аралас наркоз – бір мезгілде екі немесе одан да көп зат қолданылады;
қосарланған (комбинирленген) – операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа заттармен қосып енгізу (миорелоксанттар, анальгетиктер, ганглиоблокаторлар).
Эндотрахеальді наркоздың артықшылығы:
тез ұйықтату, қозу сатысының болмауы;
анальгезия немесе III1 сатыларында операция жасау мүмкіндігі;
наркотикалық заттардың шығын мөлшерінің азаюы;
наркоздың токсикалық әсерінің төмендеуі;
наркоздың оңай басқарылуы;
аспирациялық асфиксияның алдын-алуы;
кеңірдек пен бронхтардың санациясын жүргізу мүмкіндігі.