Дәрі-дәрмектермен емдеу. Дәрілермен емдеудің бірнеше түpi бар. 1. Этиологиялық ем ауру тудыратын себептерді жоюға мүмкіндік туғызады. Мысалы: антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілер, аллергиялық процестер кезінде -гормондармен емдеу.
2. Патогенездік ем - ауру барысында өзгерген мүшелердің функциясына әсер ететін ем. Мысалы: жүрек ауруларында жүрек гликозидтерін қолданады.
3. Симптоматикалық ем аурудың әpбip белгілеріне бағытталады. Мысалы: жөтелу кезінде - жөтел басатын дәрілер, қақырық қою болғанда - қақырық жібіткіш дәрілер тағайындалады.
4. Физиотерапиялық емге үгу, диатермия, ультракүлгін сәулелері, ультрадыбыс және сумен емдеу жатады.
5. Психогендік емкезінде пациентке емделудің маңызды екенін түсіндіру керек. Ол үшін пациент тағайындалған емге сенуі керек. Кейде гипноз, аутотренинг қолдануға болады. Мейірбикенің әрбір сөзі пациент үшін маңызды екенін әр уақытта есте сақтау қажет. Абайсыз айтылған сөз ятрогения ceбeбi болып табылуы мүмкін.Ем мен күтімнің бip жерден шығуы науқастың жағдайын жақсартады.
Алдын алу деп аурулардың дамуына мүмкіндік бермейтін шаралар кешенін атайды. Алдын алудың қоғамдық және жеке бас түрлері бар. Қоғамдық алдын алу шараларына мемлекет деңгейінде жүргізілетін шараларды жатқызады. Оған диспансерлер ашу, вакцинация жасауды, халықты жаппай түрде флюорографиялық тексеру жүргізуді ұйымдастыру, салауатты өмip салтын радио, теледидар арқылы үгіттеу әдістері жатады. Осындай маңызды терапиялық шараларға науқастарға диспансеризация жүргізу де жатады. Жеке бас алдын алуына әр адамның өзіне қатысты шаралар жатады. Олар: жеке бас гигиенасы, маусым бойынша киіну, экологияға жауапкершілікпен қарау.