Бағдаршамдардың рұқсат ететін бел- гілері бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағыттан тік немесе оңға қозғалатын, оның ішінде Ереженің 5.6-тармағына сəйкес көше қиылысына шығатын көлік құралдарына жол беруге міндетті. Трамвайдың жүргізушілері де осындай ережені өзара басшылыққа алуға міндетті (13.5-сурет).
Егер бағдаршамның немесе реттеушінің белгісі трамвайға жəне рельссіз көлік құралына бірдей уақытта қозғалуға рұқсат берсе,
онда трамвай, оның қозғалыс бағытына қарамастан, артықшылықта болады. Сонымен қатар бағдаршамның сары жəне қызыл белгі- лерімен бірдей уақытта қосымша секцияда іске қосылған бағыттаушының бағытымен қозғалған кезде, трамвай басқа бағыттардан қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол беруге тиіс (13.6-сурет).
Бағдаршамның рұқсат беретін белгісі кезінде көше қиылысына кірген жүргізуші көше қиылысынан шығуды бағдаршам белгісіне қарамастан, белгілі бағытқа шығуға міндетті. Сонымен қатар, егер көше қиылысында, жүргізушінің бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау сызығы жəне (немесе)
белгісі болса, жүргізуші əрбір бағдаршамның белгісін басшылыққа алуға міндетті.
Бағдаршамның рұқсат беретін белгісі іске қосылғанда, жүргізуші көше қиылысы арқылы қозғалысын аяқтайтын көлік құралына жəне осы бағыттағы жүріс бөлігінде өтуді аяқтамаған жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті (13.7-сурет).
Қозғалыс қосымша секциясы бар бағдаршаммен реттелетін көше қиылысында айналу қозғалысын жасайтын жол жолағы
үстіндегі жүргізуші, егер оның аялдауы осы жол жолағы бойымен оның артынан келе жатқан көлік құралына кедергі тудыратын болса, іске қосылған бағыттаушы көрсеткен бағытта қозғалысын жалғастыруға тиіс.
Тең емес мəндегі жолдардың қиылысында, екінші дəрежелі жолдың бойымен қозғалушы олардың ары қарайғы қозғалыс бағытына байланыссыз, басты жолмен жақындап қалған, оның ішінде кейін қарай бұрылуды жүзеге асыратын көлік құралына жол беруге міндетті. Бөлу жол жолағы бар басты жолмен қозғалатын жүргізуші көше қиылысында кері айналуды жүзеге асырмас бұрын екінші дəрежелі жолмен көше қиылысына жақындаған көлік құралының оған жол беретіндігіне көз жеткізуге тиіс.
Басты жол көше қиылысында бағытын өзгерткен жағдайда басты жолмен қозғалатын жүргізушілер бірдей маңызы бар жолдардың қиылысын өту ережесін өзара басшылыққа алуға міндетті (13.8-сурет). Екінші дəрежелі жолмен қозғалып келе жатқан жүргізушілер де осы Ережені басшылыққа алуға міндетті.
Маңызы бірдей жолдардың қиылысында рельссіз көлік құралдарының жүргізушісі оң жақтан жақындап қалған көлік құралына жол береді. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы ережені басшылыққа алуға міндетті.
Мұндай көше қиылыстарында, оның қозғалыс бағытына қарамастан, рельссіз көлік құралдарының алдында трамвай артықшылыққа ие болады.
Солға немесе кері бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізушісі қарсы бағытта бірдей маңызды жол бойымен тіке немесе оңға қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті. Трамвайлардың жүргізушілері де өзара осы ережені басшылыққа алуға міндетті.
Жүргізуші жол жабынының бар-жоғын айқындай алмаса (тəуліктің қараңғы кезі, балшық, қар жəне сол сияқты), басымдылық белгілері болмаса, ол екінші дəрежелі жолдамын деген ережені басшылыққа алуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |