Тақырыптық күнтізбелік жоспар
№
|
Мазмұны
| | Мерзiмi | Үйге тапсырма | | | | |
1/1
|
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
|
1
|
|
|
|
|
Қауіпсіздік ережесі
|
|
1-тарау. Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы
|
3
|
|
|
|
|
|
2/1
|
Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
|
1
|
|
|
|
|
1.1,1.2,1.3 тақ
|
3/2
|
Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
|
1
|
|
|
|
|
1.4,1.5,1.6 тақ
|
4/3
|
Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару есептері
|
1
|
|
|
|
|
1.8,1.9,1.10 тақ
|
|
2-тарау. Паскаль -программалау тілі
|
3
|
|
|
|
|
|
5/4
|
Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы.
|
1
|
|
|
|
|
2.1 тақ
|
6/5
7/6
|
Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.
|
2
|
|
|
|
|
2.2-2.8 тақ
|
|
3-тарау. Паскаль тілінде программа дайындау жолдары
|
9
|
|
|
|
|
|
8/7
9/8
|
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Енгізу, шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру
|
2
|
|
|
|
|
3.1-3.4 тақ
|
10/9
|
Бақылау жүмысы.
|
1
|
|
|
|
|
|
11/1012/11
|
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары.
|
2
|
|
|
|
|
3.5-3.6 тақ
|
13/12
|
Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау операторы-WHILE
|
1
|
|
|
|
|
3.7 тақ
|
14/13
|
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы-REPEAT
|
1
|
|
|
|
|
3.7 тақ
|
15/14
|
Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR
|
1
|
|
|
|
|
3.7 тақ
|
16/15
|
Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
4-тарау. Символдардан және сөз тіркестерінен тұратын шамалар
|
2
|
|
|
|
|
|
17/1618/17
|
Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Символдық мәліметтерді енгізу. Паскаль тілінде мәтіндік ақпаратты өңдеу
|
2
|
|
|
|
|
4.1-.4.3 тақ
|
|
5-тарау. Мәліметтердің айнымалы және күрделі типтері
|
5
|
|
|
|
|
|
19/1820/19
|
Айнымалы типтері. Мәліметтердің шектеулі типтері. Жиымдар. Бір өлшемді жиымм элементтерімен жұмыс.
|
2
|
|
|
|
|
5.1-5.4 тақ
|
21/2022/21
|
Көпөлшемді жиымдар. Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс.
|
2
|
|
|
|
|
5.5 тақ.
|
23/22
|
Бірөлшемді және екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс
|
1
|
|
|
|
|
5.5 тақ.
|
|
6-тарау. Көмекші программалар
|
3
|
|
|
|
|
|
24/2325/24
|
Көмекші программалар туралы жалпы түсінік. Стандартты кітапханалық модульдер. Бейстандарт функциялар мен процедуралар
|
2
|
|
|
|
|
6.1-6.3 тақ
|
26/25
|
Бақылау жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
|
|
7-тарау. Графика
|
3
|
|
|
|
|
|
27/26
|
Графикалық режимге көшу адаптерлері. CRT модуліндегі адаптерлердің мәтіндік мүмкіндіктері.
|
1
|
|
|
|
|
7.1,7.2 тақ.
|
28/2729/28
|
Графикалық процедуралар мен функциялар. Графикалық объектілерді құру процедуралары. Графикалық режимде мәтін жазу процедуралары
|
2
|
|
|
|
|
7.3,7.5 тақ
|
|
8-тарау. Компьютерлік желілер
|
2
|
|
|
|
|
|
30/1
|
Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
|
1
|
|
|
|
|
8.1-8.3 тақ
|
31/2
|
Ауқымды компьютерлік желі. Электронды пошта
|
1
|
|
|
|
|
8.5-8.6 тақ
|
|
9-тарау. Модельдер және модельдеу түсінігі
|
3
|
|
|
|
|
|
32/1
|
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері.
|
1
|
|
|
|
|
9.1 тақ
|
33/2
|
Сынақ жұмысы
|
1
|
|
|
|
|
Қайталау
|
34/3
|
Қорытынды, қайталау
|
1
|
|
|
|
|
Қайталау
|
|
Жалпы сағат саны
|
34
|
|
|
|
|
|
9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздері. Б. Бөрібаев, Б.Нақысбеков,, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
№ 1 сабақ
Күні________ Сыныбы_______
Тақырыбы: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып
жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет
ережелерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта,
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
.
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Жалпы
ДК-де жұмысты бастау алдында
Жұмыс істеу кезінде
Авариялық жағдайларда
Жұмысты аяқтағанда
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға,
розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сынынқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды.
Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе коюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тогына косылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы кашықтығын (60-70см)
сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.
Келушілер кіргенде окушынардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше
жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.
Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.
ДК-де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.
АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тактасындағы тумблерді өшіру);
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек
көрсету;
Дәрігер шақыру {мектептін медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Күйгенде көмек керсету:
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);
Күйген жеріне май жағу (винилин);
Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету:
1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;
2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі токтағанда көмек көрсету:
Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған
болса. қолмен орнына келтіру;
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе
жакын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан- ауызға) керек.
КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу
Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.
Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.
Бұл кезде бірқалыпты дем алындар. 4-5 рет қайталаңдар.
2-жаттығу
Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.
Көздерінді талдырмандар.
Алысқа қадалын қарандар.
3-жаттығу
Бастарынды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалын қарандар.
4-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА карап, көз тіккен нүктені белгілендер.
Алысқа қадалып қарандар.
5-жаттығу
Бастарынды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.
Алысқа қадалып қараңцар.
6-жаттығу
Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.
Алысқа қадалып караңдар.
7-жаттығу
- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.
Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау.
№ 2 сабақ
Күні________ Сыныбы_______
Тақырыбы: Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгоритм, программа ұғымдарымен танысады. Алгоритмнің орындалуы, алгоритм қасиеттері туралы түсінік алады. Оқушылар тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
Тапсырмаларды орындау (15-минут)
Сабақты бекіту (6-минут)
Оқушыларды бағалау (2-минут)
Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Үйге берілген тапсырманы тексеру: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк техника ережесi мен еңбек тәртібі. Электр тогы зақымдаған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көз жаттығуы. Жұмыстық уақытты есептеу журналы тақырыбы бойынша .
Проблеманың шешімін табу:
«Алгоитм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоитм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми есімінің латынша Algoritmi (Алгоритми) болып жазылуынан шыққан. Алгоритмді реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Сонымен: алгоитм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмді орындаушының ролін, негізінен, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот атқарады. Алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.
Алгоритм қасиеттері:
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық іс-әрекеттердің мағынасы айқын, анықталған болу керек.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үгкен алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез-келген алгоритмнің нәтижесі болуы керек.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындаушы өз әрекеттерінің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып, белгілі бір нәтиже алады.
Үйге тапсырма.
Өмірде кездесетін және өздеріңе белгілі бірнеше алгоритмдерден мысал келтіріңдер.
Берілген формула бойынша у-тің мәнін есептейтін алгоритм құрыңдар:
y= (5х2-4)(х2+7).
№ 3 сабақ
Күні________ Сыныбы_______
Тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
Сабақтың мақсаты:
Біліми. Оқушылар алгоритмді жазу жолдарымен танысады. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі туралы түсінік алады.
Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді.
Тәрбиелік. Оқушылар шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)
Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)
Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)
Тапсырмаларды орындау (15-минут)
Сабақты бекіту (6-минут)
Оқушыларды бағалау (2-минут)
Үйге тапсырма беру (1-минут)
Проблеманы айқындау кезеңі:
Т-кестесі:
Оңай сұрақтар
Қиын сұрақтар
Проблеманың шешімін табу:
Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
табиғи тілдегі жазыуы;
белгілі бір түйінді сөздер — терминдер арқылы қысқаша тізбекті түрде жазу, мұны қарапайым алгоритмдік тіл деп те атайды;
графиктік жолмен (блок-схема арқылы) жазу;
программалау тілдеріндегі жазылуы.
Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп аталады.
Алгоритм схемасын оның блок-схемасы деп атайды.
Мектепте оқып үцренуге арналған алгоритмдік тіл деп—орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады.
Алгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілдері деп атайды
Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын
Үйге тапсырма.
у=(ах3+b)/ (cх3+d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құру керек.
№ 4 сабақ
Күні________ Сыныбы_______
Тақырыбы: Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезедері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерде есеп шығармас бұрын оның мазмұнына қалай талдау жасайтынымызды үйрете білу.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,жылдамдыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: практикум
Сабақта қолданылатын көрнекі-құралдар: компьютер,интерактивті тақта,оқулық.
Сабақ өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгелдеу.
Б) Назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1.Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
2.Алгоритмдік тіл деген не?
3.Кодтар тілі дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Компьютерде есеп шығару күрделі процесс және ол төмендегі кезеңдерден тұрады:
Есептің берілуін ауызша сипаттау.
Есепті математикалық түрде өрнектеу,(есептің берілісін жазу)
Есеп шығарудың компьютерде ыңғайлы сандық тәсілін анықтау.
Есеп шығарудың алгоритмін құру.
Есепті компьютерде шығарудың программасын құру және оның қатесін түзету.
Есепке керекті мәліметтер дайындау.
Компьютерде есеп шығару және шыққан нәтижені іс жүзінде қолдану.
Берілген есепті матиматикалық түрде өрнектеу дегеніміз-есептің берілген мәндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу және керекті математикалық формулаларды,өрнектерді анықтау болып саналады.
Күрделі формулаларды,теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есеп шығарудың сандық тәсілін табу не анықтау болып табылады.Қазіргі кезде есеп шығарудың көптеген сандық тәсілі белгілі. Соның ішінен өзімізге тиімдісін таңдап алуымыз керек. Осы мақсатта есеп шығарудың дәлдігін ,нәтижені жылдам табу мүмкіндігін,мәлімет дайындау мен есеп шығару құнын салыстыра отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін құрғанда ,оның шығару жолы тізбектелген іс-әрекеттердің схемасы түрінде кескінделеді.
Сонымен есеп шығаруда жоғарыда айтылған әрекеттер тізбегін орныдау ұсынылады.
Есепті мәселе ретінде қойғаннан кейін ,оны ықшамдап,шығару алгоритмін құру керек.Ықшамдау кезінде белгілеу таңбалары енгізіледі де,яғни айнымалылар ,тұрақтылар белгіленіп,есептеу формулалары,теңдіктері айқындалады.
Сабақты бекіту:
1. Алгоритмдердің қасиеттерін ата.
2. Алгоритмнің жазу жолдарын ата.
3. Алгоритмнің график түрінде кескінделуін ата.
4. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі.
5. Программалау тілінің жалпы ережесі.
ЕСЕП: Центрі координаталар басында жататын шебер радиусы берілген. Координаттары (бүтін) белгілі А(х,у) нүктесінің шеңберге тиістілігін анықтайтын алгоритм жазыңыз. Нүкте шеңбер сызығының бойында жатса тиісті болады.
алг шеңбер мен нүкте;
арг бүт А, Х, У: бүт R: нақ S;
нәт лит Z;
басы
;
Достарыңызбен бөлісу: |