Тақырып: Латын әліпбиінің қажеттілігі


Білім алушылар мен оқытушылар арасындағы сауалнама



бет5/14
Дата06.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#55257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2.2. Білім алушылар мен оқытушылар арасындағы сауалнама
Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы сауалнама мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетіндерін, латын әліпбиімен таныс не таныс еместігін анықтау үшін, латын әліпбиін тәжірибе жүзінде пайдаланғанда қандай қиындықтар туу мүмкін, латын әліпбиін енгізуге көзқарастарын анықтау үшін және соның негізінде белгілі бір ұсыныстар жасау үшін өткізілді. «Латын әліпбиінің қажеттілігі» тақырыбы бойынша оқытушылар мен білім алушылар арасында өтілген сауалнама бойынша диаграмма. Қатысқандар: 62 адам. 1-курс: 21, 2-курс: 19, 3-курс: 14, оқытушылар: 8


  • Мемлекеттік тілді білесіз бе?Білемін–71%,білмеймін – 9 % сөздікпен түсінемін – 20%

Мемлекеттік тілді білесіз бе? 1-сурет.



  • 26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныстыңыз ба? (2-сурет) Иә – 97 %, жоқ – 3%.2-сурет


Латын әліпбиі қажет деп санайсыз ба? (3-сурет) Иә – 86 %, жоқ – 9 %, білмеймін – 5 % Латын әліпбиі қажет деп санайсыз ба? 3-сурет



  • Латын әліпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныс болсаңыз, қай әріптер жазу мен оқуда сізге қиындық туғызады? (4-сурет)

Қиындық туғызбайды – 73 %, қиындық туғызады: апострофтармен жазылатын әріптер – 27%.


Қорытынды
Оқу орнында өткізілген сауалнаманың арқасында, көптеген ақпарат алдық.Әрі бұл сауалнамаға сүйенетін болсақ, латын әліпбиіне көшу өте жеңіл болады.Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет