Жүк автомобилінің шанағында жолаушыларды тасымалдауға жиырма бес жастағы, «С» санатындағы (кабинадағы жүргізушіні қосқанда 8 адамнан артық тасымалдау кезінде – «С» жəне «Д» санаттары) көлік құралдарын басқару құқығына куəлігі жəне осы санаттағы көлік құралын басқаруда бес жылдан артық өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі.
Ескертпе. Əскери жүргізушілерге жүк автомобильдерімен жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беру Қазақстан Республика- сының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.
Жолаушыларды тасымалдауға арналған жəне жүргізушінің орнын есепке алмағанда, отыратын орындарының саны сегізден асатын, бірақ алтыдан аспайтын автомобильдермен («D1» кіші санаты) жолаушыларды тасымалдауға жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға рұқсат етіледі.
Жолаушылар мен жүкті тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары техникалық регламенттердің талаптарына сəйкес болуға тиіс.
Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толықтай қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
Жолаушыларды ернеулік платформасы бар жүк авто- мобилінің шанағында, егер ол Негізгі ережелердің 4-тармағының талаптарына сəйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жүк автомобилінің жүргізушісі жол жүрер алдында жолаушыларға міну, түсу жəне шанаққа орналасу тəртібін түсін- діруге; қозғалыс кезінде тұруға жəне бортқа отыруға тыйым салынатындығын ескертуге тиіс.
Көліктің орнынан қозғалуын жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау шаралары қамтамасыз етілгеніне көз жетілгеннен кейін бастауға болады.
Ернеулік платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшін жабдықталған жүк автомобилінің шанағында жолда жүруге, олар ернеудің деңгейінен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, жүкті алып бара жатқан немесе жүк əкелуге жіберілген адамдарға рұқсат етіледі.
Бағдарлық емес автобуспен немесе бүркеме-шанақты жүк автомобилімен балалар тобын тасымалдаған кезде олармен бірге, ал борттық платформасы бар жүк автомобилінің шанағында Ереженің 4- бөлімінің талаптарына сəйкес қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуге міндетті кемінде екі ересек (18 жастан асқан) алып жүруші болуға тиіс.
Жүргізуші жолаушыларды отырғызуды жəне түсіруді көлік құралы толық тоқтағаннан кейін, ал қозғалысты есіктер жабылған бастауға жəне оларды толық тоқтағанға дейін ашпауға тиіс.
Жолаушыларды:
автомобильдің (борттық платформасы немесе бүркемелі шанағы бар жүк автомобильдерінің шанағында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың өздігінен жүретін көліктің кабинасынан тыс, жүк тіркемесінде, жүк мотоциклінің шанағында жəне мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс;
көлік құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейінгі балаларды санамағанда, көлік құралының нақты салмағы даярлаушы кəсіпорын белгілеген рұқсат етілген ең жоғарғы салмақ көлемінен аспауға тиіс жəне 12 жасқа дейінгі балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек;
мотоциклдің артқы орындығында мас күйінде;
жүк автомобилінің шанағында отыру үшін жабдықталғаннан орыннан артық жолаушыны тасымалдауға тыйым салынады.
Он екі жасқа дейінгі балаларды:
мотоциклдің артқы орындығында;
балаларды арнайы ұстау құрылысы немесе баланы қауіпсіз белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін, көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығына балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады. Бұл тыйым салу жеңіл автомобиль негізіндегі жолаушы-жүк автомобильдерінде жəне салмағы 3,5 т. артық жүк автомобильдерінде қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |