Тақырыптың өзектілігі: Ырғақты қозғалыс үйірмесі өскелең жас ұрпақтың әсемдік пен дене сымбатының дұрыс өсуіне,өз-өзіне сенімділігі мен ерекшелігін сезініп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. Жұмыстың мақсаты



бет3/5
Дата06.02.2022
өлшемі30,02 Kb.
#79298
түріСабақ
1   2   3   4   5
Мақсатқа жету жолдары:

  1. Ойын түрлерін жүйелеу

  2. Жалпы дамыту жаттығу кешенін құрастыру

  3. Би ырғақтарын іріктеу

  4. Конкурстар мен байқауларға қатысу

  5. Бағдарламаны құрастырып тудыру

Педагог міндеті:

  1. Баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру.

  2. Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерді қолдану.

  3. Жалпы ережеге, тәртіпке бағына білуге тәрбиелеу.

Түсінік хат


Жас адам өміріндегі өте жауапкершілікті кезеңдердің бірі, яғни осы жас шамалық кезеңде баланың денсаулығының негізі, ақыл ойы, психо-физикалық дамуы қаланып, оның жеке тұлғасы қалыптасады. Дәлірек айтар болсақ, бала өсіп дамиды сонымен қатар әуенге сай ырғақты би қозғалыстарына деген қажеттіліктері ұлғаяды. Ал музыка әуеніне қозғалу бұл би. Ырғақты би - бала үшін қозғалыс арқылы өз - өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Себебі мектеп жасындағы баланың сөздік қоры бай емес, сондықтан да бала өз сезімін, эмоциясын ырғақты би арқылы бейнелеп, қоршаған ортаға жеткізеді. Ал қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын. Қазіргі заманғы балалар биін мектепте өткізілетін әр түрлі іс- шараларда қолданудың тиімділігі, ол - балаларды музыкалық, психо-физикалық және эстетикалық тәрбие жағынан әр - түрлі әсерлі формаларды қолдана отырып, ырғақты би қозғалыстарын дамыту болып табылады.
Ырғақты қозғалыс арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді. Ол баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның рухани бейнесін қалыптастырады. Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік, шығармашылық мүсін ғана емес, баланы жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қоймай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді. Мысалы ішкі рухани жағдайы өзгеріп, мазасыздықты басып, қандағы кортизоль деңгейін жақсартып, жалпақ табандылық, омыртқа қисаю ауыруларын алдын алады сонымен қоса балалардың зияткерлік деңгейінің артуына, оның ойлау жылдамдығына ықпалын тигізе отыра есте сақтау қабілеттерін жақсартады.
Ырғақты қозғалыс балаларды эстетикалық құндылыққа тәрбиелейді, эмоцияналдық көңіл-күйін жақсартады. Өздеріңіз білетіндей біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің мінез-құлықтары әр түрлі ашық, шапшаң, белсенді болса ал кейбіеулері ұялшақ, қорқақ, ұяң балалар да болады дәл осындай балалармен ырғақты би сабағында балалардың тұйық мінезін ашып, көңіл-күйлерін жақсартып, өз-өздеріне «МЕН» деген сенімдерін арттыруға болады.
Біздің бүлдіршіндеріміз көптеген билерді үйреніп қана қоймай ұлттық салт дәстүрлерді тез қабылдайды.Қазақ халқы би өнері арқылы қайғы-мұңдары мен қуанышытарын би арқылы жеткізе білген. Әсем әуенді естігенде бойы елітіп би билегісі келмейтін жан болмас. Ырғақты би қимылын қабылдау ерекшелігін белгілі бір деңгейде, дайындық кезеңінде жас ерекшеліктеріне қарай анықтайды. 
Үйірме мектеп жасындағы балаларды ырғақты би қимылына және әуендік оқытуға дәстүрлі тәжірибенің қолданылуына бағытталған.
Сабақ аптасына бір рет өткізіледі. 
Бағдарлама үш бөлімнен тұрады атап айтар болсақ олар

  1. Ойын ритмика: жаттығуларды үйрету кезеңі және жеке қозғалыстар.

  2. Ойын гимнастика: жаттығуларды тереңдетіп үйрету кезеңі, ол би бейнесі.

  3. Ойын би : Жаттығуларды бекіту және одан әрі жетілдіру кезеңі толық би.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет