«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Худайбердиева Маржан үйден оқыту бойынша І жартыжылдыққа өзіндік талдауы



Дата11.05.2020
өлшемі11,88 Kb.
#67233
түріСабақ
Байланысты:
000642bb-bf97bb72


«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Худайбердиева Маржан үйден оқыту бойынша І жартыжылдыққа өзіндік

талдауы.
2016-2017 оқу жылында үйден оқыту бойынша 1 б сынып оқушысы Несіпбек Гүлнұрға сабақ беремін.Тақырыптық күнтізбелік жоспар мүмкіндігі шектеулі оқушының медециналық көрсеткіші мен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып барынша жеңілдетіліп жасалды.Оқу бағдарламасы толық орындалды.Оқулықтағы негізгі мәселерді басшылыққа ұстап,пәндер бойынша жасалған күнтізбелік жоспарларға негізделе отырып,сабақ жоспары жеңіл түрде құрылды.

Оқушының тіл байлығы жоқ,қаламды кішкене ұстайды сосын лақтырады.Сабақты бастамас бұрын сергіту жаттығуын орындаймыз,сабақ кезінде орысша ән қосылып тұрса сабақта жақсы отырады.Ән қосылып тұрмаған кезде мазасы қашуға бастайды,көңіл күйі түседі,сабақта дұрыс отыра алмайды.Математика сабағында ойын методикасын қолданамын,Гүлнұрға сабақ кезінде ойнағаны ұнайды.Сауат ашу пәнінен әнді қосып,ертегі терапиясын қолданамын.Қол еңбегінен кішкентай тақтайда суретті салуға тырысамыз.Айналадағы әлем пәнінен үлкен суреттерді көрсетіп әңгімелеймін



Гүлнұрға үлкен суреттерді қарауды,ән тыңдауды,теледидар көруді,билеуді жақсы көреді,және ойын ойнауды ұнатады.

Өзімнің білімімді жетілдіру үшін үнемі ізденіп білімімді толықтырып отырамын.Оқу жоспары бойынша барлық бағдарламаларды өткіздім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет