Тақырып: Пәнге кіріспе. Медициналық білім беру саласында ішкі ағза ауруларын зерттеудің маңызы. Дәлелденген медицинаға түсінік


Диагноз ауруды жан-жақты қамтуы қажет



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі27,99 Kb.
#97328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
3лаб 1

Диагноз ауруды жан-жақты қамтуы қажет.
Диагноздың құрамына кіреді:
1) аурудың түрі;
2) этиологиясы;
3) ауру процесінің жайылуы;
4) созылмалы процесс ремиссиясының бар-жоғы;
5) асқынудың бар-жоғы;
6) функционалдық жетіспеушілік дәрежесі;
7) ағым ерекшелігі
Диагноздың болжамды және қорытынды түрі бар. Болжамда диагноз науқастың шағымына, ауру тарихына, өмір тарихына және объективті тексеру тәсілдеріне негізделеді. Диагноздың бұл түpi көбінесе емханаларда, қабылдау бөлімшелерінде қойылады.
Қорытынды диагноз пациент туралы толық деректер
жиналғанда ғана қойылады. Қорытынды диагнозды толық, дұрыс қою үшін қосымша тексеру тәсілдерін жүргізу керек. Клиникалық диагноз негізгі ауру диагнозы және қатар жүретін диагноздан тұрады.
Қорытынды диагноз дифференциалдық диагноздан соң қойылады.
Дифференциалдық диагноз деп кейбір симптомдары бойынша негізгі аурумен ұқсастығы бар барлық болжамды диагноздарды тізімнен шығару әдістерін атайды.
Аурудың емі
Диагноз қойылған соң пациентке ем қолданылады. Аурудың емі кешенді болуы тиіс, яғни ол емнің ішіне:
1) дәрі-дәрмектік ем;
2) еңбек және тұрмыс режимін сақтау;
3) дұрыстап тамақтану;
4) физиотерапиялық емдеу әдістері кіруітиіс.
Емханада жүргізілетін ем-амбулаториялық ем деп аталады. Ауруханада жүpгiзiлeтiн ем стационарлық ем деп аталады.
Емнің өзі бірнеше түрге бөлiнeдi.
Диетотерапия деп емдәммен емдеуді атайды. Әр түрлі ауруларда қолданылатын 15 ем дәм бар. Мысалы: жүрек ауруларында №10 емдәм, ал қантты диабет ауруларында № 9 емдәм қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет