Проблеманың шешімін қолдану:
Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады? Қандай бағдарламалар
көмегімен?
Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?
Үйге тапсырма: Электронды почта тақырыпты оқу
№ 32 сабақ
Сыныбы: Күні:
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға модельді қандай топтарға жіктеуге болатынын жеткізе білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тиянақтылыққа,шапшаңдыққа,жылдамдыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық.
Сабақ өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1.Тіркестік өрнек дегеніміз не?
2.Жолдық тұрақты деп нені айтамыз?
3.Тіркестік өрнектерде қандай амалдар қолданылады?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін(макетін) құру.
Түпнұсқаның өзін зерттемей оның моделін құрудың қандай пайдасы бардеген заңды сұрақ туындайды.Біріншеден,модельдеу арқылы шын мәнінде жоқ немесе бұрын болып жойылып кеткен объектіні зерттеуге болады.Модельдеу үшін уакыт ешкандай кедергі келтірмейді.Белгілі деректерге сүйене отырып,гипотеза немесе ұқсастық әдісімен өте ерте замандағы жағдайлар мен табиғи апаттарды модельдеуге болады.Екіншіден,түпнұсқаның қасиеті мен өзара әсері орасан зор болуы мүмкін.Кейбір жағдайда адамды қызықтыратын объектінің бір қасиетін зерттеу үшін,оның бірқатар қасиетін ескермей жасаған модеоьдер түпнұсқаға қарағанда оның қасиетін зерттеуде тиімдірек болады.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
1.Қолданылу аймағы.
2.Модельде уақыт факторын ескеру.
3.Білім саласына қарай топтау.
4.Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолданылу аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу,тәжірибелік,ғылыми-техникалық,ойын,имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.
Оқу моделі- көрнекі оқу құралы,әр түрлі машықтандырушы,үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель-жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.Бұл модеоьдер- объектіні зерттеу,қасиеттерін болжау,зерттеу мақсатында қолданылады.Мысалы,үлкен теңіз кемесінің моделін алдын-ала бассейнге жіберіп,оның тез қозғалған кездегі ауытқуын,шайқалу кезіндегі ұстамдылығын анықтайды т.б.
Ғылыми-техникалық модельдер-процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.Оған мысал ретінде электрондардыңжылдамдығын үдеткіш- синхротрон,найзағайдың разрядын бақылаушы құрал және теледидар тексеруге арналған стендтерді айтуға болады.
Сабақты бекіту:
1.Жиым деп нені айтады?
2. Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады?
3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
Жеке озық оқушыларға тапсырма беру: Өтілген тақырыптардан сұрақтар құрастырып.іздену.
Үйге тапсырма беру: 9-тарау.Модельдер және модельдеу түрлері,227бет.
№ 33 сабақ
Сыныбы: Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау.
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Бақылау сұрақтарына жауап беру
Бақылау сұрақтарын талдау
Үйге тапсырма беру.
Алгоритмдердің түрлері мен қасиеттері.
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Мысалдар келтіру...
Алгоритм қасиеттері
айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек.
Анықталған бағдарламаны жазыңдар.Бағдарлама мен алгоритмнің айырмашылығы неде?
Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.
Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:
Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)
Мыс: program, var, begin, while…
Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).
Мыс:
x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’
мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.
3. Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритмді құрастырыңыз (блок-схема түрінде жазыңыз). Алгоритмнің түрін анықтаңыз.
P=(a+b+c)/2;
S=sqrt(p(p-a)*(p-b)*(p-c));
Сызықтық алгоритм
4. Алгоритм фрагментінің нәтижесінде У мәні неге тең болады?
А=3
В=5
Y=a*b
Y=a/b
Y=15
Y=3/5
Үйге тапсырма беру: Өтілген тақырыптарды қайталау және жеке тақырыптарға өздігінен мәлімет іздену.
№ 34 сабақ
Сыныбы: Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қорытынды қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін бағалау.
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тексеру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушыылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың тұрі: Сынақ сабақ.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
сұрақтарға жауап беру
Есептер шығару
Үйге тапсырма беру.
2. ЕЭМ-да есеп шығару сатылары.
1. Арифметикалық өрнектер
ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.
program esep01;
var x,y:integer;
begin
write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);
read(x,y);
write(x,’+’,y,’=’,x+y);
end.
№2 есеп. PROGRAM 2 ;
VAR S, I: INTEGER;
BEGIN
S:=0;
FOR I:=1 TO 3 DO
BEGIN
S:=S +SQR(I)+1;
END;
WRITE (S) ;
END.
№3 есеп . PROGRAM 3;
VAR X , Y: INTEGER;
BEGIN
X: =10;
WHILE X>=8 DO
BEGIN
Y:= X/ 2;
WRITE(Y) ;
X:= X-4;
END;
Үйге тапсырма:
ЕЭМ-да есеп шығару сатыларын жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |