Дақылдық модификациякезінде қоректік ортаның құрамының өзгеруіне байланысты бактериялардың дақылдық қасиеттері өзгереді. Мысалы, оттегі жетіспеушілігінде стафилококк пигмент түзу қасиетін жогалтады. Ғажайып таяқша бөлме температурасында ашық-қызыл бояу береді, бірақ 37°С температурада пигментті түзу қабілеті жойылады.
Биохимиялық (ферментті) модификация. Әр бактериялардың түріне белгілі ферменттердің жиынтығы тән. Бұл ферменттер белгілі қоректік субстраттарда түзіледі де, оларға генотиппен шарт беріледі. Осы ферменттердің көмегімен тағамдық заттар ағзаға жақсы сіңеді.
Бактериялардың тіршілігі барысында ферменттердің синтезі үшін жауапты гендердің барлығы қызмет етпейді. Бактерияның геномында үнемі қорда мүмкіндіктер, яғни бейімделу ферменттерінің түзілуіне жауапты гендер болады. Мысалы, құрамында көміртегі — лактоза жоқ ортада өсіп жатқан ішек таяқшасы лактаза ферментін түзбейді, бірақ оны лактоза ортасына қайта ексе, онда ол бұл ферментті түзе бастайды. Бейімделу ферменттері тіршіліктің белгілі жағдайларына бейімделуге мүмкіндік береді.
Осылайша, модификация — микроағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу амалы, ол микроағзаларға өзгерген жағдайларда өсуіне және көбеюіне мүмкіндік береді. Қабылдаған қасиеттер тұқым қуалай берілмейді, сол себептен олар эволюция барысында рөл атқармайды, көбіне микробтар популяцияларының өміршендігіне ықпалын тигізеді.