Тақырып: “Жергілікті анестезия”


Анестезиология - грек тілінен аударғанда “А” – жоқ, “естезия”- ауырсыну сезімі, “логия”- оқу, ғылым, яғни ауырсынуда болдырмауды зерттейтін ғылым



бет4/7
Дата13.12.2021
өлшемі1,71 Mb.
#125239
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция № 2 Жалпы анестезия. Жергілікті жансыздандыру

Анестезиология - грек тілінен аударғанда “А” – жоқ, “естезия”- ауырсыну сезімі, “логия”- оқу, ғылым, яғни ауырсынуда болдырмауды зерттейтін ғылым.

  • Медицина ғылымының бұл саласымен шұғылданушы дәрігер анестезиологтар, орта медицина қызыметкерлері анестезистер деп аталады.
  • Ауыру сезімін білдіртпеу үшін қолданылатын көптеген шаралардың жинағын жансыздандыру деп атайды.

Тақырып: “Жалпы жансыздандыру”

Тарихы

  • XVІ ғасырда француз хирургі Амбруаз Паре аяққа ампутация операция жасау кезінде нерв бағаналарын қысу арқылы жансыздандыру тудырған, ал Абу-Али Ибн-Сина (Авиценна) жансыздандыру үшін салқын мұз басуды қолданған. Тек, ХІХғасырдың ортасында улылығы аз, ауырсынуды болдырмау қасиеті жеткілікті дәрі-дәрмектердің пайда болуы жансыздандырудың жаңа жолдарын ашты. Tic дәрігері Уэльстің 1844 жылы Америкада азот тотығын тіс жұлу үшін тұнғыш пайдалануы жансыздандыру ғыльмының ашылуы деп айтуға болады. Содан соң, 1846 жылы Американ дәрігері Мортон 16 қазан айында, ал Ресей дәрігері Н.И.Пирогов 1847 желтоқсан айында эфир ертіндісін жансыздандыруға пайдаланды. 1879 жылы орыс ғалымы Анреп новокаин ертіндісінің жансыздандыру шақыратын қасиетін тапса, Вишневский және оның мектебі новокаин ертіндісін жергілікті жансыздандыруға қолдану тәсілдерін зерттеп практикалық медицинаға енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет