Көлік құралдарының жүргізушілері теміржол пойыздарына (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өте алады.
Теміржол өткеліне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдар- дың, таңбалаудың талаптарын, тоспаның орналасуын жəне өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға жəне бұдан басқа, жақындап қалған пойыздың (локоматив- тің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті (15.1-сурет).
Мынандай жағдайларда:
тоспа жабық тұрғанда жəне ол жабыла бастағанда бағдаршамның белгісіне қара- мастан (15.2-сурет);
бағдаршамның тыйым салынатын белгісі кезінде (тоспаның орналасуына немесе оның бар екендігіне қарамастан);
өтпе бойынша кезекшінің тыйым салы- натын белгісі кезінде (кезекші жүргізушіге кеудесін немесе арқасын қарата тұрып жоғары көтерілген қолында – жезл, қызыл шам немесе жалаушы, немесе екі жағына қолдарын созып тұрса (15.3-сурет);
егер өтпенің арғы жағында жүргізушінің өтпеде аялдауға мəжбүр ететін тығылыстан қозғалыс тоқтап тұрса (15.4-сурет);
егер өтпеге көріну шегінде пойыз (локо- мотив, дрезина) жақындап қалса, өтпелерге шығуға тыйым салынады.
жол өткелі арқылы ауылшаруашылық, жол, құрылыс жəне басқа машиналар мен механизмдерді көлік емес жағдайда алып шығуға;
теміржол əкімшілік техникалық бөлімше бастығының рұқса- тынсыз жылдамдығы 8 шақ./сағ. кем баяу жүретін машина- ларды, сондай-ақ трактор шана сүйретпелер қозғалысына тыйым салынады.
Өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салынған жағдайда жүргізуші тоқтау сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда, теміржол өткелі шекарасында тоқтауға тиіс.
Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіруге жəне өтпені босату үшін шаралар қолдануға тиіс. Сонымен, бір мезгілде жүргізуші мыналарға:
мүмкіндік болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден 1000 м. (егер біреу болса, онда жолдың нашар көретін жағына), өздеріне жақындап келе жатқан пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) машинисіне аялдау белгісін беру ережесін түсіндіріп, жіберуге;
пойыз көрінген бойда аялдау белгісін беріп, оған қарсы жүруге міндетті.
Ескертпе.Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандай да бір жақсы көрінетін затпен, түнде шырақпен немесе шаммен) тоқтау белгісі болып табылады. Бір ұзақ жəне үш қысқа дыбыстық белгілер сериясы жалпы дабыл қағу белгісі болып табылады.