Жұмекең.
Қай газетке?
“Социалистік Қазақстанға”, - деп аға телефонды колына алды.
Газеттің атын естігенде құлағым елең ете түсті. Өзім бірер данасын майданға ала кеткен газетім осында шығады екен ғой. Онда Асылдың жұмыс істеуіне де күмэндімін. Телефон трубкасын ұстап тұрған Жұмекең:
Ләзеке, ол сары қыздың аты-жөні кім еді, иә, иэ, ендеше дэл өзі, - деп, ол кісіге менің кім екенімді айтты да, мэз болып күліп, мені кұшақтай алды.
Иә, не болды?
Келін табылды. Осында жіберемін деді Ләзекең, - деді. Ләзекең деп тұрғаны Әбу Сәрсенбаев ағамыздың жұбайы Ләззат апай екенін кейін білдім. Осы күннен бастап сүйікті газетім қолыма қайта тиді. Енді Асыл осы газетте әдеби қызметкер болған соң, редакцияға екі күннің бірінде барып, сонда қызмет істейтін Хамит Ерғалиев, Мұкан Иманжанов, Байдабек Әлімжанов, Зұфар Айтмағамбетов, Қаби Мыңжанов сияқты қаламгерлерге бауыр басып кеттім.
Ол кезде осы газетті ұйымдастырып, оның беттерінен халыкка білім шашып отырған аяулы ағартушы ағаларымыз басқарған осы сүйікті газетіміз еліміз егемендік алған соң, “Егемен Қазақстан” атанды. Осы газеттің редакциясынан талай жазушылар, адуынды журналистердің каламдары шыңдалып шықты. Бұл газетте қызмет істемеген, еңбектері шықпаған жазушылар, ақындар, журналистер кемде-кем шығар.
“Егемен Қазақстан” - бүкіл газет атаулының көшбасшысы. Идеологиямыздың жаршысы. Газеттің бұрынғы сарғайған беттерінен замана шежіресін окимыз. “Егемен Қазакстан” - өзінің эр окушысының камкоршысы, алдағы арманына жол сілтер ақылшысы. Аға газет эр отбасында болады деп сенемін.
“ПАРТИЗАН” ЖАНРЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРІ
Бұл күні біз өзі қай заманда өмір сүріп отырғанымызды білмей кеттік қой. Қазіргі Қазакстаныңыз элгі феодализмнен бастап, социализм, жабайы капитализм дегендердің бірінің қара қазанына айналды-ау деймін. Мұны және “өтпелі дэуір" деп атап жүрміз. Өтпелі дэуіріңіз, әсіресе, қазақ ұлтына қатты тиіп түр. Өйткені “социализмде сэңіреңдеп, коммунизмде қалпағымызды шекелеп киеміз” деп, қатты сенген ұлт біз едік. Шынымды айтсам, сөйтіп ойлагандардың бірі тақ мен өзім едім.
Ал мына капитализміңіз эрі жайбасар, эрі әсершіл қазақтың “шляпісін” шыркөбелек айналдырып жіберді. “Рухани дүниеміз күйзелді” деп күнде айқайлап жатырмыз. Қазақ ұлтына барын бар, жоғын жоқ деп айтып, бағыт-бағдар сілтейтін адам азайды. “Балапан басымен, тұрымтай тұсымен” деуші ме ек мұндайды? Кітап шығару ондаған есе азайды, өнер де өлімсірегендей. Газет-журналдар да осының кебін құшуға таяу. Теледидарыңыз түгелге жуық орысша сайрайды. Мұндайда элі ¥лы Отан соғысы жылдарындай-ақ кәдімгідей ширығып. қатты кіжінетінім бар.
Кейінгі кезгі баспасөзді ақтарып отырып, өстіп “ашуланып" жұретін балаларымның да бар екенін байқап қаламын. Соның ішінде Марат Қабанбай деген автор газет беттерінен эр апта сайын “эу!” деп қалып жүр. Сол жазушы, журналист баланын 1993-94 жылдары жазып-сызған публицистикалық мақала- лары өткен жылы “Қазақстан” баспасынан жеке кітап болып жарық көріпті. Атын да “Қазақ қайда барсың?” деп, “қатырып” қойған екен.
Сонда бұл жазушы, журналист баламыз не дейді? Ылғи да бүгінгі қазақты қинап тұрған мәселелерді қозғайды - менің ұққаным сол. Оны осы кітапта жарық көрген мақалалардың аты-ақ айтып тұр. Мәселен, “Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің күні не болады?”, “Тайқазан, яки ошақтың үш бұты”, “Еуразия одағы, кім мысық, кім тышқан?”, “Бұл зиялы - қай зиялы?”, “Үндемеген - үйдей пәле!”, “Шенеуніктер шеру тартып барады”, “Блат, қайда барсаң?”, “Қазақта бір ру бар алқаш деген”, “Ақмолаға көшкін ағайын!”, Абай жэне атүстілік” т.т. Қысқасы, республикамызда соңғы жьшдары болып жатқан сан топыр қоғамдық оқиғалар мен құбылыстарға қалам тартпағаны қалмапты. Оның үстіне капитализм “қарғып”
устіне шығып алып, ұпайынан айрылып жатқан қазақ жұртына ара түсіп, “шырылдап” қалам тартады. Тіл, көші-қон, зиялы деген кім өзі, рушылдық, үрлық-қарлық, аспанға қараған шенеунік, ұлтымызды тоздырып бара жатқан маскүнемдіктен бастап, халықаралық оқиғаларға бір-ақ шығады. Оның үстіне біліп сөйлейтіндігінен бе, мэселені нақты, қысқа да нүсқа қояды. Ұлтына арқасын тіреп алып, үлкен, кішімізді аямай сынайтыны да бар. Бұл тұста тіпті биліктің үш бұтағының басы- қасында отырғандарды да қалам ұшына іліп жібереді. Мүндай батылдықтың өзі білгендіктен шығып жатады ғой.
Осының ішінде маған өте-мөте қатты үнағаны - “Шенеуніктер шеру тартып барады...”. Бүл мақаланың құрылымы да қызық. Маратымыз әңгімені сонау соғыс соңынан ала қазақ ауылында болып өткен жойдасыз сойқан оқиғамен бастапты. Ауданға келген өкіл, жегіш үжымшардың бастығы, милициясы бар, атау кересіне тойып алып, бір ауылдың көзге ілігер қыз-келіншектерін қораға қамап қойып, шеттерінен, тіке айтуға ауыз да бармайды, күш көрсетеді ғой. Бүл төбе шашты тік тұрғызатын оқиғаны Марат неге қайта жаңартып, пілтелеп отыр? Өзінше журналистік қулығы. Иә, сонымен не айтпақ болыпты автор? Кеңес системасымен, соның “бүйрықпен тағайындау” деген созылмалы ауруымен қоса өмірімізге жабысқан шенеуніктерді эшкерелеу! Тіпті бір жерінде, 70-ші бетінде-ау деймін, “Әлгі көріңце өкіргір бұқа бастық бастаған белсенділер, уэкіл, милиция сол кездің шолақ шенеуніктері де, қыз-келіншегіңіз корғансыз қалған қара халык кой. Шенеунік едіреңдеген, бүқара халык табан астында жаншылған сол жағдай, сол қалып тап қазір түк өзгерген жоқ дегенге сенесіз бе?” деп жіберіпті. Баяғы заман болса, Ібір-Сібірге айдалып кететін. Қазіргі күнде шөміштен мықтап қағатын-ақ сөздер!. Бірақ автор хирургтың скальпель пышағындай-ақ қоғам тәнін тілгілеп, неге олай екенін дэлелдеп беріпті. Мараттың дәлелдеуінсіз-ақ жекешелендіруді жамылып, халық байлығына бас-басына бөліп экетіп жатқан ондай мысалдарды күнде- күнде көріп жүр емеспіз бе. Ал, жарайды, мұны көрсету қиын емес, ал шенеуніктердің бармак басты, көз кысты пара алу ынан құтылудың қандай жолдары бар, автор осыны нүсқай алып па? Көрші Қытай, Өзбекстанға сілтеме жасапты. Яғни “Адамзат тарихында алғашқы шенеунік Қытайда пайда болған, сондықтан ол ел пысық, іскер, алпыс алты әдісін де білетін. Шенеуніктердің жегенін желкесінен шығарып, халық алдында
тік тұрғызып атты. Көшеде катаң тэртіп орнатты. Ана бір жылы тентек студенттерді Пекиннің орталык алаңында сабап салып. әлемді бір шулатып еді, әйткенмен біз мұндай алып елді солай ұстамаса болмайтынын тез-ак түсіндік”. Көңілге конатын сөз, өйткені ату-асуын баска бермесін, калғандарын аяусыз қолдану керектігін түсініп те калдық, қолданып та жатырмыз.
Оның эр мақаласы өстіп окыс басталып, окырманды тез баурап экетіп, коғамдык құбылыстың диагнозын дэл койып, оған қарсы ем-домның рецептін де жазып тастайды. Онысы кейде дұрыс та болмай шығатын шығар, ондай дэлдікті біз журналистерден талап ете алмаймыз да, ондай рецепті жазып, коғамды емдейтін биліктің үш бұтағы болып табылады. Бірақ автор дегеніне жетті - биік кабинеттерден бастап, кара халыктың ойын түрткілеп оятты, ой қозғады. Ал одан қоры- тынды шығару бізге байланысты. Шығармасақ, өз обалымыз өзімізде.
Содан соң аталмыш кітаптың тағы бір кұндылығы - тілінде, сөз саптасында. Біздің казак тілі ұлтымыздың мінезіндей кең де бай ғой. Кеңес заманында орыс баспасөзінін тілін қазакшаға аударамыз, солай жазамыз деп, өз баспасөзімізді тілін “подстрочник” тілге айналдырып алғанымызды білмей де қалдық. Қазір кейбір казақ мақалаларын, әсіресе ғылым төңірегіндегі автордың “лебіздерін” окығанында, тілің неше жерден сынып, аяғына дейін шыққанша кара терің шығады. М. Қабанбай бұл тұстарда еркін, батыл, орып-орып айтады. Мұның тілі - элгі “подстрочник” те емес, ауыл қазағының қарабайыр тілі де емес, екеуінің тэуір-тэуір касиеттерін жинаған, жинакы да ұтқыр тіл. Көркем эдебиет элементтерін де орынды пайдаланды. “Тіл” деген айналайынның кұрал- сайманы кол астында жатқанда, қай мәселені болсын дөңгелетіп экетіп, сойып-сойып айтып, қазақшалап айтсак, атқа камшыны басып-басып жіберуге болады ғой. Автор осы үдеден шыға білген қаламгер.
Тоқ етері, мына кітап қазак публицистикасына соны үн, онды бояу, кесек-кесек қоғамдык ой айтуымен кұнды. Ұлтымыздын біресе жығылып, біресе тұрып, тәлтіректеп келе жатқан мына қиямет калпын көз алдыңа дэл келтіріп, шама-шаркы келгенше жол сілтейтін кітап. Қазак публицистикасына соңғы кезде осы төңіректе калам тербейтін саусакпен санарлыктай автор қосылып еді, соның бірі де бірегейі осы Марат Қабанбай деп білемін. Және: “Осы тар жол, тайғақ кешу тұсында осындай
^ігіттердің саны неге аз?” дегенде, ашығын айтқанда, қан
5кьілаймын.
Публицистика дегеннің өзі жанып тұрған “партизан” жанр ғой. Украина ормандарында фашистерден біресе қашып, біресе куалап күн кешкен менің де ондай партизандығым кей- кейде үстап кетіп, бұл жанрға жақынырак жүруге тырысамын. Ондай “партизандар” болса, тізімге қосып қоямын. Сол себептен де осы жинақ туралы аз-мұз қалам тербедім. Бүл жігіттің басқа кітабы ұсынылған екен мемлекеттік сыйлыққа Қазакстан Мемлекеттік сыйлығын беруге әбден лайык - кітап мына “Қазак, кайда барасың?”.
ЕРТЕҢІМІЗГЕ СЕНЕМІН
Мың өліп, ерлігімен мың тірілген батыр халкымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік туын тіккеніне бес жыл болыпты. Бұл тарих таразысымен өлшегенде, көп уакыт емес. Біз қуанышы да мол, қиындығы да қисапсыз өтпелі кезеңде тұрмыз.
Бүкіл қоғамда болашақта ұлтсыз мемлекет құрмақ болып ұлт саясатында ұлтаралык наразылык туғаны да рас. Империялық саясат ұлт республикалары шекараларын шатастырып кеткені де шындык. Міне, осы тұманды бұлдыр кезеңде жазатайым баспас жол табу керек болды. Енді Абылайлап алға шығып Ел бастар көсем, халайықты ұйытып соңынан ертер шешен керек еді. Осы тар жол тайғак сәтте Елбасында, халық қасында Нұрсұлтан Назарбаев болғаны - зор бақытымыз. Тарихымыз таразысындағы бес жылғы аз мерзімнің өзінде жетістігіміз елеулі. Ол жоғарыда айтылған килы күрделі де ауыр жағдайдан аман алып шықты. Құдайға шүкір, сыртқы саясатга оң кадам болып, Қазақ елін бүкіл әлемге танытты. Бар элемнің басын косып отырған Біріккен Үлттар Үйымына мүше болдық. Жүзден аса мемлекеттер біздің елді мықты да сенімді мемлекет деп танып, қарым-қатынас жасап отыр. Ішкі саяси жағдайымыз да жақсы. Ең бастысы - ел тыныш. Біз сияқты егеменді ел болдық деген көршілес республикалардың басым көпшілігінде кантөгіс ұрыс-кағыс болды, элі кан төгіліп жатыр. Елімізді мекендейтін жүзден астам ұлт-ұлыстар туысқандық келісті өмір сүріп жатыр.
Қазіргі қиыншылықты да жеңерміз. Еліміздің өркениетті елдер қатарында дамитынына сенеміз. Осы тэуелсіздік алған
бес жылдық қуанышты мереке кезінде осы егемендікті аңсап, тәуелсіздік үшін айкаста бас имей, ешбір ымыраға келмей. күрбан болған арғы бабаларға, арыс ағаларымызга, Желтоқсан окиғасы кезінде, құрбан болған каһарман батырларымызға бас иеміз!
Елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілейік. Достық сапында тізе қосып жүрейік.
Тәуелсіз Казақстан Республикасы жасай берсін!
ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІМ АЙТАМ...
Менің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, партизан отрядын басқара жүріп, Украинаны фашист баскыншыларынан азат етуге үлес косқанымды көзі қарақты оқырмандар жақсы білуге тиіс.
Украинада былтыр өткен қазак мэдениеті мен әдебиетінің онкүндігі кезінде Ұлы Отан соғысының Киев қаласындағы Орталық мүражайының директоры “Днепр - река героев" деген кітапты ескерткіш ретінде маған тарту еткен еді. Бұл кітапты бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігінің архиві шыгарған екен. Міне, осы кітаптағы, сондай-ақ соғыс тарихы туралы жарыкка шыккан баска да еңбектердің деректеріне сүйене отырып, сол кездегі киянат-эділетсіздіктердің аз болса да, бетін аша кетуді жөн көрдім. Әрі Днепрден ерліклен өткен 27 қазақ батыры жайында сыр толғай кетуді де борышым санадым.
Иә, 1996 жыддың казан айының ішінде Украинада казак әдебиеті мен мэдениетінің онкүндігі өтіп жатты. Осы күндердін бірінде украиндықтар қазақстандык қонақтарды каланы аралатып, тарихи жерлерін көрсетуге шакырды. Мен каланы жаксы білетіндіктен, конак үйінде қалып койдым. Ертеңіне елге кайтатын болғандықтан, кешкісін сондағы кандыкөйлек ескі достармен телефон арқылы сөйлесіп, қоштасып жатқанымда Ғабиден Құлақметов келді. Еабиден деп отырғаным - Жазушылар одағы хатшыларының бірі, өзімнің бастығым.
- Біз бүгін осындағы ¥лы Отан соғысы мұражайында болдык. Сізге байланысты суреттер, кітаптарды көрсеткен соң: “Ол кісі біздің делегация күрамында келген дегенімде мұражай директоры ол кісіге жолығуым керек, кімге барамын дегенді айтты” деді Ғабиден. Айтқанымдай, кешке мұражай
яиректоры келді. Өзі генерал-лейтенант шеніндегі әскери адам екен, аты-жөнін А. С. Артемов деген еді. Амандыктан сон менін бір-екі кітабымды алдыма қойып, мұражай атына колтанба жазып беруімді өтінді. Музейде менің суреттерім, тағы баска кітап-құжаттарым бар екенін айтып: “Сізге мына бір кітапты ескерткішке ала келдім” деп, кетерінде бір кітап беріп кетгі. Мұражай тарихы туралы кітап шығар деп шамаданыма салып ала келген едім. Біраз күн өткен соң колыма алып карасам: “Днепр - батырлар өзені” деген кітап екен, аты мені елен еткізді. Өйткені осыдан 54 жыл бұрын, дәлірек айтсам, 1943 жылдың қыркүйегінің 21-інен 22-сіне қараған түнінде өз отрядымдағы 120 партизанға Қызыл Армиядан төрт-бес жүздей жауынгер қосып алып, қантөгіс соғыспен өзеннің оң жак биік жағасына жау шебін бұзып өткен едім. Ондай алып өзен үшін айқасты ауызбен айтып жеткізу қиын еді. Өйткені Қызыл Армияның жойкын шабуылына айлакерлікпен тосқауыл, бөгет жасамақ болған фашист армиясы асығыс шегініп, стратегиялық жағынан жайлы Днепрдің биік таулы оң жэне батыс жақ жағалауына бекініп алып, өзеннің біз орналасқан сол жақ аласа эрі тегіс жағалауын зеңбірек, пулеметтерімен атқылап, аспаннан жүздеген ұшақтар легімен үздіксіз бомбалап, тіпті өзен суын шайқалтып арнасынан шығарып жатқан. Жау армиясын тез жүретін танкілермен, бронемашиналармен асығыс, өкшелей куып, Днепрге жеткен Қызыл Армияның өзеннен өтетін өткел- жабдықтары жок болатын. Днепрдің оң жағалауынан сол жағалауына қанды қырғынмен өтіп үлгірген Чапаев атындағы партизан құрамасынан тығырыкка тірелген Қызыл Армия өзеннен өткізуге көмек сұрағанда, партизан қүрамындағы 5 отрядтың ішінен мені ғана отрядыммен жұмсаған болатын. Сол өзім басұарған бес-алты жүз адаммен 22 қыркүйекке қараған түні қол кайықтармен арнасынан асып жатқан өзенге түскенбіз. Арғы бетке сол адамдардың жартысы ғана аман жетті. Қалған күшпен Григорьевка, Зарубинец, Луковиц селоларын басып алып, шағын тау жоталарына шыққанымызда көзіме жүз шақты жауынгер ғана түсті. Бұл селолар таудың жылға-жылғалы бөктерлеріне орналасқандықтан, жау танкілері мен бронемашиналары бір-бірінің жолын бөгеп, аяқтары тұсалып, танкілерге қарсы колданылатын біздің гранаталарымыз бен жанармай қүйылған шишаларымыздың астында өртке оранып, олармен коса жау солдаттары мен офицерлерінің жаны жаһаннамға аттанып жатты. Оның үстіне менің партизандарымның біразы осы
селолардың тұрғындары еді. Олар жер жағдайын жақсы білетіндіктен, біздің жеңісімізді еселей түсті. Днепрдің сол жағалауынан байланысшылардың алып келіп жалғаған сымды телефонынан маған үлкен командирлердің бірі: “Днспрге өткел салып өтіп жатырмыз, күндізгі сағат бірге дейін жау шабуылына төтеп беріңдер!” деген бұйрық берді. Бірақ жау шабуылы үсті-үстіне үдей түсті. Жауынгерлерім де сиреп калған. Әсіресе эуе шабуылы бізді бас көтертпей жаныштап. бекінісіміздің астаң-кестеңін шығаруда (Бұл селоларды талай аралап, астыртын үйымдар ұйымдастырып, эр үйді өз үйімдей көріп кеткен маған: “Осы жердің топырағын жамылып қалатын шығармын” деген ой да келетін). Сағатым дүрыс көрсетсе, сағат бірге дейін отыз шамалы ғана адам калып едік, онан кейін не болғанымызды білмеймін. Неше күн өткені де есімде жоқ. Кейін армияның дала ауруханасында есімді жиып, тірі қалған оншақты жолдастарыммен табыскан едім. Сөйтіп осы селоларды армиямыздың негізгі күштері өткенше үстап түрып, ¥лы Отан соғысында белгілі болып, тарихта қалған “Букрин плацдармы” осылай басталып, Украин астанасы Киев қаласын жаудан азат етіп, батысқа бет түзеуге үлесімізді косқан едік.
Енді қолыма түскен кітапты окып отырсам, 117-бетінде “Захватом участка у сел Григорьевка Зарубанцы было положено начало боями за создание букринского плацдарма” делініпті. Бұл дүрыс, шындық деймін оқып. Енді сол бетте “Форсировать Днепр ему помогали партизаны соединения имени Чапаева” делінген. Ол да дүрыс. Онан ары “Советское государство высоко оценило боевую деятельности переяславских партизан. Много из них были награждены орденами и медальями СССР. Командиру десантной партизанской группы А. В. Тканко было присвоено звание Героя Советского Союза, а командир соединения И. К. Примак награжден орденом Богдана Хмельницкого III степени’ деп жазылыпты. Бүл әрине, ешбір шындыкка жанаспайды. Бұл екеуі осы аталған өткелде болған адамдар емес. Біреуі - Примак менің тікелей бастығым, мені өткелден өтуге, Қызыл Армияга болысуға тапсырма берген партизан кұрамасының командирі. Оның Пологивергуни селосындағы өз штабында отырып, Орталық Украина партизан штабына есеп-қисап (отчет) жазудан қолы босаған жоқ. Ол Богдан Хмельницкий орденін алса, өзінің жау тылында партизан құрамасын кұрып, оны ерлікпен, білгірлікпен басқарған алғашқы жылдардағы алған түңғыш ордені болатын. Ал Тканко Григорьевка түсындағы мен болған
өткелде болған адам емес. Бұл өткелден өткен партизандардың бірде-бірі орден не медаль алған жоқ. Жайы келсе, алғыс естуге щамамыз келген жок. Бомбалар астан-кестең еткен топырак астында калған біздерді өлгенімізді өлідей, есеңгірегендерімізді еС_түссіз жатқан қалпымызда тауып алса керек. Соңынан өткелден бізді қайығымызбен өткізген Петухов, Иванов, Сыслотяни сиякты 4 солдат Батыр атағын алды дегенді естідік. Партизандар ескерусіз, елеусіз қалған болатын.
Ал осы Днепрден өту жөніндегі оқиғаның ізі суытылмай жазылған Киев қаласындағы орталық архивтен көшірмесі алынған мынадай құжат менің қолымда осы күнге дейін сактаулы. Онда былай делінген:
“Архивтен көшірме.
“Из выводов о боевых действиях партизанского соединения №8 им. Чапаева.
...5. Был послан 3-й отряд в количестве 120 человек, командир тов. Кайсенов, комиссар Гриненко, который захватил прибережные села: Григорьевку, Луковицы и Зарубиницы и удержал до прихода крупных сил Красной Армии.
Отряд в бою по удержанию плаццарма на правом берегу р. Днепра потерял убитыми 18 человек.
Достарыңызбен бөлісу: |