I.Бөлім. Латын әліпбиінің қалыптасу тарихы
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады.Біздің заманымызға дейін
7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған.Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған.Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын әліпбиінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі әліпби ретінде кеңінен қолданысқа енді.Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын әліпбиін үйрену, меңгеруі және сол әліпбиде жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын әліпбиіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.
Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте ден-ақ басталған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне әріпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармалары латын әліпбиінде жазылған болатын:1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun (көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73) 2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq (Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.) 3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir. (Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір) 4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa (Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа) 5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu. (Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)
Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды.
Достарыңызбен бөлісу: |