Тақырып: Латын әліпбиінің қажеттілігі



бет1/3
Дата08.06.2018
өлшемі3,46 Mb.
#41131
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі КМҚК

Алматы қаласы Білім басқармасы

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК ЖОБА САЙЫСЫ


Секция: Тіл білімі



Тақырып:Латын әліпбиінің қажеттілігі

Т.А.Ә. Батырбекұлы Ернар

Топ 29 БОП

Курс 1


Мамандық: 0508000-Тамақтандыруды ұйымдастыру

Ментор: Кунтуарова Б.С.

Алматы – 2018
Мазмұны

бет


Кіріспе 3 Латын әліпбиіне көшу мәселесі

1.Бөлім. Латын әліпбиінің қалыптасу тарихы 4

1.1. Қазақ жерінде латын әліпбиінің алғаш пайда болуы 5-7

2.Бөлім. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне деген колледжіміздің дайындық деңгейі 8

2.1. Латын әліпбиін сабақтарда қолдану нәтижелері 8-10

2.2. Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы сауалнама 11-13

3.Бөлім Латын әліпбиіне көшу- заман талабы 14

3.1. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 15-17

3.2. Қазіргі таңдағы латын әліпбиінің қажеттілігі 18-20

Кіріспе

Менің ғылыми жобамның тақырыбы «Латын әліпбиінің қажеттілігі» Менің осы тақырыпты таңдаған себебім дәл қазіргі уақытта, бұл тақырып жасөспірім мен ересек адамдардың арасында көп айтылуда. Латын әліпбиіне көшу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.Әр жеке тұлға оның не үшін керектігін,алдағы уақытта қандай маңызды рөл атқаратынын білуі керек. Яғни «Латын әліпбиінің қажеттілігі неде? » «Бұл бізге қажет пе?» деген бүгінгі күннің сауалы – ел келешегін ойлаған әрбір азаматтың ойында. Өзіміздің қолданыста келе жатқан әліпбиімізді латын жазуына ауыстыру бізге не береді?, қажеттілігі қанша? секілді сұрақтар туыңдап, бұл жобаға деген қызығушылығым артып, сұрақтарға жауап іздеуге кірістім. Енді сол ізденістің арқасында тапқан ақпараттарыма тоқталайын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атаған болатын.

Кез келген істің бастамасында қиындық болатыны белгілі, бірақ әліпби мәселесінде ондай қорқыныш болмауы керек. Себебі жаңа әліпбиге көшу бір-екі жыл емес, Қазақстанымыз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сөз болып келе жатыр және Елбасы түсіндіріп жеткізгендей, жастардың ағылшын тілін оқу арқылы латын әріптерін меңгерген, ғалымдардың, барша қоғам өкілдерінің көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы қабылдануы керек, жаңа әліпби үйрететін мамандар, оқулықтар дайындалып, бір-екі жылда әдістемелік жұмыстар жүргізіледі. Яғни жаңа әліпбиге көшу бірнеше кезең арқылы жүзеге асады. Ең маңыздысы, жаңа әліпби төл дыбыстарымыздағы ерекшеліктердің сипатын дәл көрсете алатындай, қазір қолданыста жүрген басы артық әріптерден құтылатындай, орфографиялық заңдылыққа және оның табиғатына сай келетіндей болуы кажет. Бізден бұрын латын әліпбиіне көшкен көршілес елдердің қателіктерің ескеріп,жаңа қабылдайтын әліпбиіміздің ғылымилығына баса назар аударғанымыз жөн.



I.Бөлім. Латын әліпбиінің қалыптасу тарихы
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады.Біздің заманымызға дейін

7 ғасырдада Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған.Қазіргі заманда әлем бойынша мойындалған және БҰҰ-да тіркелген 6 тіл бар. Олар: ағылшын, француз, араб, қытай, орыс және испан тілдері. Бұл тілдер жер шарының мемлекеттеріне кең таралған.Бүгінгі күні жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Өйткені, әлемге кең таралған ағылшын тілі көп қолданысқа ие екендігі белгілі. Яғни, ағылшын тілінің бүкіл әлем бойынша ортақ түсінісетін, ақпарат пен технологияны дамытуда үлкен артықшылығы бар.Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын әліпбиінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі әліпби ретінде кеңінен қолданысқа енді.Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын әліпбиін үйрену, меңгеруі және сол әліпбиде жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.

Қазақ халқы: «Елу жылда, ел жаңа», - дейді. Яғни, заман талабына сай өзгерістер мен реформалар болатындығы анық. Мысалы, Түркияда Ата Түрік 1928 жылы бүкіл елін латын әліпбиіне көшірді. Ол кезде түріктер араб және парсы тілінде жазатын. Демек, өркениет заманына қарай бет бұрған деп түсінуміз керек.

Біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте ден-ақ басталған. Оның бір бұлжытпас айғағы -  Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне әріпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.

XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармалары латын әліпбиінде жазылған болатын:1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun (көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73) 2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq (Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.) 3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir. (Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір) 4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa (Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа) 5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu. (Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)

Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды.



1.1. Қазақ жерінде латын әліпбиінің алғаш пайда болуы

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі әліпбиін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.



Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.Ұлтымыздың басынан үш әліпби жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден—араб әліпбиі (1929 ж. дейін), екінші—латын әліпбиі(1929-1940 жж.), үшіншісі—кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940 жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).

Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын.

1924 жылғы Орынборда өткен съезде әліпби тағдыры тағы да қаралды. Бір шешімге екі түрлі көзқарас болатын. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиінде қалу керек десе, Нәзір Төреқұлов латын емлесіне көшу керек деп өз ұстанымын білдірді. Әрине, әртүрлі уәждер айтылды. Мысалы,Ахмет Байтұрсынұлы «Латынға көшу арқылы Еуропаның деңгейіне жетеміз деп ойласақ, онда неге орыстардың өздері сол латынға көшпейді екен?» деген мағынада пікірін білдіреді. Ал Нәзір Төреқұлов: «Біз қазаққа латын әріпін күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену, жазуға тым пайдалы, жеңіл. Түрік (араб) әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» дейді. Ал Смағұл Сәдуақасов: “Жұрт түсінбейді. Молдалар қарсы болады. Латын әрпін алудың саяси жағынан қорқынышы бар. Алғандардың да жұмысы жүрмей жатыр” деп өз қорқынышын көпшілік ортаға салады. Міржақып Дулатұлы болса «Айқаптағы» бір мақаласында: «Жазуды тәртіпке салу деген оңай емес. Оқушылар сынасын дегенде әркім басына келгенін жазатұғын болса, ешуақытта ойды бір жерге қорытып болмайды, орынды, орынсыз сын айта беру мақсат емес» дейді.
Талас-тартыспен өткен уақыт 4 жылға созылды. 1928 жылдың желтоқсан айында биліктің бір жиынында «Латынға көшу керек» деп қаулы қабылданып, қол қойылды.
Уақыт өте берді. Репрессия, қолдан жасалған аштық… Сөйтіп жүргенде 1937 жылы қазақ халқының жазуын өзгерту туралы тағы да мәселе болып көтерілді. Бұл жолы орыс жазуына, яғни кириллица қарібіне ауысу. Қарсы келер ешкім табылмады. (Неге екені белгілі де). Аз-маз талқылаудан кейін 1940 жылдың қараша айында «Қазақ әліпбиін өзгерту» туралы қаулы шықты. Енді бәрі жаппай кириллицамен оқытыла бастады. Бұл бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білдірді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас  түркі  халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ...

Латын әліпбиіне көшкенімізбен оны қолдану мерзімі ұзақ болмағаны тарихтан белгілі. Бұл – кешегі кеңестік идеологияның салдары еді. Түркітектес ұлттардың түбі бір түркі екенін, тамырын тереңге жайған түбегейлі тарихы мен мәдениеті бар елдер екенін ұмыттыру үшін жасалған сұрқия саясаттың айла-шарғысы болатын. Ал  рухани жаңғыру дәуірінде құлдық санадан арылып, бұрынғы құндылықтарымызды қайта қалпына келтірудің қажетілігі өз-өзінен түсінікті жайт.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасырдың 90-жылдары көтерілді де тез басылып қалды.  Тілші ғалымдар латын әліпбиіне көшудің  тиімді жақтарын жан-жақты дәлелдеп берген болатын. Солардың басты-бастыларын атап көрсетейік:


  1. шет елдердегі (Қытай, Монғолия, Түркия т.б. ) қазақтармен мәдени, рухани байланысты нығайту үшін қажет;

  2. қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбалауда ұтымды мүмкіндіктер туады, ол өз кезегінде тіл үйренушілерге жеңілдіктер береді;

  3. қазақ тілінің әуезділігі, орфоэпиялық заңдылығы қалпына келеді;

  4. түркі тектес мемлекеттердің интеграциялану үрдісіне оң ықпал етеді;

  5. ағылшын тілін меңгеру оңтайлана түседі;

  6. Кеңес заманында жазылған, қазіргі заманға қажетсіз дүниелерден арылу үшін, қажетті рухани жәдігерлерді елеп-екшеп алуға мүмкіндік туады.

Латын әліпбиіне көшудің ұтымды жақтары бұл айтылғандармен шектелмесе керек. Оны уақыттың төрелігіне қалдырайық.

Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын әліпбиін үйрену, меңгеруі және сол әліпбимен жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр.
Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс.   Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

2017 жылдың 9 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген жаңа жобасы таныстырылды және төмендегідей өзгерістер еніпті.


Әрине, аталған әліпби жобасының әлі бекітілмегенін, талқылауда екенін ескерсек, ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, жалпы халықтың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, қазақ тілінің заңдылықтарына сай әліпбидің өмірге келетініне шүбә болмауға тиіс деп ойлаймын.



IІ.Бөлім. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне деген колледжіміздің дайындық

2.1. Латын әліпбиін сабақтарда қолдану нәжтижесі

Жобаны қорғауға келіскен кезден жаңа латын әліпбиін іс жүзінде пайдалануын бастау қажеттігін түсіндім.Сол себептен білім алушылар мен оқытушылар арасында сабақтарды латын әліпбиін қолданысқа енгізуін түсіндім.

Алғашқы тапсырма ретінде сабақтарды латын әліпбиімен өткіздік.Сабағымыздың тақырыбы ұлы ғарышкерлердің (Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, А.Айымбетов)өмірбаяны және ғарыш айлағы жайлы.

Сөздерді латиницамен оқу оқытушылар арасында аса қиындық туғызған жоқ. Себебі олар бұрыннан неміс немесе ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын әліпбиімен таныс. Бірінші рет оқып тұрса да, әдемілеп оқып беруге тырысты. Мәтіндерді оқу барысында апостроф қолданылған қазақ тіліне тән дыбыстарды оқу біршама қиындық туғызды. Алайда, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін есте сақталып, оларды шатастырмай оқу оңай бола бастады.



Тәжірибеміздің келесі бөлімінде ғарыш тақырыбына байланысты берілген мәтіндерді дәптерге жазу керек болды. Латын әріптерімен мәтін жазу қиындау тапсырма болды. Себебі, қолымыз жаңа әріптерге бейімделмеген,бірақ та екі-үш сөйлем жазғаннан кейін үйреніп кетті.






Оқытушылар мен білім алушылар орташа есеппен латын әліпбиінде жазылған мәтіндерді теру басында баяу болса, уақыт өте келе тәжірибенің арқасында жылдамдық арта түсті. 





Қорытынды

Тәжірбиеміздің нәтижесінде латын әріптерімен мәтіндерді жиірек жазып, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын әліпбиімен жазылған мәтіндерді де жиі оқып тұру қажет. Оны әдетке айналдырса, латын әріптерімен мәтінді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады.Демек, егер латын әліпбиіне көшсек, бізге оны қабылдау ойлағанға қарағанда, жеңілірек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет