтарын азайту.

Осы кестеге әлеуметгік өзара әрекетке түрткі болатын мотивтің барлыгын енгізе аламыз. Ортақтасудың құралдары, нәтижелері, адамдардың қатынастары қатысушылардың мотивтерінің сипатына тәуелді.

Максатына қарай тиімді жөне тиімсіз ортақтасуды ажыратуға болады. Адамдардың максаттары сәйкес келген жагдайда ортактасу нәтижелі болмақ (кооперация). Ең ұтымсыз мотивтер индивидуализм және агрессия, ортақтасу серігінің қызығушылығы мұлдем назарға алынбағандықтан оның да қорғану стратегиялары коздырылады.

Ортақтасуға катысушылардың бастапқы әлеуметгік мотивтеріне карай олардың өзара әрекеттесу барысындағы бес негізгі стратегиясын бслгілеуге болады.

  • Қарсыласу стратегиясы, ез үтысын көбейту мотивіне сәйкес.
    Адам тек қана өзінің мақсатына бағытталып, өзгенің мақсатын есепке алмайды. "Саған емес, маған".

  • Қашу стратегиясы, өзгенің ұтысын азайту мотивіне сәйкес.
    Шынайы езара әрекеттен қашу, байланыстан бой тарту, өзгенің
    ұтысын азайту үшін өзінін де мақсатына жетпеу. "Саған де емес,
    маған да емес".

  • Жол беру стратегиясы, өзгенің ұтысын көбейту мотивіне сәйкес.
    Ортақтасу серігі максатына жетуі ушін өз мақсатын
    құбандықка салу. "Саған, маған емес".

  • Компромисс стратегиясы, ұтыстардың айырмашылықтарын
    азайту мотивін жүзеге асырады. Шартты теңдік үшін ортактасу
    серіктері өз максаттарына толық жетпейді. "Саған қанша болса,
    маған да сонша".

  • Ынтымақтастык. стратегиясы, кооперация мен бәсскелестік
    мотивтерін жүзеге асырады. Бірлескен әрекетке катысушылардың
    әлеуметтік қажеттіліктерін толыққанды өтеу. "Барлығы саған да,
    маған да".

Соңғы аталған стратегия өзара әрекеттің тиімділігі, қатысушылардын, көңіл-күйі мен өзара қатынастары жағынан ең, нәтижелі болып келеді. Сонымен қатар, бұл стратегия орындалуы жағынан ең қиыны. Ол қатысушылардан психологиялық біліктілікті, ұнамды психологиялык, жағдайды, өзара түсінушілікті, өзгенің ниеттеріне қүрметті талап етеді. Адамдарды ынтымактастык, тәртіпке үйретудің ең тиімді жолы - әлеуметтік-психологиялык машықтар (тренингтер).

Ынтымақтастык - педагогикалық ықпал етудің де тиімді стратегиясы. Бұл жағдайда мүғалім баланы білім алуда өз мақсаты бар адам ретінде қарастырады. Өз мақсатынан бас тартпай тұрып мүғалім баланың тұлғасын зорламай, бағындырмай, өз максатына баулап алғаны жөн, Ынтымақтастык, стратегиясы үстаздың сөзінен де, іс-әрекетінен де, ым-ишарасынан да көрініп тұруы керек. Шәкіртке сүрақ қойғанда, жауап алғанда, өз сезімдерін білдіргенде мұғалімнің ішкі ұстанымы — шәкіртгін көзқарастарын, тілектерін қүрметпен қабылдауы айдан анык болуы шарт.

Түлғааралык, өзара әрекетгің құрылымы

Ортақтасу серіктерінің өзара әрекет алмасуының қай жақтары маңызды, қай жақтары қосымша роль атқарады? Ортақтасудың интеракциялық жағын зерттеген ғалым Р. Бейлс оны сипаттаудың сызбасын жасаған. Оның пікірінше, түлғааралық өзара әрекетті 4 категория арқылы сипаттауға болады.

А. Мүгалімнін әрекеті

  1. Оқушының қатынасын, сезімдерінің көрінісін қабылдап,өзінің қатынасын жай түрде түсіндіреді.

  1. Оқушының әрекетін, тәртібін қолдайды.

  2. Оқушының ойларын дамытады.

  1. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің идеяларына
    негізделген сұрақтарды қояды.

  1. Өз идеяларын түсіндіреді, дамытады.

  1. Оқушы орындауға тиіс болатын бұйрықтарды, нусқауларды
    береді.

  2. Окушыны дауыс көтеріп сынайды, әміршіл стильді
    пайдаланады.

Ә. Шәкірттің әрекеті

  1. Тек қана оқытушының сұрағына жауап қайтарады, өзінің пікірін білдіруі шектелген.

  2. Озінің идеяларын, сұрактарын, үсыныстарын ашык,
    біддірсді, өз ойларын еркін дамыта алады.

Өзара әрекет жағдаяты

  1. Өзара әрекетке қатысушылардың бақылаушыға түсініксіз үндемеуі.

Дау – дамайдың псмхологиялық құрылымын екі ұғым: “дау-дамай жағдаяты” “және” “инцидент” арқылы түсінуге болады.

Дау дамай жағдаяты –дау дамайдың нақтылы негізі, екі жақтың қызуғышылығы мен қажеттілігі арасындағы нақтылы қайшылық.

Инцидент-дау-дамай жағдаятын саналы түрде түсіну.

Дамайдың құрылымы:


  1. Дау-дамай жақтары.

  2. Дау-дамай нысанасы.

  3. Дау-дамай жақтары.

Дау-дамайдың нысанасы (даудың себебі болған нақтылы не идеалды зат) және жақтары (жеке адамдар не топтар) болады.

Дау-дамайға қатысушылардың ішкі және сыртқы позициясын ажырату керек. Сыртқы позиция –қарсыластарға ашық жарияланатын дау-дамайға қатысудың себебі. Ішкі позиция – дау-дамайға қатысудың шынайы себебі, даулы іс-әрекетке кірісуге түрткі болған қызығушылықтар, құндылықтар, мотивтер. Сыртқы және ішкі позициялар біріне-бірі сәйкес болмауы да мүмкін. Көбінесе, ішкі себептерді адамның өзіде сезінбейді, олар адамның бейсанасында ұялайды. Алдын-ала айтсақ, ішкі мотивтер санамен сезу-дау-дамайды шешудің алғышарты.

Сонымен инцидент -өзара әрекетке қатысушылар өздерінің қызықушылықтары мен мақсаттары арасындағы объективті қайшылықты түсінген сәт.

Инциденттің ашық және жасырынды түрлері болады. Жасырынды инцидент қатысушылардың санасына жеткенімен олардың нақты қатынастары мен қимылдарында ешқандай көрініс таппайды. Ашық инцидент дегеніміз қатысушылардың бірқатар өзара ерегісі, жанжалдары.

Отбасында, бастауыш мектепте балалар үлкендерге қарсы шыға алмағандықтан, іштей наразылыққа, қарсылыққа толып жүреді. Ашықтан ашық сезімдерін білдірмеген баланың ішкі күйзелістері оның денсаулығына, көңіл-күйіне, жетістіктеріне жаман әсер ететіні сөзсіз.

Дау-дамайдың даму сатылары:

І саты-нақтылы дау-дамай жағдаятының пайда болуы,

ІІ саты- дау-дамайды санамен қабылдау,

ІІІ саты- дау-дамайлық іс-әрекеттер,



ІV саты- дау-дамайдың шешілуі.

Дау-дамай шешілуінің сипаттамасы

Дау-дамайды шешудің екі негізгі жолы бар: инцидентті өшіру және дау-дамай жағдаятын тарату.

Дау-дамай жағдаятын таратудың әдістері:

-Қатысушыларды бір-бірінен кеңістікте екі жаққа толық ажырату.

Мысалы, ажырасқан жұбайлар бөлек пәтерлерде тұратындықтан, енді жанжалдаспайды. Бірақ, бұл дау-дамайдың толық шешілмегендіктен (ішкі сезімдер өзгермейді) әрі жүзеге асырылуы (мұғалімді не шәкірті басқа сыныпқа, мектепке көшіру оңай емес) қиын болғандықтан күрделі жол.



  • Жағдайдың іштей басқа көз-қараспен қабылдау. Қатысушылардың рухани құндылықтары өзгеріп мүлдем өзгеше түсініп, өзара қарым-қатынастары жақсарады.

  • Тікетірестен ынтымақтастыққа көшіру. Іскерлік саладағы дауларды шешудің әдісі. Қарама-қайшылықтарды азайтып, ортақ мақсаттарды ұлғайтып келісімге келу жолы. Осы жерде делдал (билік өнерді меңгерген адам) қызметі өте маңызды болады.

Дау-дамайдың қызметтері

Дау-дамайды адамдар жағымсыз сезімдермен байланыстырып, одан қалай да болса тезірек құтылудың амалын іздейді. Бірақ, дау-дамайдың тек қана жағымсыз емес, жағымды да қызметі бар.



Дау-дамайдың жағымсыз, бұзу қызметтері:

-бірлескен іс-әрекетті бұзу,



  • адами арақатынастарды жамандату,

  • денсаулықты, көңілді төмендету.

Дау-дамайдың жағымды, қүру қызметтері:

-жскс тұлғаның, топтың, түлғааралык, қатынастардың дамуының, өзара әрекеттердің жана түріне, әдісіне өтудің қайнар көзі,

-топты іріткен факторлардан арылу, тұлға мен топты тоқыраудан құтқару, дамыту,

-қатысушылардың өзара түсінушілігін, денсаулығын арттыру.



Сонымен, дау-дамай жаман емес, оны реттей алмайтын адам жаман!

Дау-дамайдың алдын алу

Дау-дамайларды пайда болған сәтте-ак, шешуге болады, ол үшін осы топты, ұжымды құрастыратын адамдар арасындағы байланыстарды және қатынастарды жүйелі түрде терең талдап түру кажет. Енгізіліп жатқан өзгерістсрдің салдарын алдын-ала ойластыру да дау-дамайды игеру жолы. Әр адам өз сөздері мен қадамдарын жан-жақты тексеріп алса дау-дамайдың шиеленісу жоктың қасы болар еді.

Дау-дамайдын алдын-алудың өз қағидалары бар. Алдымен оның шығу себептерін ашу керек. Дау-дамайдың қайнар көздері: үйымдастыру, арақатынас, даугенді (жанжалксш) тұлға.

Дау-дамайдын ұйымдастыру себептері ұжымдарда өндірісті, мектептерде оқу-тәрбиені үйымдастыру барысындағы олқылыктар. Мысалы, мектепте дау-дамайдың ұйымдастыру себептеріне келісімсіз сабақ кестесі, талаптардың біркелкіліксіздігі, күн тәртібінің кемшіліктері. Мұғалім тандаудың нашарлығы, асхананың болмауы т.с.с. Әсірссе, 1, 9, 11 сыныптарда оку ішкі дау-дамайларға толы.

Дау-дамайдың арақатынас себептері адамдардың билікке таласуы, біріне бірі қоятын қарама-карсы талаптары, әміршіл тәсілдермен бағындыруы, «екіжүзді» моральды қолдануы.

Дау-дамайдын жанжалкеш тұлғалык. Себептері — ішкі дүниесі. Қайшылықтарға басым адам журген жерінде ұрыс, ерегіс. Жанжалдардың қайнар көзі болады. Оған тумысынан дау-дамайдың гені берілгендей. Ондай адамды калай тануға болады? Даугенді адамның касиеттері:



  • көтеріңкі не түсіңкі өзіндік баға,

  • үстемдікке ұмтылу,

  • бірқалыпты ойлау,

  • асып кеткен шыншылдық, бірбеткейлік,

  • жағымсыз сезімдер жиынтыгы (үрей, ашу, ыза, қорқыныш).

Дау-дамайды шешудің ережелері:

  • Даудың жақсы шешілуін қалайсыз ба?

  • Оз сезімдеріңізді жақсылап игере аласыз ба?

  • Қарсыласыңыздың орнында өзіңізді қалай сезінер едіңіз?

  • Делдал, араша керек пе?

  • Ортақ тілді қалай табуға болады?

Осы сұрақтарга жауап тапқан адам өз өміріндегі дау дамайларды азайтып, жаңаларына жол бермейді. Қорыта айтканда, катысушылардыд психологиялык ұстанымдарында, қарым-қатынастарында, ұйымдастыру барысында, болашақты дау-дамайларға дайын болғанда дау-дамай нәтижелі шешілді дей аламыз.

16 – тақырып

Топтар және оның түрлері
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Топ туралы түсінік .

  2. Топтың негізгі қасиеттері және құрылымы

  3. Топтың түрлері.

  4. Топ лидерінің функциясы.

  5. Топтың даму деңгейі.

Топ – бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесуі, яғни адамдар бірлестігі. Топтар шартты, реалды болып бөлінеді. Психология ғылымының айналысатыны нақты (реалды) топтар. Нақты топ дегеніміз- адамдардың іс–әрекеті бір мақсатта бағытталған, олар белгілі бір кеңістікте, азды–көпті мерзім ішінде аралас–құралас жүретін бірлестік. Әрбір адам бірнеше топтың мүшесі болуы мүмкін. Бірақ та соның ішінде біреуіне өте етене жақын болады. Топтар ең алдымен (макро) топ, шағын (микро) топ, ресми және ресмисіз топ, ұйымдасқан топ, ұйымдаспаған контектілі (адамдар ылғида бірімен–бірі жүздесіп жүретін) топ, формалды (ресми түрде арнаулы бұйрық, жарлықпен құрылған) топ, формалсыз (дос–жаран, құрбы–құрдас, семья) топ, жасанды топ, табиғи, шартты (қағаз жүзінде ғана біріктірілген) топ, референттік топ деп бөлуге болады, мәселен, бір кластағы оқушылар, әскери бөлімше, жұмысшылар бригадасы, самалет экипажы реалды (нақты) топқа жатса, ал спорт алаңында, кино залында отырған көпшілік ұйымдаспаған топқа жатады. Бригада мүшелері, студенттер тобы–ресми топ деп аталса, бір отбасындағы жандар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар, ағайын–туыстар ұйымдасқан, ресмисіз топ деп аталады. Топ екі адамнан бастап құралады. Қырыққа дейінгі шағын (класс оқушылары, студенттер тағы басқа) топ, ал мыңдаған, миллиондаған адамдарды біріктіретін топтар (саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни қауым тағы басқа) үлкен (макро) топтар деп аталады. Топтар сондай–ақ ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Болашақ мұғалімдер мен тәлімгерлерді, іскер адамдарды әсіресе референтік топ деген ұғымның мәніне ерекше зейін қою тиіс. Бұл әр–адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тыныс–тіршілігіне әр уақытта бағыт–бағдар беріп отырады, яғни жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Референттік топтың қолайлы тиянақты білім алуға ден қойған (жағымды), тентек балалар тобы (жағымсыз) түрлері де кеадеседі.

Әрбір жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас бір – бір імен тығыз байланысты топтарда болады.

Топ-бұл адамдардын тіршілік ќажетін өтеу ұшін бірлесуі яғни адамдар бірлестігі.

Топтардың мынандай түрлері бар:



  1. Шағын топ

  2. Бастапқы топ

  3. Шартты топ

  4. Нақты топ

  5. Формалды топ

  6. Формалды емес топ

  7. Референт тобы

Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір – бірімен қарым – қатынаста болатын, ортақ мақсатқа ұмтылатын адамдарды шағын топ дейміз. Бұл топқа кіретін адамдар бірін – бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндет болса біріне – бірі көмектеседі. Кіші топ мүшелерінің саны 2- адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды.

Мыс: Отбасының құрамы, өнеркәсіп саласындағы өндірістік бригада, қожалық шаруашылығы, фермерлер, мектеп класы, космос кораблінің экипажы, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі. Топ мүшелері кез–келген адаммен өз қалауынша қатынас жасайды. бірақ, топ мүшесі топтың барлық мүшесімен емес біреуін жақын тұтады. Біреулер өзара жиі қатынасып, олардың қарым – қатынасы жақындық сипат алады. Бұл бастауыш топ болып саналады. Мұндай топ мүшелерінің саны 2 – 7 адамдардан аспайды.

Шартты топ – Адамдардың тек қағаз жүзінде бар қауымдастығы шартты топ деп аталады.

Мыс: спорт тақырыбына жазатын журналистер, әлемнің таңдаулы футболшыларынан команда құрады, ол шартты түрде бар деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет