Тақырыптың өзектілігі:
Ырғақты қозғалыс үйірмесі - өскелең жас ұрпақтың әсемдік пен дене сымбатының дұрыс өсуіне ,өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезініп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Жұмыстың мақсаты: Музыкалық ырғақты би сабақтарында балалардың эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамыта отыра денсаулықтарын нығайту және артыру.
Жұмыстың міндеттері: Би арқылы бұлшық ет күші мен иілімділігін және төзімділік қабілеттерін жаттықтыру.Әуенге сәйкес ырғақ пен қимыл үйлесімділігінің көркем де мәнерлі болуын жетілдіру.