Тақырып: Пәнге кіріспе. Медициналық білім беру саласында ішкі ағза ауруларын зерттеудің маңызы. Дәлелденген медицинаға түсінік


Аурулар ағымының мінезі бойынша келесі түрлерге бөлінеді



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі27,99 Kb.
#97328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3лаб 1
1619678337
Аурулар ағымының мінезі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
I.Өткір немесе жіті (жедел) түрдегі ауру. Бұл кезде ауру бірден
басталады. Аурудың клиникалық белгілері толық анық көрінеді.
Қысқа уақыт iшiнде сауығып, қалпына келеді.Мысалы: тұмау,
қызылша, Боткин ауруы.
II.Созылмалы ауру - бұл адамның бүкіл өмірінесозылуы мүмкін,
кейде ауру толық жазылуы да мүмкін. Ол ауру бірде пайда болып,
бірде басылып отырады.
Созылмалы ағымды ауру бірнеше кезеңдерден турады:
1. Ремиссия фазасы - созылмалы аурулардың белгілері біртіндеп басылып, науқастың жағдайы дұрысталған сәт.
2. Рецидив фазасы - бірнеше уақыт бойы жоғалып кеткен аурудың кейбір белгілерінің қайтадан пайда болуы (қайта қозу сәті).
Асқынулар - ауру белгілерінің зақымдалған мүшелерден басқа көрші сау мүшеге қарай ауысуын немесе асқынуын атаймыз.
Аурудың соңы толығымен сауығумен немесе созылмалы түрге ауысуымен немесе өліммен аяқталуы мүмкін.Созылмалы ағымды аурулар кезінде толығымен айығу сирек кездеседі.Өлім алдында терминалдық жағдай дамиды. Терминалдық жағдайлар кайтымды болуы мүмкін. Ол кезде реанимациялық бөлімшелерде емделуі тиіс. Кейде ауру соңында науқастардың еңбекке жарамдылығы жойылып, мүгедектік дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет