Талантты және дарынды балаларға бағытталған өзгеріс енгізу стратегиясының бірі оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде өтетін оқудың күрделендірілген бағдарламасын ұсыну болып табылады.
Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін. IGGY жобасы соған үлгі бола алады, бұл орта мектеп оқушыларына арналған кеңейтілген оқу бағдарламалары желісін ұсынатын жоба. Балаларға сайтқа кіру ұсынылады, бұл сайтта мұғалімдер тапсырмаларды күрделендіруге және міндеттерді қоюға көмектеседі.
«Ерекше әлеует» таныта білген 11 жастағы әртүрлі мектеп балалары археология бойын- ша тапсырмадан тұратын күрделендірілген жобаға шақырылды, ол «Солтүстік Сомерсеттегі
Хилл Форттағы темір ғасыры» тақырыбында дарынды және талантты балалармен жұмыс»
мақаласында сипатталған (Dauban and Crossland, 2009). Балаларға құрбыларымен қарым-
қатынас жасап, құрбылары қойып отырған мейлінше кеңейтілген тапсырмаларды шешуге мүмкіндік берілді, соның көмегімен олар өздерінің білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтере алар еді. Олар кәсіби археологпен жұмыс істеп, оларға қиял, шығармашылық, проблемалар- ды шешу, дедукция, дедуктивті және логикалық ойлау, сонымен қатар әлеуметтік, вербалды және таныстырылымдық дағды сияқты жоғары зияткерлік қабілеттердің толық тізімін дамыту қажет болды.
Орта мектепте өткізілген тағы бір жағдаяттық зерттеуге 11–18 жас аралығындағы 430 оқушы қатысты. Олар жергілікті университеттерде, жергілікті ғылыми орталықтарда бол- ды және университеттің оқу курстарына қатысты, сонымен бірге оларға тұруға орынжай беріліп, болашақта ұлттық ғылыми жарыстарға, мектептегі ғылыми дәрістер мен ғылыми үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалды. Сауалнама мен сұхбат түрінде өткізілген жауап алу нәтижелері оқушылардың күрделендірілген тапсырмаға қатысуды, белсенді оқу үшін жасалған мүмкіндіктерді, нағыз ғалымдармен кездесіп, олармен жұмыс істеуді ұнатқанын көрсетті.