Беткей ауырсыну сезімталдығы жойылады( бірақ тактилді және жылуға сезім-талдығы сакталады)
Қан қысымы және тамыр соғысы бұрынғыдай
Көз қарашықтары жарықты сезеді
Тітіркенулер сақталады
Сондықтан бұл сатыда беткей орналаскан іріңдіктерге ( карбункул, абсцесс, флегмона т.б.с.с.) операция жасауға және диагностикалық зерттеулер жүргізуге болады.
Қозу , көтерілу (ІІ сатысы):
Қозу , көтерілу (ІІ сатысы):
Орташа узактығы 7-15 минутке созылады
Науқас есінен айырылады
еріксіз қатты қимылдап. орнынан тұрғысы келеді
көп сөйлеп, айқайлайды, бірақ, өзінің бұл қимылдарын сезбейді
Терісі қызарып, қан қысымы көтеріледі, тамыр соғысы жиілейді.
Көз қарашығы кеңейеді, оның жарық сәулесіне сезімталдығы сақталады.
Бронхтардан сілекей көп бөлініп, құсу байқалуы мүмкін.
Наркоздың бұл сатысында науқасқа операция немесе диагностикалық зерттеу жүргізуге болмайды.
хирургиялық саты (ІІІ сатысы)
хирургиялық саты (ІІІ сатысы)
хирургиялық операциялар жасалынады
4 дәрежесі бар:
1дәрежесі: тыныс алуы, қан қысымы, тамыр соғысының жиілігі қалпына келеді. Бұлшық ет тонустары көтерінкі, сондықтан бұл деңгейде қуысты ағзаларға операция жасау қиындық тудырады.
2дәрежесі: бұлшык ет тонустары төмендеп, үлкен операциялар жасауға мүмкіншілік болады
3дәрежесі: терең наркоз, барлық рефлекстер жойылған. Бұлшық еттер босап, жақ салбырап, тіл түбі-кеңірдекті жауып, тыныс алуды токтатуы, яғни асфиксия тудыруы мүмкін. Наркоздың бұл деңгейі науқас өміріне қауіпті.
4дәрежесі: науқас өміріне өте қауіпті, себебі науқастың тыныс алуы, қан айналысы тоқтап, өлімге соқтырады.
Ояну немесе наркоздан шығу (ІV сатысы)
Ояну немесе наркоздан шығу (ІV сатысы)
Барлық белгілері кері тәртіпте жоғалады
Наркоздың бұл сатысында наркотикалық препараттарды енгізу тоқтатылады, науқас біртіндеп наркоздан шығады.
Премедикация
Премедикация
операция жасалуына 30-40 минут қалғанда бұлшық етке примедикадия жасалады.
Оның құрамына:
1мл- 2% промедол
0,5 мл- 0,1 % атропин сульфат
1мл-І% димедрол егіледі.
Жедел операция кезінде, асқазан қуысы арнайы асқазанды жууға арналған зондтың көмегімен тазаланады. Примедикация операция жасалатын бөлмеде жасалады.
Наркоздан болатын асқынулар
Наркоздың асқынулары.
Барлық наркоз кезінде кездесетін асқынуларды негізгі үш топқа бөлуге болады:
1) жалпы жансыздандыруға;
2) жақ-бет аймағындағы патологиялық кезеңдерге, науқастың жалпы жағдайына, ота ерекшеліктеріне;
3) анестезиолог пен хирург жіберген техникалық қателіктерге байланысты асқынулар.
Клиникалық көрінісіне байланысты асқынулар 4 топқа бөлінеді: