Тақырып: Микродене генетикасы


Фенотиптік өзгергіштік (модификация)



бет2/4
Дата25.02.2022
өлшемі78,83 Kb.
#133382
1   2   3   4
Байланысты:
Микродене генетикасы

Фенотиптік өзгергіштік (модификация)
Микроағзалардың модификациясын жасушаның тіршілік еткен ортасының қолайсыз жағдайына берген жауабы ретінде қарастыруға болады. Бұл сыртқы тітіркендіргіштерге бейімделу реакциясы. Модификация кезінде генотип өзгермейді, жасушада пайда болған өзгерістер тұқым қуаламайды. Оптималды жағдайлар туындаған кезінде, пайда болған өзгерістер жойылады. Модификация микроағзалардың түрлі қасиеттеріне қатысты болуы мүмкін — морфологиялық, дақьшдық, биохимиялық және т.б.
Морфологиялық модификация бактериялардың пішіні мен көлемінің өзгеруімен сипатталады. Мысалы, пенициллинді қоректік ортаға қосқанда бірқатар бактериялардың жасушаларының ұзындығы өседі.
Ортада кальций тұздарының жеткіліксіздігі сібір күйдірігісінің таяқшаларында споратүзгіштік артуын туындатады. Кальций тұздары концентрациясы көбейіп кетсе, спора түзгіштігі жойылады және т.б. Бактерияларды ұзақ уақыт бір ортада өсірсе, тіршілік өнімдерінің жинакталуы салдарынан полиморфизм пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет