Өзіндік жұмыс
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынады.
Есептердің орындалуы жеңіл, өздеріне орындауға ұсынуға болады.
Дәптердегі тапсырмаларды орындау.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерінде қателестіңдер?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарай мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
(Ж) Дәптерге орындалатын өзіндік жұмыс.
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар мұғаліммен бірігіп критериалды бағалау тұжырымдайды.
Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығара алу.
Дескриптор
Мен:
Өткен материалмен жұмыс.
Оқушылар мұғалімнің таңдауы бойынша немесе топпен оқулықтағы тапсырманы орындайды. 5-тапсырма бойынша есеп құрастырудан жарыс ұйымдастырыңдар.
Эл. дискіде берілген материалдарды пайдалануға болады.
№6 есептеу дағдыларын пысықтауға арналған.
№7.
6 : 2 = 3 (есе) – Серік 3 есе артық жүгіреді.
3 ∙ 3 = 9 (км)– Арман жүгірді.
№8 есеп кездесу қозғалысына берілген..
40 : 20 =2(сағ) – кездескенге дейінгі уақыт
10 ∙ 2 = 20 (км) – 2-шаңғышы жүріп өткен жол.
№9
1-тәсіл:
4 күнде 32 кг – 1 атқа беріледі.
32 : 4 = 8 (кг) – 1 ат бір күнде жейді.
8 ∙ 2 =16 (кг) – 2 атқа керек.
32 : 16 =2 (күн)
2-тәсіл:
Талдау арқылы егер сұлыны 2 ат жейтін болса, онда 2 есе артық жылдамырақ жейді.
4 : 2 = 2 (күн)
№10 – көптаңбалы дөңгелек сандармен ауызша есептеуге арналған.
|