1. Семей Ет Комбинаты — тамақ өнеркәсібінің байырғы кәсіпорны. 1937 — 38 ж. шұжық және консерві зауыттары ретінде іске қосылған. КСРО бойынша үшінші орында болған кәсіпорын 1944 ж. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде комбинат жекешелендіріліп, әр жылдары “Сары Арқа”, “Сұңқар”, “Руц” деген атаулармен жұмыс істеп тұрды. 2001 ж. қараша айынан жұмысын тоқтатып, банкротқа ұшырады. 2004 ж. “Никаинвестмент” инвесторының қаражатымен жаңа құрал-жабдықпен жарақтанған консерві және шұжық цехтары іске қосылды. Комб. күніне 35 мың дана консерві қалбырын, 20-дан астам шұжық түрлерін, тартылған ет, тұшпара шығарады. Кәсіпорында 368 адам еңбек етеді.
Ет өнеркәсібі тамақ өнеркәсібінің ең ірі саласы болып табылады. Қазақстанның барлық экономикалық аудандарында ет саласының дамуы мал шаруашылығының бүкіл территорияда біркелкі таралған. Салада 40- тан астам ірі ет комбинаттары бар - Семей, Петропавл, Алматы, Орал, Семей , Өскемен , Риддер , Аягөз , Зырян қалалары және Приозерное қала типтес елді мекенінде орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында алғаш рет ирандық инвесторлардың қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Ет комбинаты тәулігіне 60 тонна ет экспорттауға қауқарлы. Бұл туралы Оңтүстік қазақстан облысы баспасөз қызметі хабарлады.Мұнда тәулігіне 3000 бас ұсақ мал мен 200 бас ірі қара сойылып, әзірленеді. «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты бұл жобаны Иран Ислам мемлекетімен бірлесе бастап отыр. Бұл серіктестіктің ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Иран Ислам Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза қатысты.Комбинат көлемі 15 га құрайды. Оның 2000 шаршы метрден астам аумағы өндірістік құрылымға негізделген. Кәсіпорын толық қуаттылығына шыққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріп, жергілікті 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Комбинат германиялық технологиямен жабдықталған. Жобаның инвестициялық құнының 75 пайызын ирандық инвесторлар салған. Күніне 60 тоннадан астам экологиялық таза ет Иранға экспортталады.