Эмульгатарларды тағам өнімдеріне қосқан кезде екі немесе одан да көп араласпайтын заттардың біркелкі дисперсиясын сақтауға және қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тағамдық эмульгаторлардың негізгі түрлері – ионогенсіз беткейі белсенді заттар. Цвиттер-ионды лецитин мен анионактивті лактилаттан басқалары.
Тұтынушы тағамдық өнімдерді бағалау кезінде ең бастысы дәміне және хош иісіне назар салады. Тағамдық өнімдердің дәмі мен иісі бірнеше факторлармен анықталады:
1. Шикізаттың құрамы, ондағы белгілі дәмдегіш компоненттердің болуы.
2. Дайындау барысында арнайы қосылған дәмдегіш қоспалар: тәтті дәм бергіштер, эфир майлары, хош иісті заттар, ас тұзы, қышқылдар және т.б.
3. Тағамдық өнімдерді алу барысында түрлі факторлардың әсерінен өтетін химиялық, биохимиялық, микробиологиялық үрдістердің нәтижесінде қалыптасатын және дайын өнімдердің дәмі мен иісіне әсер ететін, кейде анықтайтын заттар.
4. Дайын өнімдерге арнайы қосылатын қоспалар (тұз, қант, тұздық т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: |