ЕМДЕУЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІ Емдеу және алдын алу мекемелері 2-ге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типті мекемелер.
Амбулаториялық типті емдеу мекемелеріне:
1.емхана;
2.амбулатория;
З.медициналық-санитарлық бөлім
4.емдеу пунктері
5.ФАП;
б.диспансер;
7.әйелдер кеңесі;
8.жедел жәрдем станциясы жатады.
Стационарлық типті емдеу мекемелеріне: 1.аурухана;
2.клиника;
3.госпиталь;
4.санаторий мен курорттар;
5.медициналық-санитарлық бөлім жатады.
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекеме атайды. Амбулаторияның емханадан айырмашылығы - ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз.
Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАП-тың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Науқастарға үйінде де ем жүргізеді. Амбулаториядағы фельдшер мен акушер қабылдау кезінде дәрігерге көмек көрсетеді, науқастардыңүйінде патронаж жасайды, дәрігерлік манипуляцияларды орындайды. Алдын алу шараларын жүргізеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс істейтін немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емхананың лабораториялық және диагностикалық кабинеттері болады. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар, лабораториялық, R-логиялық және функционалды тексеру тәсілдері жүргізіледі. Ем-шара бөлмелерінде емдік шаралар жүргізіледі.
Емханаларда науқастар диспансерлік тізімге алынып, алдын алу тексерулері жүргізіледі.
Емханада жұмыс амбулаториялық қарталармен жүргізіледі. Олар тіркеу орнында сақталады, мейірбике мен акушер емханада амбулаторияланған медициналық көмек көрсетеді(жарақаттану,өткіраурулар, уланулар, емдеу және алдын алу шаралары). Емдеу пункттерінде жеңіл-желпі емдеу шаралары жүргізіледі.
Фельдшер алғашқы медициналық көмек көрсетеді, керек кезінде науқасты тасымалдайды. Алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Диспансерлік - бұл мекемелерде тек бip түрлі аурулармен ауыратын адамдар ғана емделеді (туберкулез, онкологиялық, тepi - венерологиялық диспансерлер). Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа, диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер кeңeci - бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау және емдеуін жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушер дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдердің патронажын жасап қадағалайды. Олармен санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Жаңа туған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.