Тақырыптың негігі сұрақтары: С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰму бейорганикалық дәрілік заттар



бет4/7
Дата20.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192024
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Амина Өмірзақ 2 сабақ

H2SO4*2O, H2SO4*2H2O, H2SO4*4H2O
VI топ: оттек,күкірт , сутек қосылыстар
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің алтыншы топ элементтері
Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажет:
ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін.
Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышқыл толтырылған стақанды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
VI топ: оттек,күкірт , сутек қосылыстар
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы ҚазҰМУ
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің жетінші топ элементтері
Хлор (лат. Chlorum, Cl) — өткір иісті сарғылт, жасыл түсті улы газ; тығыздығы 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С; Табиғатта екі тұрақты изотопы (35Cl мен 37Cl) бар.
Хлорды алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған (1774). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5102%. Хлор өте активті элемент, бос күйінде жанартау лавасында ғана, ал байланысқан түрінде тау жыныстарында, теңіз, мұхит, өзен суларында, өсімдік және жануарлар организмдерінде кездеседі. Байланыстағы хлор көптеген минералдардың: галит, сильвин, сильвинит, карналлит, т.б. құрам бөлігі.
Қалыпты жағдайда хлор — сарғыш жасыл, ерекше өткір иісті газ, тығыздығы 3,214 г/л, ауадан 2,5 есе ауыр, қайнау t –33,6С, балқу t –100,98С. Суда жақсы ериді. Хлор химиялық активті болғандықтан оның қосылыстары көптеген металдармен, бейметалдармен тікелей әрекеттестіру арқылы, ал оттек, азот, көміртек, инертті газдармен хлор қосылыстары жанама жолмен алынады. Хлор кальций гидрототығымен белгілі жағдайда әрекеттесіп, маңызды техникалық өнімдер (хлорлы әк, гипохлорит, кальций хлораты, т.б.) түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет