Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделде- те оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны бағалау кезінде оқушылар мен мұғалімдердің пікірлері ескерілді. Әдетте, оқушылар тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән тудырды.
Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және экстернат модельдерін қолдана алатындығын айтады. Ол үш түрлі өзгеріс енгізу негізінде Мейкер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:
мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);
қолданылатын әдісті өзгерту;
оқу жағдайын өзгерту.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жо- спарларын өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.
«Өзгертілген оқу бағдарламасы» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап етеді. Сондай-ақ, топтық жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылады. Бұл амалдың тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылуда.
«