Өзіндік жұмыс
Оқушылар 3-тапсырманы орындайды (орындау уақыты 3-4 минут), үлгі бойынша тексеру.
798 : 57 = 142 548 : 26 = 98
455 : 13 = 35 4 656 : 97 = 48
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– Қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарайғы мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды.
Балалар дәптерде бағалау критерийі бар тапсырмаларды орындайды.
Қателік жіберген оқушыларға мұғалім 4-тапсырманы орындауды ұсынады.
№ 4
252 : 14 =18
897 : 39 =23
|
|
528 : 22 = 24
345 : 15 = 23
|
2 720 : 32 = 85
3 510 : 45 = 78
|
Дәптермен жұмыс Өткенмен жұмыс.
Оқушылар №5–9 тапсырмаларды орындайды.
№5. 125·4+125·6=125·(4+6)=125·10 =1250
241 · 5 + 241 · 5 = 2 410
314 · 3 + 314 · 7 = 2 629
315 · 2 + 315 · 8 = 3 150
418 · 3 + 418 · 7 = 4 180
829 · 1 + 829 · 9 = 8 290
(Қ.б.) 6-есептің шешуін талқылауды талап етеді.
а) Автобус 6 сағатта 300 км жол жүрді. Егер мәшиненің
жылдамдығы автобусқа қарағанда 10 км/сағ артық болса,
мәшине дәл осындай уақытта қанша километр жол жүреді?
6-тапсырманың а) бөлімін орындай отырып, «ол осы уақытта» деген сөзді нақтылап алу керек. Оқушылар уақыттың бірдей екендігіне назар аударады. Тапсырманың шешуін мынадай әрекетпен түсіндіріп шығаруға болады.
1) 300:6= 50 (км/сағ) – автобустың жылдамдығы
2) 50+10=60 (км/сағ) – мәшиненің жылдамдығы
3) 60 · 6 = 360 (км) – мәшиненің жүрген жолы
Жауабы: мәшине 360 км жүреді.
ә) Сал өзенмен 3 000 м жүзді. Егер өзеннің ағыс жылдамдығы 3 км/сағ болса, онда осы жолға қанша уақыт жұмсалды?
Бұл тапсырмада алғаш рет «ағыс жылдамдығы» деген түсінік кездесті. Сал үшін ағыс жылдамдығының маңызын талқылау керек (салдың жылдамдығына тең). Есептемес бұрын, бірден өлшем бірлікке түрлендіріп алу керек.
3 000 м = 3км
3 : 3 = 1 (сағ) – сал жүзді.
Жауабы: 1 сағат уақыт қажет.
№ 7 (математика күнделікті өмірде)
4 : 2 = 2 м – бөлменің жартысын алады.
2 ∙ 5 = 10 м – ені 2 метр болатын линолеум.
9-тапсырма. Берілген мәндерді әріптің орнына қойып, амалдарды орындайды.
10-тапсырма – зерттеушілік сипаттағы жаттығу.
Арман мен Әлия төрт таңбалы сандарды жазды. Арман бірінші цифры кейінгі үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды, Әлия соңғы цифры алдыңғы үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды. Балаларға осындай сандарды жазуға көмектес. Кім көп сан жазды деп ойлайсың?
Шешуі:
Арман бірінші цифры кейінгі үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды:
3111 3=1+1+1
4121 4=1+2+1
5122 5=1+2+2
6222 6=2+2+2
7331 7=3+3+1
Әлия соңғы цифры алдыңғы үш цифрдың қосындысына тең сандарды жазды.
1135 1+1+3=5
1124 1+1+2=4
1236 1+2+2=6
1247 1+2+4=7
1157 1+1+5=7
Осылай жалғастырады.
|