Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мекеп: Көктау жалпы білім беретін негізгі мектебі
Тақырып: Обал мен сауап
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: әрқашан көмектесу,өзгелерді ренжітпеу, жануарларға қамқорлық көрсету.
Сынып: 2
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:
Мейірімділік туралы түсінік бере отырып , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Әрдайым өзгеге көмектесуге үйрету;
Балаларда бірін-бірін,өзгелерді ренжітпеу қасиеттерін дамыту.
Қиянат жасамауға, қамқорлыққа тәрбиелеу;
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай әсер алдыныз?
Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |