Тақырыптық күнтізбелік жоспар



бет4/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,55 Mb.
#34223
1   2   3   4   5   6   7   8

ІV. Оқушыларды бағалау.


V. Үйге: Өз бетінше мәлімет іздену,тақырыпты мазмұндау

№ 13 сабақ



Күні________ Сыныбы_______
Тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы - Repeat.
Мақсаты: 1. Дейін-қайталау командаларын Паскаль операторында программалауды үйренеді, пысықтайды. CHAR, STRING, LENGT қызметші сөздерімен және олардың атқаратын қызметтерімен қажеттілік туғыза отырып алдын-ала танысады.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастырады. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдетеді.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескертеді.
Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, презентация, компьютер.


Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.
Сабақтың барысы

І. Кіріспе.

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)



  • Қайталау операторы не үшін қолданылады?

  • Әзір қайталау операторы қалай орындалады

  • Қайталау параметрі деген не?

  • Шарт деген не? Серия деген не?

  • ҚО Паскаль тілінде қалай жазылады? Әр қызметші сөздің қазақша мағанасы қандай?

  • Шартты тексермей тұрып серияны орындауға болама? Неге?

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

ІІІ. Проблеманы шешу:

I




1. Бүгінгі сабақта қайталау операторының денесін (тұлғасын/сериясын) шарттан бұрын орындауға мүмкіндік беретін Паскальдың жаңа операторы мен танысамыз.

Жазылу түрі:



repeat

<серия >;

UNTIL <шарт>;

repeat–until операторының While – do-ға қарағанда үш айырмашылығы бар. 1. шарт циклдан бұрын тексеріледі, сондықтан серия кем дегенде бір рет атқарылады. 2. Repeat операторында шарт ақиқат (иә) болғанда қайталау (цикл) аяқталады. 3. Repeat операторында қайталау соңы шартпен аяқталады.

ЕСЕП: Берілген сөйлемде орысша «а» әрібі қанша рет кездесетінін табатын программа жазайық.

Бұл мақсатқа жету үшін сөзде қанша әріп бар, «а» әрбін қалай белгілейміз, соны анықтап алайық. Алдымен есепте кездестін шамаларды айқындайық. Есепті шешу үшін не белгілі деп ойлайсыңдар? «а» әрібі, сөйлем, сөйлемнің ұзындығы. Паскалда тамаша мүмкіндіктер бар. Әріпті жеке таңба деп қарасақ оның типін CHAR қызметші сөзімен көрсетуге болады. Мысалы: аа:char; Сөйлемнің өзін де типі STRING болатын айнымалымен белгілейміз. String –типімен көрсетілген сөйлемде (жолда) 1-ден 256-ға дейін таңба бола алады. Сөйлемдегі таңбалар солдан оңға қарай 0-ден 255-ке дейін нөмірленеді. Әр таңбаға бір нөмір сәйкес келеді. Мысалы: аа:=’Информатика’; ,болса, aa[3]=ф, aa[7]=а, aa[11]=а болады. Енді сөздің ұзындығын ше? Яғни, тағы бір қызметші сөз қажеттігі көрініп тұр. Сөйлемде, кез-келген таңбалар тізбегінде қанша таңба бар екенін LENGTH(zz) қызметші сөзі көмегімен анықтауға болады. Мұндағы zz – таңбалар тізбегі немесе сөйлем. Сонымен мысалда келтірілген есепті шешу үшін қажет нәрсенің бәрі бізде бар.

Есептің математикалық моделіндегі бірінші сұраққа жауап беріп қойдық.

1. Не белгілі «а» әрібі, сөйлем zz-жолдық, сөйлемнің ұзындығы n – бүтін сан

2. Не табу керек? «а» әріптерінің саны s– бүтін сан.

3. Қалай есептейміз;



Сөйлемді енгіземіз zz;

–мәнін енгіземіз, қайталау параметрі i:=1; а-лар саны s:=0;

n:=сөйлем ұзындығы;

қайталау


егер zz[i]=’a’ онда s:=s+1;

i:=i+1;


жоқ і > n иә
Программа мәтіні:

program sanau_repeat;

var s, i, n:integer;

zz:string;



begin

s:=0; i:=2;



write('Сөйлем енгіз ');

read(zz); n:=length(zz);

s:=0; i:=1;



repeat

if zz[i]='а' then s:=s+1; write(' ',zz[i]);

i:=i+1;


until i>n;

writeln('а саны =',s);

end.
ІV. Проблеманың шешімін қолдану.

А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5 ұп)

В. Осы прогмамманы сөйлемдегі «б» (с, е..., әркімге әртүрлі) әрібін санайтындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)

С. REPEAT-UNTIL көмегімен оқулықтан №11 есептің (103) программасын жазыңдар. Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындаңыз. (15 ұп)

Нұсқау: Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар.

Қосымша ұпайлар: белсенділік – 2 ұп, оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық – 1 ұп, тәртібі – 2 ұп

1 дұрыс жауап 1 ұп. Барлығы – 10 ұп.

40-50 үп - «5» 20-39 ұп - «4» 3 – 19 ұп – «3» ... – 0-2 – «2»



V. Үйге: Өз бетінше мәлімет іздену,тақырыпты мазмұндау.

№ 14 сабақ



Күні________ Сыныбы_______
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің параметрлі қайталау операторы FOR

Сабақтың мақсаты:

Біліми. Оқушылар алгебра, информатика пәндерінің арасындағы байланысты көрсете отырып, олардың шығармашылық қабілетін дамыту, тақырыпты ғылыми тұрғыда түсіне білуге, есептердің шешуін өрнекпен жазуға дағдыланады, есептерді өздігімен және бірлесе шығарады.

Дамытушылық. Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, олардың тиімді тәсілдері туралы өз ойларын дәлелдейді, есеп шешуде бірнеше варианттарды қарастырады, есеп шешу арқылы проблема шешуге дағдыланады.

Тәрбиелік. Оқушылар шағын топтар құрамында бірлесе еңбектенеді, шығармашылық қарым-қатынас құрады, бірін-бірі үйретеді, ортақ мәмілеге келу үшін өзара әрекеттеседі.
Пәнаралық байланыс: алгебра

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Оқытудың интербелсенді әдісі

Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру, практикамен байланыстыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, электронды оқулық, Турбо Паскаль бағдарламасы, үлестірме қағаздар.



Сабақтың барысы:

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру (3-минут)

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру(8-минут)

  3. Жаңа тақырыпы түсіндіру(10-минут)

  4. Тапсырмаларды орындау (15-минут)

  5. Сабақты бекіту (6-минут)

  6. Оқушыларды бағалау (2-минут)

  7. Үйге тапсырма беру (1-минут)

Проблеманы айқындау кезеңі:

Т-кестесі:


Оңай сұрақтар



Қиын сұрақтар

Проблеманың шешімін табу:

Циклдік алгоритмдер

Циклдік алгоритмдер бірнеше қайталанатын бөліктерден тұрады. Циклдік алгоритмдерді құру үшін мынандай операторлар қолданылады. FOR, REPEAT, WHILE.


Параметрлі FOR операторы

FOR операторы цикл параметрі өзінің алғашқы мәнінен соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгеру барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталау ісін атқарады.

Бұл оператордың екі жалпы түрі бар:


  1. for i:= n1 to n2 do <оператор>

  2. for i:= n2 downto n1 do <оператор>

мұндағы, for- оператордың аты, «үшін» болып аударылады; to- түйінді сөз (дейін); do- түйінді сөз (орындау); i- цикл параметрі санауға, реттеуге болатын типтегі айнымалы; n1, n2- цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндері; <оператор>- бірнеше рет қайталанатын оператор.
Pascal программалау тіліндегі бүтін сандардың типтері дегеніміз- әртүрлі диапазондардағы бүтін сандар жиынын белгілеуге арналған типтер.



Бүтін тип

Мәндер диапазоны

Жадының көлемі

Integer

-32 768..+32 767

2 байт

Longint

-2 147 483 648..+2 147 483 647

4 байт

Byte

0..255

1 байт


Мысал:

  1. ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табу керек, яғни мынадай қосындыны анықтау қажет:

Program Қосынды;

Var i, s: integer;

Begin s:=0;

For i:=1 to 100 do {цикл басы}

s:=s+i; {қайталану операторы}

Writeln (‘қосынды=’,s); {қосындыны жауапқа шығару}

End.



  1. есеп. N! (факториалды) есептеу алгоритмін және программасын құру керек. (1*2*3*.. N көбейтіндісі N факториал деп аталады. Факториал ! арқылы белгіленеді.)

Шешуі.

Алг факториал (арг бүт N, program_17; {Факториал}

нәт бүт F)

var і; n: integer;

басы бүт І f: longint;

енгізу N begin

write (бүтін сан енгізу n=’);

F:=1 readln (n);



үшін І бастап 1 дейін N f:=1;

цб for i:=1 to n do

F:=F*I


цс f:= f*i;

шығару F writeln (‘n!=’,f);

соңы end.

3 .
Program esep_1;

var x,S,AK:real; n:integer;

begin

writeln('x pen n engiz');



read(x,n);

S:=0; n:=1;

repeat

AK:=x+cos(n*x)/exp(n*ln(2));



S:=S+AK;

n:=n+1;


Until abs(AK)Writeln('S=', S:7:3, 'AK=', AK:6:3);

end.
X1=7 n1=5 S1=42.248 AK1=6.994.

X2=12 n2=54 S2=144.423 AK2=12.000.

X3=4 n3=10 S3=15.682 AK3=3.940.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет