Тест сұрақтары:
1. Сыныптағы балалардың бәрімен тең дәрежеде қарым-қатынас жасау сізге қиын ба?
2. Мұғалім сіздің материалды қаншалықты жақсы меңгергеніңізді тексеремін деген кезде қобалжисыз ба?
3. Мұғалімнің барлық талаптарын орындау сізге қиын ба?
4. Кейде сабақты білмегеніңіз үшін мұғалімнің ашуланғаны сіздің түсіңізге кіреді ме?
5. Сізді сыныптасыңыздың біреуі ұрап-соққаны бар ма?
6. Жаңа сабақ өтіп жатқанда өзіңіз жақсы түсінгенше мұғалім асықпаса екен дейтін кезіңіз жиі болады ма?
7. Тақта алдында тапсырманы орындау немесе жауап беру кезінде қатты қобалжисыз ба?
8. Қандай да бір қателік жіберіп қоймаймын деп ойлап, ал сабақ үстінде өз ойыңызды жеткізуге қорықатын кезіңіз болған ба?
9. Тақтаға шығарғанда тізеңіз дірілдейді ме?
10. Әр түрлі ойын ойнағанда бірге оқитын балалар сізді мазақтайды ма?
11. Сіз күткен бағаңыздан төмен баға қойған кезі болған ба?
12. Екінші жылға сыныбымда қалуым мүмкін деген ой и сізді қобалжытады ма?
13. Өзіңізді басқалар таңдап алмайтын шығар деген оймен таңдай жүргізілетін ойындардан қашқақтауға тырысасыз ба?
14. Тақтаға шығарғанда әзілдесетін кезіңіз болады ма?
15. Сіздің істегіңіз келген нәрсені бірге оқитын жолдастарыңыздың біреуініңде істегісі келмейтінін сезетініңіз болады ма?
16. Тапсырманы орындау алдында қатты қобалжисыз ба?
17. Ата-анаңыз күткен бағаны алу сізге қиын ба?
18. Сыныпта есенгіреп қаламын деген қорқыныш сезімге жиі бөленесіз бе?
19. Жауап берген кезде қателессеңіз жолдастарыңыз күледі ме?
20. Бірге оқитындарға ұқсайсыз ба?
21. Тапсырманы орындап болғаннан соң, оны дұрыс орындадым деп
қобалжисыз ба?
22. Сыныпта тапсырманы орындау барысында барлық орындау жолдары есімде сақтаймын деген сеніміңіз күшті ме?
23. Кейде тақта алдында жауап бере алмай тұрғаныңыз түсіңізге кіреді ме?
24. Сыныптастардың көпшілігі сізге достық сезім білдіретіні рас па?
25. Істеген жұмысыңыздың нәтижесін басқалардың салыстырғанын білсезіз ынталанып орындайсыз ба?
26. Жауап беріп жатқанда озырақ қобалжуды байқайсыз ба?
27. Кейде айтыс-тартысқа түсуге қорқасыз ба?
28. Мұғалім сіздің сабаққа дайындығыңызды тексеремін дегенде жүректің қатты дүрсілдегенін сезесіз бе?
29. Сізге жақсы баға алсаңыз жолдастарыңыздың ішінде кейбіреулері
жағымпазданып баға алды деп ойлайды ма?
30. Балалар ерекше көңіл аударатын жолдастарыңызбен өзіңізді еркін сезінесіз бе?
31. Сыныптағы балалар сізге тиістіріп сөйлейтін кезі болады ма?
32. Оқу жоспарын орындай алмаған оқушылар өзіңізге деген ықыласын жоғалтып алады деп ойлайсыз ба?
33. Бірге оқитындардың көбісі сізге назар аудармайтындығы рас па?
34. Ерсі көрініп қаламын деп жиі қамсынасыз ба?
35. Жолдастарыңыздың ата-анасы сияқты сіздің ата-аналарыңыз мектептегі отырыстарды ұйымдастыруға көмектеседі ме?
36. Мұғалімдердің сізге деген көзқарасына ризасыз ба?
37. Айналадағы адамдар сіз туралы не ойлайтындығы сізді қобалжытады ма?
38. Бұрынғыға қарақанда қазір және келешекте жақсы оқитыныңызға үміттенесіз бе?
39. Сіз мектептегі жолдастарыңыздай жақсы киінемін деп ойлайсыз ба?
40. Сабақта жауап беру барысында басқалар сіз туралы не ойлап отыр екен деп ойланасыз ба?
41. Сыныпта жақсы оқитын баланың басқалардан ерекше құқығы бар ма?
42. Бірге оқитын балалардың кейбіреуінен жақсы табысқа жетсеңіз олар сізге ашуланады ма?
43. Сыныптағы оқушылардың сізге деген қатынасына ризасыз ба?
44. Мұғаліммен оңаша қалсаңыз өзіңізді ыңғайлы сезінесіз бе?
45. Сыныптастар сіздің қабілетіңізді, тәртібіңізді күлкіге көтереді ме?
46. Басқа балаларға қарағанда қожалжығышпын деп ойлайсыз ба?
47. Егер жауап бере алмай қалсаңыз жылармандай болып қалғаныңызды сезінесіз бе?
48. Төсекке жатқаннан соң ертең мектепте не болар деген ой сізді
тынышсыздандырады ма?
49. Күнделікті тапсырманы орындау барысында бұрын жақсы білгендеріңізді мүлдем ұмытқаныңызды сезесіз бе?
50. Тапсырманы орындау барысында қолыңыздың аздап дірілдеген кезі болады ма?
51. Мұғалім тапсырма беремін деген кезде мазасызданғанып, қобалжығаныңызды сезесіз бе?
52. Біліміңізді тексерген кезде төмен баға аламын деп қорқасыз ба?
53. Сыныпқа берілген тапсырманы орындай алмаймын деп қорықасыз ба?
54. Кейде түсіңізге сіз орындай алмаған нәрсені басқалар түгел орындағаны кіреді ме?
55. Мұғалімнің түсіндіргенін басқалар сізден жақсы түсінгенін сезесіз бе?
56. Мектепке бара жатқанда бүгін тексеру жұмысы болады ма деген ой сізді мазасыздандырады ма?
57. Тапсырманы орындау барысында әдеттегіден нашар орындап жатқаныңызды сезінесіз бе?
58. Тақтаға шақырғанда сынып алдында тапсырманы орындау барысында қолыңыз аздап дірілдейді ме?
Бұл тест қолданбалы зерттеулерде, мектеп психологы, әсіресе клиникалық психодиагностика саласында және шынайы диагностикалық нәтижелер алу үшін қолдануға болады.
Мазмұндық сипаттама:
мектепішілік жалпы мазасыздану – баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады: мұғалімдермен тіл табысуы, сабақтарға үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болатындардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй-жағдайы;
әлеуметтік стресс жағдайында болу – баланың әлеуметтік қатынасының қалыптасқандығы: құрдастармен қатынасуы, оқушылар арасындағы статусы, баланың бір салада өте табысты болуы, оған тәуелділердің барлығы, жолдастарының оның пікірімен санасатындығы, басқалар алдында беделдігі;
табысты болуға қажеттілік фрустрациясы – балаға табысты болуға мүмкіндік бермей отырған неше түрлі жағымсыз жағдайлар және олардың түрі, көптігі, баланың осы проблеманы шешуге мүмкіндігінің барлығы немесе жоқтығы, қажеттіліктерінің түрлері, спорттағы табыстылығы, оқу барысындағы жетістіктер т.б.;
баланың өзін-өзі байқауы мен бағалауы – басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен байланысты оң эмоциялары немесе олақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күйзеліс жағдайлары, осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі;
оқушының білімін тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы – оқып, біліп алған нәрселерін тақтаның алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, мазасыздануы;
айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы – ата-анасының алдында жауаптымын, оларды ренжітпеу керекпін деген ойы, төмен баға аламын деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі;
стресске психофизиологиялық қарсы тұруы төмен болуы – өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыра алмауы, мектепішілік әрекеттерінде салақтық элементтерін көрсетуі, көпшілік алдында ептілік білдіре алмауы, нәтижесінде қоршаған орта тітіркенгіштері әсеріне реакциясының жоғары болуы;
мұғалімдермен қарым-қатынас жасауға оқушының қорқатыны, мектептің кейбір мәселелеріне оқушының дайын болмауы, мәліметтердің аздығы, оқушының бойына мазасыздық синдромын туғызуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |