Байланысты: acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы
4. Контакттық тәсіл Бұл кептіру тәсілі материлға жылуды кептіргіштің ыстық бетімен түйісу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауа кептіргіште буланған ылғалды мұнарадан шығару үшін қолданылады, яғни ылғал жұтқыш болып табылады.
Материалдың әр түрі қабаттарында температура әр түрлі: ең жоғарғы температура қыздырғыш бетімен түйісетін қабатта болады, ең төмен температура - сыртқы қабатта.
Кептіру процесінде ылғалдың үлесі біртіндеп қыздырғыш бетімен түйісетін қабаттардан өнімнің сыртқы қабаттарына қарай ұлғаяды.
Қыздырғыш беті температурасы 100°С-ден астам судың буымен жылытылады, сондықтан материалдың ыстық бетпен түйісетін қабаттарының температурасы осы температураға дейін көтерілуі мүмкін. Нәтижесінде дайын өнімнің сапасы төмендейді.
Контакттық әдіспен тағам өнімдерін кептіру вальцовый кептіргіш қондырғыларында жүзеге асырылады. Бұл қондырғыларда өнім қызу жазық немесе цилиндр түріндегі бетпен тікелей түйіседі (конттактте болады).
Инфрақызыл сәулелермен кептіру Өсімдік тектес тағам өнімдерін кептіру үшін қысқа толкынды (толқын ұзындығы 1,6-2,2 мкм) инфрақызыл сәулелер қолданылады.
Бұл тәсілмен кептіру кезінде материалға конвективтік тәсілмен кептірумен салыстырғанда 30-70 есе қуатты жылу ағыны беріледі.
Сублимациялық тәсілмен кептіру Бұл тәсілмен кептіргенде алдымен өнімді минус 25 градусқа дейін мұздатады, содан соң жылу беріп қыздырады. Бұл жерде мұзға айланған су бірден буға айланып ұшып кетеді (сублимация процесі). Қыстың күні жуылған кірді кептіру сублимациялық тәсілдің мысалы болып табылады.