Тақырып: «Жеткіншек жаста мазасызданудың нормада және ауытқуда көрініс беруі»


Темпераментті анықтауға арналған Айзенк тесті



бет20/26
Дата19.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#129497
түріРеферат
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
Соңғысы Абылай 07.05.2020

6. Темпераментті анықтауға арналған Айзенк тесті.

  1. Тынығу үшін немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?

  2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?

  3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?

  4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?

  5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала асықпай ойланып аласыз ба?

  6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?

  7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?

  8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?

  9. Ешқандай себепсіз өзіңіздң бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?

  10. Дауласу барыснда неге де болса бел байлауға даярсыз ба?

  11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?

  12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағдай болады ма?

  13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауңыз жиі болады ма?

  14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?

  15. Адамдармен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?

  16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?

  17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?

  18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?

  19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қопаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

  20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

  21. Арманға жиі бөленесіз бе?

  22. Сізге дауыс көтергенде солай жауап бересіз бе?

  23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

  24. Сіз өзіңізді кінәлі деп сезінуіңіз жиі болады ма?

  25. Сіз өз сезіміңізді жүгінбестен, көңілді ортада жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?

  26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?

  27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейсіз бе?

  28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті одан да жақсы орындауға болар еді деген ойға бөленесіз бе?

  29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?

  30. Сіздің өсек айтатын кездеріңіз бола ма?

  31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кезіңіз бола ма?

  32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

  33. Кейде жүрегіңіз қатта соғады ма?

  34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

  35. Кейде қалтырап-дірілдеп кететін уақытыңыз бола ма?

  36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?

  37. Бір-бірін әзілдеп отыратын ортаны ұнатасыз ба?

  38. Сіз ашушаңсыз ба?

  39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнай ма?

  40. Сізді ешуақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалай ма?

  41. Сіз асықпай, жәй қимылдайтыныңыз рас па?

  42. Жұмысқа біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?

  43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?

  44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?

  45. Сіз жиі аурасыз ба?

  46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?

  47. Сіз шыдамсыз ба?

  48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адамдар бар ма?

  49. Өзіңізге сенімдісіз бе?

  50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?

  51. Көптеген адам қатынасатын іс -шаралардан ляззат аласыз ба?

  52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?

  53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?

  54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келе ме?

  55. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы ойланатын кездеріңіз бола ма?

  56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?

  57. Сізді ұйқысыздық мазалай ма?

Айзенк тесті арқылы (темпераментті, мазасыздықты анықтауға болады).

Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері (1-кесте ).
1-кесте . Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері

Бағалау көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

Холерик

10

Меланхолик

13

Сангвиник

9

Флегматик

8

Тест жұмысына барлығы 40 екі сыныптың оқушылары қатысты. Қатысқан оқушылардың темпераментін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықтадық.

Холерик – айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында- психопат.

Меланхолик – тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөлініп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Сангвиник - тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас –жоралары көп, өмір сүйгіш адам.

Флегматик - тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, денсаулығын бір қалыпта сақтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет