Мазмұны
Кіріспе
I.Технологиялық бөлім
1.1 Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы
1.2 Тұтынушылардың санын есептеу
1.3 Тағамдардың санын анықтау
1.4 Есептеме мәзір
1.5 Әр сағатта таратылатын тағамдар саны
1.6 Құрал – жабдықтарды есептеу
1.7 Қойма бөлмелерінің есебі
1.8 Қойма бөлмелерінің ауданының есебі
II. Еңбекті қорғау
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қоғамдық тамақтандыру типі және мамандануы бойынша ажыратылатын өндірісті ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету бірлігімен ерекшеленетін кәсіпорындардан құралған халық шаруашылық саласы болып табылады.
Қоғамдық тамақтандырудың дамуы:
-техниканы,шикізатты,материалдарды рационалды қолдану салдарынан қоғамдық еңбектің біршама үнемделуін қамтамасыз етеді;
-жұмыс күні бойы жұмысшылар мен қызметкерлерге ыстық тағаммен қамтамасыз етеді,бұл олардың жұмыс қабілетін арттырады,денсаулығын сақтауға ықпал етеді;
-балаларға арналған және оқу орындарында теңгерілген рационалды тамақтануды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.
Қоғамдық тамақтандыру еңбек және материалды қорларды тиімді қолдануға мүмкіндік береді,өнімділіктің артуына және еңбекті жақсы ұйымдастыруға ықпал етеді.Сондықтан халықтың тамақтануын ғылыми түрде ұйымдастыру керек.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны қызмет көрсету контингенттеріне, өндірістік сипатына, шығарылатын өнім ассортиментіне, көлеміне және қызмет көрсету түріне байланысты классификацияланады.
Оның негізгі түріне жататындар: жартылай өнім комбинаттарында дайындау фабрикалары, дайындау фабрикалары, дайындау асханалары, жартылай өнім шығаратын арнайы цехтар, асханалар, мейрамханалар, кафе, буфет, сусын сататын арнайы кәсіпорындар, түскі асты үйге жіберетін кәсіпорындар, басытқыхана. Соның ішінде басытқыханаға тоқталайық.
Басытқыхана – дайындалуы жеңіл тағамдармен тұтынушыларға жылдам қызмет көрсетілетін кәсіпорын.
Басытқыхананың ассортименті – салқын және ыстық тағамдар, жаппай сұраныстағы басытқылар (сосискалар, шұжықтар, тұшпара, варениктер ) сонымен бірге сусындар ( шай, кофе ). Басытқыханаларда өзін өзіне қызмет көрсету әдісі қолданылады. Тұтынушылармен есептесу (тағамдарды таңдаудан алдын немесе кейін ) кәдімгі кассамен, карточкалармен, бақылау кассалық аппаратарымен жүзеге асырылады. Басытқыханаларды адам көп жүретін жерлерде орналастырады.
Басытқыханалар бөлінеді:
- құрамы және қоймалардың тағайындалуы бойынша (тұрақты және жылжымалы);
- мезгілге байланысты (маусымдық және циклды );
- шығарылатын тағамдар ассортиментіне байланысты (жалпы түрде және арнайыландырылған (тұшпарахана, пиццерия, құймақхана, шұжықхана);
- орналастыру жері бойынша (вокзалдарда, спорт объектілерде, кемежайларда, бөлек тұрған ғимараттарда, тұрғын үй ғимараттарында)
Достарыңызбен бөлісу: |