Тақырып: Латын әліпбиінің қажеттілігі


IІ.Бөлім. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне деген колледжіміздің дайындық



бет4/14
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#55257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
IІ.Бөлім. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне деген колледжіміздің дайындық
2.1. Латын әліпбиін сабақтарда қолдану нәжтижесі
Жобаны қорғауға келіскен кезден жаңа латын әліпбиін іс жүзінде пайдалануын бастау қажеттігін түсіндім.Сол себептен білім алушылар мен оқытушылар арасында сабақтарды латын әліпбиін қолданысқа енгізуін түсіндім.
Алғашқы тапсырма ретінде сабақтарды латын әліпбиімен өткіздік.Сабағымыздың тақырыбы ұлы ғарышкерлердің (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов)өмірбаяны және ғарыш айлағы жайлы.
Сөздерді латиницамен оқу оқытушылар арасында аса қиындық туғызған жоқ. Себебі олар бұрыннан неміс немесе ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын әліпбиімен таныс. Бірінші рет оқып тұрса да, әдемілеп оқып беруге тырысты. Мәтіндерді оқу барысында апостроф қолданылған қазақ тіліне тән дыбыстарды оқу біршама қиындық туғызды. Алайда, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін есте сақталып, оларды шатастырмай оқу оңай бола бастады.

Тәжірибеміздің келесі бөлімінде ғарыш тақырыбына байланысты берілген мәтіндерді дәптерге жазу керек болды. Латын әріптерімен мәтін жазу қиындау тапсырма болды. Себебі, қолымыз жаңа әріптерге бейімделмеген,бірақ та екі-үш сөйлем жазғаннан кейін үйреніп кетті.


Оқытушылар мен білім алушылар орташа есеппен латын әліпбиінде жазылған мәтіндерді теру басында баяу болса, уақыт өте келе тәжірибенің арқасында жылдамдық арта түсті. 




Қорытынды
Тәжірбиеміздің нәтижесінде латын әріптерімен мәтіндерді жиірек жазып, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын әліпбиімен жазылған мәтіндерді де жиі оқып тұру қажет. Оны әдетке айналдырса, латын әріптерімен мәтінді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады.Демек, егер латын әліпбиіне көшсек, бізге оны қабылдау ойлағанға қарағанда, жеңілірек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет