Тақырып: «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары.»



бет15/17
Дата03.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#173547
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ПДД поурочки

Күні:09.02.2023


Тақырып: «Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі және олардың сенімділігі.»

Механикалық көлік құралы жүргізушісінің міндеттері:


Келесі заттарды өзімен бірге алып жүруі жəне ішкі істер органдарының (полиция) оған уəкілетті лауазымды адамдарының талап етуі бойынша оларға тексеруге беруге;



  • көлік құралын жүргізу құқығына жүргізушінің куəлігі (жүргізуші куəлігінің орнына берілген куəлік жəне жүргізушінің жеке басын куəландыратын құжат);

  • көлік құралдарын тіркеу құжаттары;

  • көлік құралының иесі болмағанда басқарған жағдайда – осы көлік құралына иелік етуді немесе пайдалануды, немесе билік ету құқығын растайтын құжат;

  • мемлекеттік техникалық байқаудан өткендігі туралы құжат;

  • заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі жəне немесе жолаушылардың алдында тасымалдау- шының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтан- дыру жөніндегі сақтандыру полисі;

  • белгіленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.

Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшін Көліктің бақылау комитетінің қызметшілеріне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзеге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсін. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көліктік бақылау комитетінің қызметшісіне көлік құралын басқару құқығы үшін жүргізушінің куəлігін (жүргізуші куəлігінің орнына берілген куəлік пен жүргізушінің жеке басын куəландыратын құжат) алу үшін көлік құралына арналған тіркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған тіркеу құжаттарын тапсырады.

Қауіпсіздік белдігімен жабдықталған көлік құралдарында қозғалыс кезінде белдіктенген болуы, белдік тақпаған (12 жасқа дейінгі балаларды, үйренушінің көлік құралын басқарған кезде үйретуші, ал елді мекендерде, тұрғын үй аймақтарында, бұдан басқа, шұғыл жəне арнаулы қызмет автомобильдерінің жəне такси жүргізушілері мен жолаушыларына белдік тақпауына жол беріледі) жолаушыларды тасымалдамау.


Жолаушыларды тасымалдау кезінде 12 жасқа дейінгі балаларды көліктің алдыңғы орындықтарына арнайы креслоға отырғызып тасымалдау керек.
Шұғыл жəне арнаулы қызметтер тізбесін Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі белгілейді.
Мотоциклді жүргізген кезде түймеленген мотошлем киюге жəне түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет