тақырып.
Жантану ғылымынын оќыту пәні, міндеттері мен маңызы.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Жантанудын ғылым ретіндегі аныќтамасы.
2.Жан ќұбылыстарын ғылыми тұрғыдан тұсіну.
3. Ќазіргі заман психологиясынын міндеттері.
4. Психологиянын ғылымдар жұйесіндегі орны.
5. Психологияны оќып- ұйренудін манызы.
Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б) көпшілігімізге өз тәжірибиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – “псюхе” (жан), екінші – “логос” (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көз қарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша адамзат тәннен тәуелсіз “жан” болады, мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының ,сезімінің, еркінің) иесі де себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуынада алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде
яғни жан мен тәннің толысуы бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата-алмай жан өлгеннен кейін денеден шығып кететіні, мәнгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың натижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б) аралас дамып келді.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылысьарын (түйсік, ес, ойлау, қиял, т.б) тәжіребие жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибиелік ғылым ретінде дамыды. Ғылымның осы саласына экспериментті тұнғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт болды.
Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.
Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.
Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуі жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсенді түрде сөздің көмегімен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтік өмірдің жемісі болғандықтан, оның бейнеленуі ұғым, пікір, ой қорытындысы түрінде көрінеді. Ол белсенді әрекеттену негізінде, әртүрлі объектілермен қатынас жасап, өзі солардың бейнеленуіне мүмкіндік туғызады. Бейнелену – заттың миға әсер етуінен ғана болатын бір жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектінің (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесі. Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейді. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшері, білім, дағды, икемі, тәжірибесіне орай түрлі деңгейде көрініп отырады. Ғылыми түсінік бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретін түсіріп алуға да болмайды. Сана - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның басында, жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.
Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зеттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде, психология бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда. Б.Ф. Ломов «психологияның методологиялық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «бүгінгі күнде психологияның әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да бұлай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады», - деп жазады.
Психикалық құбылыстардың мәнін тануда Б.Ф.Ломов өзінің еңбегінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс-әрекет категориясы жеке адам категориясы, тіл-қатынас категориясы, сондай-ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер- « әлеуметтік » және «биологиялық».
Адамның әлеуметтік және табиғат қасиеттерінің объектив байланыстарын, оның дамуындағы биологиялық және әлеуметтік себеп-салдарлық қатынастарды айқындау ғылым міндеттерінің ең бір қиыны.
Алғашқы он жылдықтарда психологияның теориялық (дүниетанымдық) тарапы басымдау болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы рөлі көп өзгеріске ұшырады.
Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объктив дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуы мен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай
қалыптасқаны айқындалады. Психиканың объектив шындық бейнесі екені белгілі, сондықтан психологиялық зерттеулер ең алдымен психикалық құбылыстардың адамның объектив өмір шарттары мен қызметіне тәуелділігін тануға бағытталуы тиіс. Сонымен бірге, адамдардың әрқандай іс-әрекеті барлық уақытта адам өмірінің объектив жағыдайларымен байланысып қалмастан, оның субъектив мезеттерімен де қатынаста болады. Психологиянын басќа ғылымдар жұйесіндегі орнын тануға орай психологиялыќ деректердін басќа ғылымдарда пайдалану мұмкіндіктерін және керісінше психология олардын нәтижелерін өзіне ќалай ќолданатынын жете тұсінуге болады.Әр тұрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологиянын орны жантану білімдерінін даму денгейі мен сараптау схемасынан келіп шығады.Атап айту керек, ќоғамнын рухани даму тарихында бірде бір білім саласы ғылымдар жұйесіндегі өз орнын психология сияќты жиі өзгертіп тұрған емес.Ќазіргі кұнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап әдісі ќабылданған.Бұл әдіс ғылымдар арасындағы мазмұндыќ жаќындыќќа орай көп тарапты байланыстарға негізделген. ¦сынылған схема-шындарына жаратылыстану, әлеуметтік және философиялыќ ғылымдар ќонаќтаған-ұш бұрыш формасында. Ғылымдардын негізгі тобынын мұндай орналасуы олардын пәні мен әдістерінін психология пәні мен әдістеріне наќты жаќындығынан. Зерттеу барысында ќойылған міндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шындарынын біріне бұрып отырады. Психологиянын жалпы ғылыми білімдер жұйесіндегі ќызметі-зерттеу обьекті адам болған барша ғылым салаларынын жетістіктерін біріктіріп,байланыстыру.Сонымен,психикалыќ ќұбылыстардын адам өмірі мен әрекетінін обьектив жағдайларына тәуелді зандылыќтарын аша отырып,психология осы әсерлердін мидағы бейнелену механизмдерін де айќындайды. Осыған орай,психология физиологиямен,дәлірек айтќанда, жоғары жұйке ќызметі физиологиясымен өте жаќын байланыста болуы сөзсіз. Психологиянын дербес ғылымға айналуында онын 19-ғ. басталған жаратылыстану ғылымдарымен бірлікте зерттелуі ұлкен манызға ие болды.Осы байланыстын нәтижесінле психологияға экспериментальдыќ әдіс енді. (Г. Фехнер),рефлекторлыќ теория ашылды.(И.М.Сеченов, И.П.Павлов). Ќазіргі заман психология проблемаларынын зерттелуіне Ч.Дарвиннін эволюциялыќ теориясы да ұлкен ыќпалын тигізіп, тіршілік иелерінін ќұбылмалы орта жағдайларына икемделудегі психиканын рөлін аныќтауға, жоғары психикалыќ әрекет формаларынын ќарапайым тұрлерден туындайтынын тұсінуге мұмкіндік берді.??
Психология ұшін онын ќоғамдыќ ғылымдармен байланысы ұлкен манызға ие. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану, зан және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Көп жағдайда адамдардын жеке және ұжымдыќ әрекеттерінін механизмі, әрекет, әдет, әлеуметтік бағыт, тәртіп-талап стереотиптерінін ќалыптасу зандылыќтары жөніндегібілімдердін пайдаланбай, кәйіп, сезім, психологиялыќ климатты танып білмей, жеке адамнын ерекшеліктері менпсихологиялыќ ќасиеттерін, ќабілетін, сезімін, мінезін, адам аралыќ ќатынастарын зерттемей, әлеуметтік процестер мен ќұбылыстардын мәні толыќ ашылмайды, яғни, ыќшамдап айтсаќ, әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялыќ факторды ескерту занды ќажеттілік. Психологиялыќ факторлар өздігінен әлеуметтік процестерді бағыттай алмайды, керсінше, олардын өзін осы ќоғамдыќ процестерді талдау арќылы тұсіну мұмкін.
Психологиянын педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн. Әлбетте, бұл сабаќтастыќ бұрыннан да белгілі, кезінде К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жаќты тәрбиелеу ұшін оны жан-жаќты зерттеу ќажет”, -деген еді. Бұл арада психологиянын практикалыќ манызы наќты көрініп тұр. Егер педагогика психологиялыќ ќұбылыстардын табиғаты жөніндегі білімдерге сұйенбесе, онда ол ќара-дұрсін педагогикалыќ кенестер мен көрсетпелер жиынтығына айналып, шын мәнде ғылым болудан ќалып, мұғалімге ешќандай жәрдем бере алмайды. Педагогиканын барша салаларынын (жалпы теория, дидактика, пән әдістемесі, тәрбиесі теориясы) даму барысында психологиялыќ зерттеулерді ќажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалыќ процесс жұру зандылыќтарын; білім, ептілік және дағдылардын ќалыптасуын; адам ќабілеттері мен мотивтерін, онын психикалыќ дамуын тұтастай білу оќудын әр сатысындағы білім мазмұнын аныќтау, оќу мен тәрбиенін ен тиімді әдістерін наќтылау және т.б. сияќты өзекті педагогикалыќ проблемаларды шешуде келелі мағына-манызға ие.
Психологиянын аса ќажеттігі педагогиканын тәрбие проблемаларына орай байќалады. Тәрбиенін маќсаты даму жолындағы ќоғам талаптарына сай жеке адамды ќалыптастыру. Ал бұл маќсатќа жету жеке адамнын ќалыптасу зандылыќтарын: бағыт-бағдар, ќабілет, ќажеттілік, дұниетаным және т.б. зерттеуді ќажет етеді. Айтылғандар ќазіргі заман психологиясынын ғылымдар тоғысында тұрғанынын дәлелі, яғни психология бір жағында философия ғылымдары, екінші тарапында жаратылыстану ғылымдары, ұшінші жағында әлеуметтік ғылымдар болған аралыќта орналасќан
Солай болса да, барша ғылымдармен байланыса, психология өз пәніне, өзінін теориялыќ принциптеріне және өзінін зерттеу әдістеріне иелігімен дербестенетінін ұмытпау керек. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысы сырт көзге байќала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы, психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай ќарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардын тұпкі де тұбегейлі міндеті бір-психикалыќ ќұбылыстын мәнін зерттеу. Психология ќай ғылым саласымен байланысса да, онын зерттеу объектісі жалғыз-аќ: ол-адам, онын психикалыќ процестері, ќалыптары және ќасиеттері.
Жантану ғылымынан хабары бар кісі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас болмысын танып білуге, онымен ылғи да санасып отыруға, сондай-ақ құрбы-құрдас, аға-іні, апа-сіңілі дегендей, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Айналадағы, толып жатқан фактілер мен қағида-ережелерді іріктеп, сұрыптап жүйеге салу түгілі, тіпті бастан кешірген күйініш пен сүйініштің өзін басқа біреуге айтып беру де оңай тірлік емес. Ал, көңіл күйіңді саналылықпен ұғынып, мінез-құлқыңды басқару кімге болса да ауадай қажет.
Психологиядан біршама түсінігі бар адам өзін-өзі аңғара алып, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады. Сонымен бірге кісінің өзін-өзі тәрбиелей алуына, өз мінезінің олпы-солпы жерлерін тап басып, кемістігін түзеуіне, өзіндік сана-сезімдері мен қабілет бейімділіктерін дамыта түсуіне мүмкіндік береді. Жантану ғылымы, әсіресе, өзгелердің жан дүниесін танып-білу үшін қажет. Жан сыры туралы ғылымның негіздерін меңгерген адам алдымен ақыл-ой жұмысын (кітап оқу, лекция тыңдау, өз бетінше білімін көтеру, т.б. ) тиімді етіп ұйымдастыра алуға машықтанады ( шапшаң оқу, тез жазып, жылдам есептеу, қысқа да нұсқа сөйлей алу, тәуліктегі уақытты барынша үнемдеп, дұрыс пайдалана алу, т.б. ) .
Психология пәні, сондай-аќ ілім-білімді миға саналылыќпен тоќудын тұрлі айла,әдіс-тәсілдерін білуге адамды жұмылдырумен ќатар, кісінін ерік-жігерін, ќажыр-ќайратын шындай тұсуге, сезім дұниесін жетілдіре тұсуге жәрдемдеседі.Адамды байќағыштыќ пен байсалдылыќќа, зейінділік пен зеректікке, тапќырлыќ пен ойланғыштыќќа баулып, тәрбиелейді.
2-таќырып
Жантану салалары.
Қарастырылатын мәселелер:
Жантану ғылымынын салалары мен тармаќтарынын дамуы мен ќалыптасуы.
Оларды топтастыру, жіктеу.
Қазіргі кезде психология ғылымы көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған, өрісі кең ғылыми пән. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттермен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса,ол ќазіргі кезде өзінін танымдыќ қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.
Тәлім-тәрбие (педагогикалық) психологиясы.
Бұл пәннің зерттейтіні-адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Оқушының ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу мәселелерін қарастырады.
Сөйтіп олардың даралық ерекшеліктерімен санасып балалардың бір қалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен талім – тәрбие жұмысын жүргізу әдіс-тәсілдерінің психологиясын зерттейді.
Тәлім-тәрбие психологиясының екі тармағы бар:
Оқыту психологиясы.
Тәрбие психологиясы.
Оқыту психологиясы – дидактиканың психологиялық негіздерін, оқытумен білім берудің жекелеген әдістерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастырудың жолдарын қарастырады.
Тәрбие психологиясы – гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді зерттейді.
Жас кезеңдерінің психологиясы.
Әр түрлі жас кезеңіндегі психикалық процестердің табиғи негізі мен азаматтық қасиеттерін, психологиялық салаларын зерттейді. Оның тармақтары:
Балалар психологиясы
Жеткіншек психологиясы
Жастар психологиясы
Ересектер психологиясы
Қарттар психологиясы
3. Арнаулы психология
Бұл адам дамуының бір қалыпты даму жолынан ауытқуын, ми зақымы ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістерін және осы саладағы әр түлі аурулардың себептерін қарастырады.
Оның біршеше тармақтары бар:
Олигофренопсихология
Сурдопсихология
Тифлопсихология
Патопсихология
Олигофренопсихология–ми зақымы ауруымен туған адамдар психологиясының дамуын қарастырады.
Сурдопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Патопсихология – туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейді, грек тілінде ”пато” зардап шегу, ауру деген мағынаны білдіреді.
4. Еңбек психологиясы
Адамның іс-әрекеті түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын өндірістік, кәсіптік жағдайыдың адамға тигізетін әсерінің, құрал-аспаптардың құрылысы мен орналасуын қарастырылады.
Оның тармақтары:
Инженерлік психология
Авиациялық психология
3. Ғарышкер психологиясы. Инженерлік – психология негізінен автоматталған жүйелерді басқару мен әртүрлі операторлардың жұмысын зерттейді.
Авиациялық психология – ұшқыштарды оқыту мен ұшу кезінде орындалатын істердің жай-жапсарын, жалпы адам психикасының әуе кеңістігінде бейімделудегі ерекшеліктерін зерттеп, жоғары дәрежеде ысылған мамандар мен кадрлар даярлап шығару мақсаттарын көздейді.
Ғарышкерлік психологиясы - адамның салмақсыздық пен әуе кеңістігінің айдынында бағдарсыз жағдайда жұмыс істеу кезіндегі қиыншылық жағдайдағы психологиясын, адамның көңіл-күйімен төзімділік көрсету шараларын зерттейді.
5. Медициналық психология.
Дәрігерлер мен аурулардың мінез-құлқын зерттейді. Оның тармақтары:
А) Нейропсихология
Ә) Психофармакалогия
Б) Психотерапия
В) Психопрофилактика және гигиена.
Нейропсихология-психикалық құбылыстар мен жоғары жүйке құрылысының физиологиясын және олардың қатынасын зерттейді.
Психофармакалогия-дәрі–дәрмектердің адам психологиясына әсері мен күшін қарастырады.
Психотерапия- ауру адамға психикалық әдіс-айла және емдік тәсілдер қолдану мәселелерін қарастырады.
Психопрофилактика және гигиена-адамның денсаулығы мен оны нығайту шараларын жүзеге асыру жағын, оның әдіс-тәсілдерін анықтау жағын қарастырады.
Әскери психология.
Азаматты ел-жұрты мен отанын қорғайтын қалқан болуға психологиялық тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгерлердің мінез-құлқы, бастықтармен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынастар, үгіт – насихат жұмыстарын жүргізу, дұшпанға деген өшпенділік сезімдерінің оянып, оған қарсы барлау істерін ұйымдастыру және соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістері зерттеледі.
Әлеуметтік психология
Адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Қазіргі кезде әлеуметтік психология шеңберінде мынандай үш түрлі мәселе қамтылады:
А) Үлкен (ірі) топтардағы психологиялық әлеуметтік жағдайлар.
Мұның құрамында жалпы бұқаралық байланыстар : радио, теледидар, баспасөз т.б кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы әр түрлі хабарлар беріп, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі.
Ә) Кіші (шағын) топтардағы психологиялық жағдайлар.
Топтардағы адам бірігуі, олардың өзара қарым-қатынасының сыры мен хал-жағдайы, топ ішіндегі жетекшілігінің алатын орны, әртүрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар корпорациялар, ұжымдар, ресми және бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, бірігуінің себептері, мақсат мүдделері, шоғырлану деңгейлері зерттеледі.
Б) Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны.
Әлеутеттік психологиялық зерттеудің объектісі-азамат. Олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратын және оларға бейімделу ерекшеліктері де зерттеледі. Сонымен қатар азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығымен бағыт-бағдарын, табандылығы мен көнбістігн, ұжымшылдығы мен мен-мендігін, тұрақтылығымен болжам паздығын зерттеуге де мән береді.
Спорт психологиясы.
Спорт жетекшілерімен бағынушылардың арасындағы қарым-қатынас, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін психологиялық даярлығын т. б зерттейді.
9. Сауда психологиясы –қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет етудің факторлары қарастырылады.
10. Ғылыми-шығармашылық психологиясы - соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі өзіндік ерекшеліктері белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т. б сипаттары зерттеледі.
11. Көркем-өнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психологиясы. Бұл сала бойынша қарастырылатын мәселелер әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары зерттеледі.
12. Салыстырмалы психология.
Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады.
13.Заң психологиясы. Хұқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибие жүзінде қолданудың мәселелерін зерттейді. Бұл саланың үш тармағы бар олар:
1) Сот психологиясы, 2)Қылмыс психологиясы, 3) Еңбек пен түзету психологиясы.
3-тақырып.
Зерттеу әдістерінің түрлерін сипаттау.
Қарастырылатын мәселелер:
Психологиялыќ зерттеулерді ќұру принциптері.
Ќазіргі заман ғылыми психологияда ќолданылатын әдістердін тұрлері.
Психикалыќ ќұбылыстарды олардын дамуы барысында зерттеу.
4. Ғылыми психологиялыќ зерттеулерге ќойылатын талаптар.
5. Зерттеу материалдарын өндеу.
Психологиялыќ зерттеулерді ќұру принциптері.
Психологиялыќ зерттеулердін бірінші принципі – психиканын зерттеудін объективтілік принципі болып табылыды. Бұл принцип кез келген психикалыќ ќұбылымты олар ќандай болса, сол кұйінде ќараудын ќажеттігін білдіреді. Олар адам өмірінін сыртќы жағдайлары және ќызметімен өзара байланыста ғана зерттелуі мұмкін. Бұл талап орындалуы тиіс, себебі психикалыќ ќұбылыстар сыртќы әсерлердін бейнеленуі ретінде ұғынылады.
Объективтілік принципі адамнын психикалыќ ерекшеліктері жайлы онын наќтылы істері мен ќылыќтарына ќарап ќарап дұрыс пікірге келуге болатындыќтан адамды ќызмет процесі ұстінде зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыќќа ала отырып, психикалыќ ќұбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тән, сондай-аќ тән емес жағдайларда зерттеу керек. Осындай жағдайда ғана адамды жан-жаќты және мәнді нәрсенін ешќайсысын назардан тыс ќалдырмай зерттеуге болады.
Объективтілік принципі жиналған материалды өндеуде де көрініс табуы тиіс. Алынған фактілердін барлығы, онын ішінде бір-біріне ќарама-ќайшыларды да жан-жаќты талдауға тұсуі керек. Ќарама-ќайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Оларды ешќашанда жай ќарамай тастауға болмайды, ќайшылыќ себебін міндетті тұрде табу керек немесе ќосымша тексеру жұмыстарын жұргізу керек. Жиналған материалды өндеу кезіндегі объективті принципі кез келген тұжырым наќты фактілер негізінде жасалатындығынан көрінеді. Сонғы ќорытынды белгілі бір болжам ұсынуға болмайтындығын білдірмейді, тек ұсынған топшылаудын дұрыстығын фактілі материалмен дәлелдеуге міндеттейді.
Психологилыќ зерттеулерді ќұрудын тағы бір өте манызды принципі – психикалыќ ќұбылыстарды олардын дамуы барысында зерттеу принципі. Егер объективті дұние ұдайы ќозғалыста және өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудін ќозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мұмкін емес ќой.
Психикалыќ ќұбылыстарды олардын дамуы барысында зерттеу адам бойында ќалыптасып болған психикалыќ ќасиеттерді ғана емес, сонымен ќатар жана ғана пайда болып келе жатќан психикалыќ ерекшеліктерді де зерттеуді талап етеді. Жана ќалыптаса бастаған ерекшеліктерді зерттеудін, әсіресе оќушы психикасын ќарастырудағы манызы ерекше. Мұнда басты назар балалардын айќын анаыќталған психикалыќ ерекшеліктерне емес, болаќшаќтағы даму перспективасын белгілей алатын психикалыќ саналарына да аударылғаны абзал. Егер де мұғалім болашаќќа батыл ќарап, әр оќушынын болашаќ дамуын алдын ала болжай білмесе, бұкіл оќу тәрбие жұмысын бір арнаға тұсіріп, ќойылған маќсатќа орай жұргізу мұмкін емес.
Әр тұрлі жағдайларда, әр тұрлі ќызмет бабында, басќа адамдармен ќарым-ќатынысында жеке адамнын сан-саласы психикалыќ ерекшеліктері, жеке адам ретіндегі бет бейнесі ашылады. Сонымен бірге аќиќат өмірдін алуан салалылығына ќарамастан, әр адам өз кұйінде ќалады, тек өзіне ғана тән индивидуалды психикалыќ ќасиеттерін саќтайды. Сондыќтан психологиялыќ зерттеуді ќұру принциптерінін бірі жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принципі болып табылады.
Анализдік зерттеу психиканын элементтерін жеке адамнын өмірі және ќызметінін әр тұрлі жағдайында тануға мұмкіндік береді, ал синтездік зерттеу барлыќ және психикалыќ көріністердін өзара байланысын аныќтауға және белгілі бір адамды толыќ сипаттайтын тұраќты ќасиеттерді табуға көмектеседі.
Анализдік-синтездік принципті ұстау ќажеттілігі жеке адамды терен, жан-жаќты зерттеу, танымдыќ, эмоциялыќ, ерік-жігерлік процестердін жеке жаќтарын, жеке ќасиеттерді зерттеу сияќты барлыќ осы сәттердін адамнын тұтас психикалыќ бейнесіндегі өзара байланыстарын, өзара шарттылыќтарын зерттеуді ќажет ететіндігінен де болып отыр. Бұл екі бағыттын ќатан бірлікте болуы, біржағынан, жеке көріністерін зерттемейінше жеке адамнын психикалыќ ерекшеліктерін тұсінуге және дұрыс бағалауға болмайтындығын, ал, екінші жағынан, жеке адамнын ерекшеліктерін оларды бір-бірімен салыстырмайынша, олардын өзара тәуелділігі мен бірлігін ашпайынша ұғынуға болмайды.
Психологиялыќ зерттеулерді ќұруда анализдік-синтездік принципті басшылыќќа алу әр адамнын психикалыќ бейнесінде белгілі бір тарихи кезендегі барлыќ адамдарға немесе белгілі тапќа тән жалпы ұќсастыќ, сондай-аќ ерекшелік, индивидуалдылыќ болатындыќтан да ќажет. Жеке адамды зерттеу процесі кезінде онын ќандай жалпы типтік және индивидуалды ќасиеттерге ие екенін, осы ќасиеттердін ќандай ќатыстарда екендігін аныќтау ќажет.
Сонымен психологиялыќ зерттеулерді ќұрудын негізгі принциптері: объективтілік принципі, психикалыќ ќұбылыстарды олардын дамуы барысында зерттеу принципі және жеке адамды анализдік-синтездік зерттеу принциптері болып табылады.
Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін, осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән әдіс, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден өтіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқвн. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс - әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да, бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі.
Жантануда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осындай негізгі әдістердің біріне байқау әдісі жатады.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай–ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады. Сондай – ақ адамның ерік күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін обьектіні суретке түсіру үшін – фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
Зерттелетін обьектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау обьектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын болсақ, мақсатымыз – оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу;
Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелушінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқиятталдау жасау; басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |